• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Ақтаудағы 14 жастағы баланың өліміне себеп екі нұсқа айтылды

Фото:ҚазАқпарат

Алматы. 25 маусым - Ақпараттар орталығы - Ақтаудағы 14 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты тергеу шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 23 маусым күні сағат 22:00-дер шамасында №7 мектеп-лицейі мен «Толқын» базарының маңында болды. Бүгін Ақтау қаласының әкімдігі осы оқиғаға қатысты баспасөз конференциясын өткізді. Қала әкімінің орынбасары Серік Гусманның айтуынша, жеткіншектің неден қайтыс болғанын айтуға әлі ерте. Себебі оның өліміні бірнеше фактор себеп болуы мүмкін. Оның бірі – бала қоршаудан құлап кетуі мүмкін, екіншісі электр тогы соғуы ықтимал. «Таңда тергеу шаралары жүргізілуде. Медициналық сараптама нәтижелері бойынша өлімнің нақты себебі анықталады. Мүмкін бала қоршаудан құлаған кезде қатты жарақат алған шығар. Онда биіктігі 2,5 метр. Баланың денесінде бас сүйегінің зақымдануы бар. Мүмкін бала соққыдан қайтыс болған шығар. Ата-анасының айтуынша, ол дуалға көтерілуге тырысқан және құлаған. Қазір бірдеңе айтуға ерте», - деді Серік Гусман. Сондай-ақ, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары 15 маусымнан бастап көше жарығының бағандарына қызмет көрсетумен «Ақтау Сервис Құрылыс» компаниясы айналысатынын жеткізді. «Бүгінгі таңда ішкі тергеу басталды. Бүгін жедел жиналыс өткізіліп, барлық сервистік компаниялар мен ПИК-ке ішкі үй желілерін, көшені жарықтандыруды, электр жабдықтарының жай-күйін қаланың барлық шағын аудандарында толық тексеру үшін тиісті нұсқаулар берілді», - деді компания директоры Әбдіғалиев Есенжол Қуандықұлы. Бүгінде қала бойынша 12 255 баған бар. Оның ішінде 8122 шам, 5183 жарықдиодты шам, кабельдер саны - 409 шақырым, әуе желілері - 68 шақырым, трансформаторлар – 198. «Барлық осы жабдықтарға қызмет көрсету керек. Қалалық білім бөліміне мектепішілік желілерді, ал мердігерге барлық қалалық желілерді тексеруді тапсырдық», - деді ол. Қала әкімнің орынбасары егер жасөспірімнің өліміне электр тоғының соғуы себеп болса, онда тиісті органдар бұл үшін жауап беретінін жеткізді. «Біз тергеу жүргізетін боламыз. Бұл қызмет көрсеткен немесе жұмыс істеп жүрген бұрынғы қызметкерлердің немқұрайлылығы. Теория бойынша, компания келісімшартқа қол қойған кезде, компания міндеттемелерді қабылдаған сәттен бастап. Шартта мұның бәрі жазылған», - деді Серік Гузман.



Источник: ҚазАқпарат

ru 3 года без преступлений: жители села отказались от алкоголя в

ru «КазАвтоЖол» запустил онлайн-трансляцию на участках автодорог республиканского значения

ru Древние захоронения в городище Сарайшык защищены от подтоплений

ru Казахстанский миротворец встретился с африканскими школьниками

ru В Алматы определят «Лучший арт-объект из мусора»

ru Правила приема в школу изменили в Казахстане

ru Почему игнорируются статьи Закона РК «О газе и газоснабжении»?

ru Интенсивное озеленение Костанайской области идет в рамках акции " Таза

ru Фонд «Әділ сөз» сделал заявление в честь Всемирного дня свободы

ru Глава государства принял участие в церемонии открытия авиабазы Национальной гвардии

ru Аслан Абдраимов назначен вице-министром водных ресурсов и ирригации

ru Скоростной режим изменился на автомобильной дороге «Астана-Темиртау»

ru Инфляция в апреле 2024г. в годовом исчислении составила 8,7%

ru Почти 1,5 тысячи голов домашнего скота отогнали в безопасные места

ru В Казахстане могут появиться дороги японского качества

ru Токаев принял управляющего Международным финансовым центром «Астана»

ru Фрагмент пальца помог раскрыть преступление

ru Суд по делу о нападении на водителя скорой помощи будут

ru Антикор направил в суд дело в отношении Гульмиры Сатыбалды

ru Казахстанские школьники вошли в тройку сильнейших юных математиков Балканского полуострова

ru Казахстан увеличит тариф на транзит российской нефти в Китай

ru Меры по сдерживанию цен на овощи в межсезонье приняли в

ru Фейк о фейке разоблачили в eGov

ru Полиция продолжает проверки объектов массового скопления людей

ru Грозу и сильный ветер ожидают в Алматы 1 мая

ru Почти полкило гашиша пытались прислать из Швеции в Казахстан

ru 862 млн тенге были похищены при модернизации ураноперерабатывающего предприятия на

ru Рекордный рост экономики отмечен в Алматы за последние 10 лет

ru Задержан экс-министр внутренних дел Ерлан Тургумбаев

ru Полицейские Алматы посадили яблони