• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді

Фото:Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы

Алматы. 15 қазан. Ақпараттар орталығы - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарына жұмыс сапары аясында көлік инфрақұрылымы жобалары – «Өскемен-Талдықорған», «Қалбатау-Майқапшағай», «Үшарал-Достық», «Қарағанды-Балқаш-Қапшағай», «Меркі-Бурылбайтал» автожолдары  жобаларының іске асырылу барысын тексерді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы.
Ұзындығы 768 шақырым болатын (Шығыс Қазақстан облысының аумағы бойынша – 454 км, Алматы облысының аумағы бойынша – 314 км) «Өскемен-Талдықорған» автожолын салу жобасы бойынша Үкімет басшысына негізгі жұмыстардың аяқталғаны және жыл соңына дейін автомобиль қозғалысының ашылатыны туралы баяндалды. Ұзындығы 415 шақырымға созылатын «Қалбатау-Майқапшағай» тас жолын реконструкциялау жобасы бойынша 127 шақырым жолда қозғалыс ашылды, жұмыстарды 2022 жылы толық аяқтау жоспарланған.
«Үшарал-Достық» автожолы бойынша 180 шақырымнан 145 шақырым жол пайдалануға берілді, жұмыстарды 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында толық аяқтау жоспарланған. Қарағанды облысында Премьер-Министр жалпы ұзындығы 946 шақырым болатын «Қарағанды-Балқаш-Бурылбайтал-Күрті-Қапшағай» автомобиль жолын реконструкциялау барысын тексерді. Биыл төрт жолақты жол бойынша 765 шақырым жолда қозғалыс қамтамасыз етіледі. «Меркі-Бурылбайтал» (262 км) автожолы бойынша қозғалыс толық ашылады.
Өскемен қаласында Үкімет басшысына халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағын реконструкциялаудың аяқталғаны туралы баяндалды – ҰҚЖ ұзындығы 2800 м дейін, ені 60 м дейін ұлғайтылды. Асфальтбетон жабынын толық ауыстыру жүргізілді, жарық-сигналдық жабдықтың жаңа жүйесі орнатылды. 30 тонналық жүк терминалының және 100 тонналық уақытша жүк сақтау қоймасының құрылысын аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ, Премьер-Министрге Үшарал қаласындағы әуежайдың ұшу-қону жолағын реконструкциялау барысы туралы баяндалды, ол 2022 жылғы 1 мамырда аяқталады.
2021 жылы Қазақстанда 8,4 мың шақырым автожол құрылыс және қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылды, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 5 мың шақырым, жергілікті желі – 3,4 мың шақырым. Жол-құрылыс жұмыстарына 200 мыңға жуық адам тартылған. Биыл еліміздегі 5,1 мың шақырым жолда жұмыстар аяқталады. Қалған жұмыс көлемі өтпелі және 2022 жылы орындалатын болады. Жұмыс сапарына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы және т. б. қатысты.

Источник: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы

ru Лжеполицейских задержали в Шымкенте – МВД

ru Проблемные вопросы строительства в предгорной зоне г.Алматы рассмотрены на заседании

ru Виновный в смертельном ДТП с участием автобуса приговорен к 8

ru В экологической акции «Жасыл Аймақ» приняла участие и активная молодежь

ru В Алматы примут новый план реализации градостроительных регламентов

ru Предпринимателям компенсируют потери от паводков: утверждены правила

ru В Казахстане впервые вынесли приговор по факту хищения газа тепличным

ru В районе Эвереста запущена базовая станция 5G-A

ru Паводки в Казахстане: есть ли риски вспышки холеры и брюшного

ru Режим жесткой экономии введут в Казахстане - Токаев

ru Полицейские установили автора фейка о волонтерах в СКО

ru Учебный год в школах Казахстана завершится 25 мая

ru Порядка 15,5 тыс. пострадавших от паводков охвачено мерами поддержки по

ru Спецоперация проведена в баре Алматы

ru Почти треть участников финрынка используют ИИ в Казахстане — Нацбанк

ru «Крутые» госномера можно будет переоформлять на родственников

ru Сменились заместители председателя АНК

ru 3 крупные виртуальные точки продажи наркотиков выявило АФМ

ru Преподавателям вузов увеличат доплату за ученые степени

ru В Мангистау лиц с инвалидностью заставляли просить милостыню

ru 100 саженцев высадили в городе Жезказган в рамках недели "Жасыл

ru Подростка, “заминировавшего” собственную школу, осудили в Темиртау

ru В Правительстве дали разъяснения касательно дополнительной помощи пострадавшим от

ru Глава государства провел телефонный разговор с Президентом Узбекистана Шавкатом Мирзиёевым

ru Глава государства принял президента KIA Corporation Хо-сунг Сонга

ru МСХ предупредило о фейках о продаже мяса павшего скота

ru Сообщить о повреждениях на дорогах Алматы можно в чат-бот Telegram-канала

ru Два участка трассы Екатеринбург-Алматы закрыты из-за переливов воды

ru На защиту леса – самую массовую акцию высадки саженцев провели

ru Фонд «Әділ сөз»: СМИ имеют законное право освещать ситуацию в