• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Алматыдан шығаберісте санитарлық талапқа сай келмейтін балық сатылған

Фото:Хабар 24

Алматы. 5 қаңтар. Ақпараттар орталығы - Жол бойында сатылатын балық санитарлық талапқа сай келмейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жөнінде Алматыда арнайы тексеріс жүргізген облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесінің аймақтық инспекциясының өкілдері мәлімдеді. Тәркіленген өнімдер арасында Сорбұлақ су қоймасынан ұсталған балық та болуы ықтимал. Ал, бұл көлден балық аулауға мүлдем рұқсат етілмеген.

Алматыдан шығаберіс тұстағы жолдың бойында балық саудасы қызып тұр. Тұрпаты өзгеше алып дөңмаңдай, көксерке мен сазанға сұраныс бар. Тіпті саудагерлер таңдаған балығыңыздың қылтанағын аршып, тазалап та береді. Бірақ сатушыларда балықтың қай өзен-көлден ауланғаны туралы нақты анықтама құжаттары болмай шықты. Қала тұрғындары арасында балық Сорбұлақтан ауланып әкелінуі мүмкін деген күмәннің болуы да орынды. Өйткені Алматының кәріз жүйесінен шығатын су Сорбұлаққа жиналады.

Бұл кадрлар өткен жылы күзде түсірілген. Сорбұлақта  қайықтардың бекер жүрмегені анық. Көлден балық ауланады деген сөз. «Алайда, қатаң қадағалаудың жоқтығынан Сорбұлақтың сазаны мен өзге де балығы Алматы базарларына түсіп жатады. «Оның құрамында улы заттар көп», - дейді экологтар.

Тимур Елеусізов, эколог: - Бұл су қоймасында улы металдар мен күкірттің мөлшері өте көп. Қанша тазартудан өтсе де, зиянды қалдықтар көлдің табанында жиналады. Онымен балықтар қоректенеді. Сондықтан Сорбұлақтың балығы мутацияға ұшырайды. Тұрпаты ірі әрі семіз келеді. Бірақ оны жеуге мүлдем болмайды.

Жол бойында дөңмаңдай мен көксерке саудасының көркін қыздырған алып-сатарлар балық Атырау мен Балқаштан деп ақталды. Алайда ешқайсысында ветеринарлық рұқсат құжаттары жоқ. Тек балықты сатып алғандары жөніндегі есеп-қисап түбіртегі ғана бар. Ал бұл заңсыз сауда саналады. Тексеріс барысында мемлекеттік инспекторлар 1 тоннадан астам өнімді тәркіледі.

Ринат Қумашев, Орман шаруашылығы  инспекциясының аға инспекторы: - Сорбұлақ су қоймасынан балық аулауға тыйым салынуына байланысты аталған көлге балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама және ветеринарлық құжат берілмейді. Соған байланысты ол көлдегі балықты сатуға тыйым салынған.

Жалпы өткен жылы Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аймақтық инспекциясы мыңнан астам тексеріс іс-шарасын өткізген. Нәтижесінде балықты заңсыз аулап сатқаны үшін 364 дерек тіркеліп, 54 іс сотқа жолданды.

Источник: Хабар 24

ru Касым-Жомарту Токаеву подарили торт

ru Невероятное спасение ребенка полицейскими попало на видео в Таразе

ru Завершено расследование в отношении председателя Комитета рыбного хозяйства МСХ РК

ru Предприниматель Ануарбек Джексенгалиев приговорен к 6,8 годам за легализацию преступных

ru Автомобиль провалился в яму на трассе Атырау-Индер

ru Прокуроры Алматы вернули земли природного парка «Медеу»

ru Сквер на месте снесенного СИЗО появится в Алматы

ru Мужчина умер в полицейской машине в Жезказгане

ru Более 90 преступлений раскрыто четвероногими полицейскими Алматинской области

ru Казахстан и Китай договорились об оказании взаимной правовой помощи

ru Нурлан Ногаев освобожден от должности акима

ru Незаконно построенный магазин сносят в Алматы

ru НПП «Атамекен» и АФМ достигли соглашения о мерах по защите

ru АО «КазТрансГаз Аймак» провел ребрендинг и стал «QAZAQGAZ AIMAQ»

ru Вор, орудовавший в мечетях, задержан в Алматы

ru Ребенок погиб под колесами микроавтобуса в Алматинской области

ru В Алматы ожидаются проливные дожди

ru Имена Толоконникова, Померанцева, Хасангалиева и Серкебаева дадут улицам в Алматы

ru Правила рекламы БАДов, диетического питания и косметики разработали в Казахстане

ru Вдоль автодороги Караганда-Темиртау высадили 1000 деревьев

ru Запущен новый образовательный сервис «Bilim» в мобильном приложении eGovMobile

ru Сколько составила средняя зарплата в Казахстане

ru Конкурс карикатур прошел в колонии ЗКО

ru Президент принял министра внутренних дел Ержана Саденова

ru Госаудит выявил нарушения почти на 26 млн тенге в одной

ru 365 фактов фиктивной вакцинации выявили прокуроры в ВКО

ru Токаев принял министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности

ru Водителям мопедов дадут полгода, чтобы зарегистрировать их и получить права

ru Бишимбаев приговорен к 24 годам заключения

ru Поджигатель машины задержан полицией Алматы