• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Алматы облысындағы Жаңадәуір ауылының жолдары 10 жылдан бері жөнделмей жатыр

Алматы. 5 қазан. Ақпараттар орталығы - Жыл сайын көшелерін өз қаражатына жөндеп жүрген тұрғындар ақшаларының да, шыдамдарының да таусылғанын айтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Жергілікті әкімдік болса, өтінішімізді орындауға асықпайды», - дейді ашуға мінген ауыл халқы.

Іле ауданындағы Жаңадәуір ауылының аумағы жыл сайын ұлғайып келеді. Тұрғындардың саны артып, үйлер көбейгендіктен 6-7 жыл бұрын Молодежная көшесі де ұзарған. Бірақ содан бері көшеге асфальт төсеу жұмысы түрлі себептерге байланысты жылдан жылға шегеріліп отыр. Тұрғындар болса, көшені өз қаражатына жөндеп, тас-құм төгіп, тегістеп те үлгерді. Ал, Байсерке ауылдық округінің әкімдігі асфальтты былтыр төсеуге тиіс болғанымен, уәде уақытында орындалмай келеді.

Дәмелі Темірғалиқызы, ауыл тұрғыны: - Өтірік уәде беруге болмайды ғой. Мынаның бәрі мына кісілердің айтқаны рас. Өзіміз жасадық. Бұның астында да бұрын жасағанбыз. Енді биыл тағы да майда құм дайындап қойдық. Енді асфальт салып береміз деген. Ол жоқ енді.

Арсланбек Тілеубеков, ауыл тұрғыны: - Май айында уәдесін берген: «қыркүйекке дейін сендердің жолдарыңды жасап береміз» деп. Енді мінекей, тамыз, қыркүйек өтті. Қазан болды. Бірақ мінекей, мына жол жасалынбай отыр. Халықтың ызыасына әбден тиіп отыр. Не істейміз енді.

Осы жазда бұл көшеге орталықтандырылған су құбыры жүргізілген. Жарық шамдар орнатылды. 30 шақты үй біргіп, көшелерін өздері тегістеді. Өйтпеске амал жоқ. Жауын жауса, жол балшыққа айналып кетеді. Көршілердің ауызбіршілігі осындайдан көрінеді.

«Бірақ техникалық талап бойынша биыл Молодежная көшесіне асфальт төсеуге болмайды», - дейді әкімдік өкілдері.

Дәулет Жетеуов, Байсерке ауылдыық округі әкімінің орынбасары: - Биылша осадок берсін, отырсын. Ендігі жылға дайындаймыз. Әйтпесе негісі бар. Сондықтан негізі жақсы. Қазірге бір шаң, топырақ болып, не батпақ болып жүре алмай жатқан адамдар жоқ. Әзірше шыдауға болады. Сонша жыл шыдағанда кішкене қалғанда бір шыдайық.

Әкімдік қызметкерінің жауабын естіген ауыл азаматтарының көңілі құлазып қалды. Тіпті бұл мақсатқа биыл қаражат та қарастырылмаған сыңайлы. Жалпы Жаңадәуір ауылында әлі 4 шақырымға жуық көшеге асфальт жол салынуы тиіс.

Источник: Хабар 24

ru 3 года без преступлений: жители села отказались от алкоголя в

ru «КазАвтоЖол» запустил онлайн-трансляцию на участках автодорог республиканского значения

ru Древние захоронения в городище Сарайшык защищены от подтоплений

ru Казахстанский миротворец встретился с африканскими школьниками

ru В Алматы определят «Лучший арт-объект из мусора»

ru Правила приема в школу изменили в Казахстане

ru Почему игнорируются статьи Закона РК «О газе и газоснабжении»?

ru Интенсивное озеленение Костанайской области идет в рамках акции " Таза

ru Фонд «Әділ сөз» сделал заявление в честь Всемирного дня свободы

ru Глава государства принял участие в церемонии открытия авиабазы Национальной гвардии

ru Аслан Абдраимов назначен вице-министром водных ресурсов и ирригации

ru Скоростной режим изменился на автомобильной дороге «Астана-Темиртау»

ru Инфляция в апреле 2024г. в годовом исчислении составила 8,7%

ru Почти 1,5 тысячи голов домашнего скота отогнали в безопасные места

ru В Казахстане могут появиться дороги японского качества

ru Токаев принял управляющего Международным финансовым центром «Астана»

ru Фрагмент пальца помог раскрыть преступление

ru Суд по делу о нападении на водителя скорой помощи будут

ru Антикор направил в суд дело в отношении Гульмиры Сатыбалды

ru Казахстанские школьники вошли в тройку сильнейших юных математиков Балканского полуострова

ru Казахстан увеличит тариф на транзит российской нефти в Китай

ru Меры по сдерживанию цен на овощи в межсезонье приняли в

ru Фейк о фейке разоблачили в eGov

ru Полиция продолжает проверки объектов массового скопления людей

ru Грозу и сильный ветер ожидают в Алматы 1 мая

ru Почти полкило гашиша пытались прислать из Швеции в Казахстан

ru 862 млн тенге были похищены при модернизации ураноперерабатывающего предприятия на

ru Рекордный рост экономики отмечен в Алматы за последние 10 лет

ru Задержан экс-министр внутренних дел Ерлан Тургумбаев

ru Полицейские Алматы посадили яблони