• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Ақтаулық оқушы Гиннесстің рекордтар кітабына енуді армандайды

Фото:Nege.kz

Алматы. 8 ақпан. Ақпараттар орталығы  - Ақтаулық «буынсыз бала» Азамат Нұрқожа өз есімінің Гиннес рекордтар кітабына енуін армандайды, деп хабарлайды Хабар 24.

13 жастағы жеткіншек №8 орта мектепте оқиды. Азамат 3 жасында денесін түрлі бағытта иіп, аяғын мойнына асып жүруді үйренген. Ерекше қабілеті үшін отандық режиссерлерден киноға түсуге шақырту алған.  Оқушы Азамат кәсіби гимнастшылар жасайтын жаттығуларды еркін орындайды. Анасының айтуынша, сәби шағынан қол-аяғы бұралып ұйықтайтын перзентін бастапқыда дәрігерге қаратуды ойлаған. Кейін айрықша қабілеті барын түсініп, спорт үйірмесіне беріпті. Қазір «Ютуб» арналарын бірге қарап, танымал трюктерді үй жағдайында және теңіз жағалауында қайталатып жүр.

Жанна Байбозова, Азаматтың анасы:

- Үйде дайындаған кезде мен де спорттық үлгіде киінемін. Екеуміз бірге жаттығамыз. Кішкентай кезінде бесіктен шыққаннан кейін аяғын бауырына жинап алатын. Кейін 3 жасында балабақшаға барып жүрген уақытта шпагатқа еркін отырды. 7 жасқа келген уақытта «Маңғыстау» телеарнасынан «Баланың бәрі талантты» атты конкурс болды. Соған қатысып, алғыс хат алды. Көп адам түсірілімнен кейін сұрап жатты ауырмай ма деп. Сол мақсатта біз Азаматтың өнері үйде қалып қоймас үшін конкурстарға қатыстық. 

Ақтаулық өрен мектеп бітірген соң қазақстандық рекордтар кітабына екі мәрте есімі енген цирк өнерінің хас шебері, акробат Айдос Тоқтарбаевтың ізін жалғастыруды қалайды. «Жігітке жеті өнердің аздығын» да ерте жастан түсініп, домбыра тартуды үйреніп жүр. Қазір Абыл Тарақұлы атындағы өнер мектебінде балалар оркестрінің мүшесі.

Азамат Нұрқожа, оқушы:

- Оркестр мүшесі ретінде де жүре беріп, үлкен жетістіктерге жеткім келеді. Айдос Тоқтарбаевтың трюктерін қайталап, істеп көрдім. Кейбір трюктері қиын болды, кейбіреуі оңай болды. Сол сияқты түрлі конкурстарға шығып, жоғары биіктерде жүргім келеді. Гиннесстің рекордына енген адам. Конкурстарға шығуды бастадым. 

Күйші әрі «буынсыз бала» Азаматтың қолы жеткен жүлде қоры қомақты. Ол 2 жыл бұрын республикалық «Қазақстан таланттары» байқауында дипломант атанды. Содан кейін халықаралық «Бала шабыты» байқауында «Аспапта ойнау өнері» номинациясы бойынша жүлделі II-орынды иеленіп, «Звезда удачи» атты жаһандық сайыста 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. 

Источник: Хабар 24

ru Интенсивное озеленение Костанайской области идет в рамках акции " Таза

ru Фонд «Әділ сөз» сделал заявление в честь Всемирного дня свободы

ru Глава государства принял участие в церемонии открытия авиабазы Национальной гвардии

ru Аслан Абдраимов назначен вице-министром водных ресурсов и ирригации

ru Скоростной режим изменился на автомобильной дороге «Астана-Темиртау»

ru Инфляция в апреле 2024г. в годовом исчислении составила 8,7%

ru Почти 1,5 тысячи голов домашнего скота отогнали в безопасные места

ru В Казахстане могут появиться дороги японского качества

ru Токаев принял управляющего Международным финансовым центром «Астана»

ru Фрагмент пальца помог раскрыть преступление

ru Суд по делу о нападении на водителя скорой помощи будут

ru Антикор направил в суд дело в отношении Гульмиры Сатыбалды

ru Казахстанские школьники вошли в тройку сильнейших юных математиков Балканского полуострова

ru Казахстан увеличит тариф на транзит российской нефти в Китай

ru Меры по сдерживанию цен на овощи в межсезонье приняли в

ru Фейк о фейке разоблачили в eGov

ru Полиция продолжает проверки объектов массового скопления людей

ru Грозу и сильный ветер ожидают в Алматы 1 мая

ru Почти полкило гашиша пытались прислать из Швеции в Казахстан

ru 862 млн тенге были похищены при модернизации ураноперерабатывающего предприятия на

ru Рекордный рост экономики отмечен в Алматы за последние 10 лет

ru Задержан экс-министр внутренних дел Ерлан Тургумбаев

ru Полицейские Алматы посадили яблони

ru Фонтаны в Алматы заработают 1 мая

ru Охранника морга в Алматы задержали за некрофилию

ru Увеличивается количество рейсов в г. Пекин

ru Более 13 тыс. казахстанских семей получили господдержку после паводков

ru 40 млрд тенге обращены в доход государства

ru 101-летняя жительница города Тараз внесла свой вклад в акцию «Таза

ru Лжеполицейских задержали в Шымкенте – МВД