• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Ақмола облысында жемқорлыққа қарсы алғашқы студенттік квест басталды

Фото:ҚазАқпарат

Алматы. 26 қаңтар. Ақпараттар орталығы  - Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «AntiParaCraft-2021» бірінші студенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы квесті басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы республикалық арнайы мониторингтік топтың төрағасы Айгүл Соловьева, «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Қайыржан Тоқышев, өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Мұрат Төлеубаев, облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов т.б қатысты. Бұл ойын-квест сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа әдісі ретінде жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, парасаттылық пен академиялық адалдық қағидаттарына тәрбиелеуге бағытталған. Бір ай ішінде студенттер алдын ала дайындалған пранк-арандатуларды болжап, QR-кодтардың көмегімен криминалистік, зияткерлік және шығармашылық міндеттерді шешіп, бейнетаспалар жасайды.

«Көп халықтың бірі ғана емес, өз елінің белсенді азаматы болу маңызды. Сіздерге, жастарға, даму мен бастамалардың драйвері ретінде үлкен үміт артылады. Сіздер сыбайлас жемқорлықтан азат қоғам құрып, болашақта мемлекетіміздің өркендеуін қамтамасыз ететіндіктеріңізге үміт артамыз», - деді Айгүл Соловьева өз сөзінде.

Осы ретте, онлайн режимде байланысқа шыққан Қайыржан Тоқышев студент жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда белсенді болуға шақырды. Факультет командаларын студенттік активтер жиналыстарында дауыс беру әдісімен бұрын таңдалған «адалдық капитандары» басқарды. Олар университеттінің Әдеп жөніндегі уәкілінің көмекші, әрі өз факультеттеріндегі сенімді өкілі болады.

«Жас ұрпақ арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Ол үшін біз «Адалдық алаңы», «Саналы ұрпақ», «Адал ұрпақ» жобаларын жүзеге асырудамыз, сондай-ақ, парасаттылық сағаттарын өткізіп келеміз. Әділдік, парасаттылық пен сенім еліміздің әрбір жас азаматы үшін басты құндылық болатынына сенімдімін», - деді Мұрат Төлеубаев. Айта кетейік, ақпан айының соңында квест ойынының қорытындысы ретінде «адалдық капитандары» турнирі өтеді, онда жеңімпаздар арнайы өтпелі сыйлық - адалдық кубогымен марапатталатын болады.


 

 

Источник: ҚазАқпарат

ru Интенсивное озеленение Костанайской области идет в рамках акции " Таза

ru Фонд «Әділ сөз» сделал заявление в честь Всемирного дня свободы

ru Глава государства принял участие в церемонии открытия авиабазы Национальной гвардии

ru Аслан Абдраимов назначен вице-министром водных ресурсов и ирригации

ru Скоростной режим изменился на автомобильной дороге «Астана-Темиртау»

ru Инфляция в апреле 2024г. в годовом исчислении составила 8,7%

ru Почти 1,5 тысячи голов домашнего скота отогнали в безопасные места

ru В Казахстане могут появиться дороги японского качества

ru Токаев принял управляющего Международным финансовым центром «Астана»

ru Фрагмент пальца помог раскрыть преступление

ru Суд по делу о нападении на водителя скорой помощи будут

ru Антикор направил в суд дело в отношении Гульмиры Сатыбалды

ru Казахстанские школьники вошли в тройку сильнейших юных математиков Балканского полуострова

ru Казахстан увеличит тариф на транзит российской нефти в Китай

ru Меры по сдерживанию цен на овощи в межсезонье приняли в

ru Фейк о фейке разоблачили в eGov

ru Полиция продолжает проверки объектов массового скопления людей

ru Грозу и сильный ветер ожидают в Алматы 1 мая

ru Почти полкило гашиша пытались прислать из Швеции в Казахстан

ru 862 млн тенге были похищены при модернизации ураноперерабатывающего предприятия на

ru Рекордный рост экономики отмечен в Алматы за последние 10 лет

ru Задержан экс-министр внутренних дел Ерлан Тургумбаев

ru Полицейские Алматы посадили яблони

ru Фонтаны в Алматы заработают 1 мая

ru Охранника морга в Алматы задержали за некрофилию

ru Увеличивается количество рейсов в г. Пекин

ru Более 13 тыс. казахстанских семей получили господдержку после паводков

ru 40 млрд тенге обращены в доход государства

ru 101-летняя жительница города Тараз внесла свой вклад в акцию «Таза

ru Лжеполицейских задержали в Шымкенте – МВД