• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Атырау облысында мал қырылып жатыр

Алматы. 24  қараша. Ақпараттар орталығы - Атырау облысы Индер ауданының Жарсуат ауылында 20-ға жуық ірі қара өлген. Бұл көрсеткіш әлі де өсуі мүмкін. Өйткені ауырып жатқандары да бар дейді жергілікті тұрғындар, деп хабарлайды Хабар 24.

«Малым – жанымның садағасы» дейтін Жарсуат ауылының тұрғандары үшін бұл жағдай оңайға соқпады. Лаура Қапашованың қорасында тұрған қос сиырының біреуі күні кеше өлген. Екіншісінің де жағдайы мәз емес. Сауып сүтін ішуге де, сойып, етін жеуге де келмейді. Тұрғындар маңдай термен баққан малын пайдаға жарата алмағанына ашынып отыр.

Лаура Қапашева, Жарсуат ауылының тұрғыны:

– Кеше біреуі өлді. Енді мынау екіншісін алып келіп еді. Бұл да кешеден бері ауырып жатыр. Бұл да өлетін шығар деп ойлаймын.

Жергілікті тұрғындар бұл жағдайға сол маңда егін егетін шаруа қожалығын кінәлап отыр. Себебі жеке кәсіпкер жазғы маусымда10 гажерге картоп пен пияз еккен. Бар өнімді жинап алған шаруалар пісіп үлгермеген пиязды сол күйі тастап кеткен. Күн суытқан уақытта үсіп те үлгеріпті. Пайдаға жарамайтын болғаннан кейін егістікті тастап, қоршауын бұзып алып кеткен көрінеді. Осылайша сол жерге барған малдың қорегі пияз болған. Салдарынан ірі қара ауру болып, қырылып жатыр.

Дарын Шамұратов, Индер ауданы әкімінің орынбасары:

– Өлген малдардан сынама алынып, облыстық мал дәрігерінің зертханасына жолданды. Бір аптаның ішінде қорытындысы шығатын болады. Қорытынды шыққаннан кейін біз жергілікті тұрғындарға, БАҚ-қа хабарлама беретін боламыз. Сол қорытынды арқылы нақтылы шаралар қабылданатын болады.

Арнайы мамандардан құралған комиссия қазір Жарсуат ауылында зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ егістіктің орны да түгел тазартылыпты. Жергілікті биліктің айтуынша, малы қырылған тұрғындарға өтемақы төлеу мәселесі бұл іске кінәлі анықталғаннан кейін ғана шешілмек. Айта кетейік, дәл осындай жағдай 2013 жылы қала іргесіндегі Алға ауылында да орын алған.

Источник: Хабар 24

ru 3 года без преступлений: жители села отказались от алкоголя в

ru «КазАвтоЖол» запустил онлайн-трансляцию на участках автодорог республиканского значения

ru Древние захоронения в городище Сарайшык защищены от подтоплений

ru Казахстанский миротворец встретился с африканскими школьниками

ru В Алматы определят «Лучший арт-объект из мусора»

ru Правила приема в школу изменили в Казахстане

ru Почему игнорируются статьи Закона РК «О газе и газоснабжении»?

ru Интенсивное озеленение Костанайской области идет в рамках акции " Таза

ru Фонд «Әділ сөз» сделал заявление в честь Всемирного дня свободы

ru Глава государства принял участие в церемонии открытия авиабазы Национальной гвардии

ru Аслан Абдраимов назначен вице-министром водных ресурсов и ирригации

ru Скоростной режим изменился на автомобильной дороге «Астана-Темиртау»

ru Инфляция в апреле 2024г. в годовом исчислении составила 8,7%

ru Почти 1,5 тысячи голов домашнего скота отогнали в безопасные места

ru В Казахстане могут появиться дороги японского качества

ru Токаев принял управляющего Международным финансовым центром «Астана»

ru Фрагмент пальца помог раскрыть преступление

ru Суд по делу о нападении на водителя скорой помощи будут

ru Антикор направил в суд дело в отношении Гульмиры Сатыбалды

ru Казахстанские школьники вошли в тройку сильнейших юных математиков Балканского полуострова

ru Казахстан увеличит тариф на транзит российской нефти в Китай

ru Меры по сдерживанию цен на овощи в межсезонье приняли в

ru Фейк о фейке разоблачили в eGov

ru Полиция продолжает проверки объектов массового скопления людей

ru Грозу и сильный ветер ожидают в Алматы 1 мая

ru Почти полкило гашиша пытались прислать из Швеции в Казахстан

ru 862 млн тенге были похищены при модернизации ураноперерабатывающего предприятия на

ru Рекордный рост экономики отмечен в Алматы за последние 10 лет

ru Задержан экс-министр внутренних дел Ерлан Тургумбаев

ru Полицейские Алматы посадили яблони