• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Ахметов ШҚО-дан Қырғызстан мен Тәжікстанға көлік жеткізу туралы келісіп жатыр

Алматы. 22 ақпан. Ақпараттар орталығы. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Қырғызстан мен Тәжікстан елдерінде болды. Ондағы мақсат — ШҚО-ның сауда-экономикалық байланыстарын осы елдердің өңірлерімен тереңдету. Тараптар әсіресе, «БИПЭК АВТО –АЗИЯ АВТО» холдингінің өнімдерін осы нарықтарға жеткізу мәселелерін талқылады, деп хабарлады ШҚО Ақпараттар орталығынан.
Хабарда айтылғандай, сапар барысында ШҚО әкімі Д.Ахметов бастаған қазақстандық делегация Қырғызстанның премьер-министрінің орынбасары Олег Панкратовпен және Тәжікстан премьер-министрінің орынбасары Азим Ибрахиммен келіссөздер жүргізді.
«Тараптар сауда-экономикалық қарым-қатынастарды тереңдету мәселесін талқылады, осы елдер аумағында LADA автокөліктерін дистрибуциялауға, сатуға және сатудан кейін қызмет көрсету мәселелерін жан-жақты талқылады», — делінген хабарда.
Сонымен қатар, Тәжікстан нарығына қазақстандық көлік өндірушіні шығару бойынша нақты ұсыныстар жасау үшін Тәжікстан мен Қырғызстан жұмыс топтарын жақын арада жіберу туралы келісімге қол жеткізілді.
Ақпараттар орталығының ақпарынша, 2015 жылдың қазан айында «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» қазақстандық холдингі LADA көліктерін Орталық Азия аймағының елдеріне дистрибуция жасау құқығы берілген еді. Ортақ қызмет туралы тиісті келісімге «АВТОВАЗ» ААҚ-мен (Ресей) және «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» компаниялар тобының (Қазақстан) басшылары Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы президенттерінің кездесуі аясында қол қойылды.
Әріптестер Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Түрікменстан және Тәжікстан нарықтарына тауар өткізу инфрақұрылымын ортақ дамыту туралы келісті. Бұған дейін компаниялар Ресейдің Сібір және Орал федералды округтерінің нарығына қатысты осыған ұқсас келісім жасаған еді.
Хабарда айтылғандай, «БИПЭК АВТО» — Еуразиялық одаққа көлік нарығын шығару бойынша жоспарларын сәтті жүзеге асырған алғашқы қазақстандық компания. 2015 жылы компания Ресейдің 11 қаласында 15 өзінің көлік орталықтары желісін ашты.
Бұл ретте «БИПЭК АВТО- АЗИЯ АВТО» қазақстандық холдингтің келісім шарты Қазақстан мен Ресейдің азиялық бөлігін қоса алғанда бүгінгі таңда халық саны 84 млн адамнан асатын 7 мемлекеттің аумағын қамтиды.
«Қазақстан сыртындағы холдинг қалыптастырған сату және сервистік желісі Өскемен қаласында «АЗИЯ АВТО Қазақстан» АҚ алаңында құрылысы жүріп жатқан көлік өндірісінің экспорттық инфрақұрылымының толық циклінің негізі болмақ», — делінген хабарда.

Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.

ru Токаев принял управляющего Международным финансовым центром «Астана»

ru Фрагмент пальца помог раскрыть преступление

ru Суд по делу о нападении на водителя скорой помощи будут

ru Антикор направил в суд дело в отношении Гульмиры Сатыбалды

ru Казахстанские школьники вошли в тройку сильнейших юных математиков Балканского полуострова

ru Казахстан увеличит тариф на транзит российской нефти в Китай

ru Меры по сдерживанию цен на овощи в межсезонье приняли в

ru Фейк о фейке разоблачили в eGov

ru Полиция продолжает проверки объектов массового скопления людей

ru Грозу и сильный ветер ожидают в Алматы 1 мая

ru Почти полкило гашиша пытались прислать из Швеции в Казахстан

ru 862 млн тенге были похищены при модернизации ураноперерабатывающего предприятия на

ru Рекордный рост экономики отмечен в Алматы за последние 10 лет

ru Задержан экс-министр внутренних дел Ерлан Тургумбаев

ru Полицейские Алматы посадили яблони

ru Фонтаны в Алматы заработают 1 мая

ru Охранника морга в Алматы задержали за некрофилию

ru Увеличивается количество рейсов в г. Пекин

ru Более 13 тыс. казахстанских семей получили господдержку после паводков

ru 40 млрд тенге обращены в доход государства

ru 101-летняя жительница города Тараз внесла свой вклад в акцию «Таза

ru Лжеполицейских задержали в Шымкенте – МВД

ru Проблемные вопросы строительства в предгорной зоне г.Алматы рассмотрены на заседании

ru Виновный в смертельном ДТП с участием автобуса приговорен к 8

ru В экологической акции «Жасыл Аймақ» приняла участие и активная молодежь

ru В Алматы примут новый план реализации градостроительных регламентов

ru Предпринимателям компенсируют потери от паводков: утверждены правила

ru В Казахстане впервые вынесли приговор по факту хищения газа тепличным

ru В районе Эвереста запущена базовая станция 5G-A

ru Паводки в Казахстане: есть ли риски вспышки холеры и брюшного