• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Аукционға моноқалалардың жанындағы аз зерттелген жер қойнаулары учаскелері шығарылуда

Алматы. 20 сәуір. Ақпараттар орталығы. Аудандардағы жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңасын ашу үшін аукционға моноқалалардың жанындағы аз зерттелген жер қойнаулары учаскелері шығарылуда, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Астанадағы тау-кен өнеркәсібі форумында.

«Аукционға аз зерттелген, қосымша барлау жұмыстарын қажет ететін, мноқалалардың жанында ресурстық базасы жабдықталған және аймақта жаңа жұмыс орындарын ашуға және сақтап қалуға мүмкіндік беретін жер қойнауы учаскелері шығарылуда», - деді Ә. Исекешев.

Ол хабарлағандай, 2015 жылдың желтоқсанындағы аукционда 36 лот бойынша бюджетке 1,5 млрд теңгеден астам қаржы қол қойылған бонус ретінде тартылды.

«Аукцион байқаудың барынша ашық және таза үлгісі болып табылады, онда шешім жария түрде хабарланады. Жалпы, аукцион туралы инвесторлардан ашықтығы, қолжетімділігі бойынша жақсы пікірлер келіп түсті», - деп атап өтті министр.

Сонымен, пилоттық режимде Степногорск моноқаласы маңындағы 100 км аймақ таңдалып алынды, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 25 блок бойынша 10 жаңа келісімшарт жасалды.

«Соңғы үш жылда көп нәрсе жасалды, реформалардың алғашқы кезеңі аяқталғаны туралы айтуға болады. Мысалы, геологиялық ақпаратты ұсыну мерзімі 240 күннен 1 күнге дейін қысқарды. Заңнамалық базаға, атап айтқанда жер қойнауын барлау бойынша австралиялық үлгіде өзгерістер енгізілді. Барлау бойынша келісім шарт жасау мерзімі екі жылдан 25 күнге дейін қысқарды», - деді Ә. Исекешев.

Оның есептеуінше, мұндай шаралар барлау саласына жаңадан ашылған шағын және орта кәсіпорындарды тартуға мүмкіндік береді. Олар өз кезегінде тәжірибе көрсетіп отырғандай 50%-ға дейін жаңа кенорындарын ашуда.

Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.

ru Бишимбаев приговорен к 24 годам заключения

ru Поджигатель машины задержан полицией Алматы

ru 12 тыс. км дорог планируется отремонтировать в 2024 году

ru Токаев принял министра культуры и информации Аиду Балаеву

ru 100% учебников оцифрованы в Казахстане

ru В Алматы за месяц высадили 30 тысяч деревьев

ru В СКО начато строительство 200 домов для пострадавших от паводков

ru Первый казахстанско-африканский фильм выходит в казахстанский прокат

ru 10 тонн мусора вывезено с берегов Капшагайского водохранилища

ru Полиция переведена на усиленный вариант несения службы в Алматы

ru Приговор Бишимбаеву огласят 13 мая

ru Меры по обеспечению поливной водой на юге страны находятся на

ru Правительством на борьбу с саранчовыми вредителями выделено 8,1 млрд тенге

ru Получить место в общежитии студенты смогут через проактивную услугу

ru Женский экипаж Академии гражданской авиации совершил первый полет

ru Уровень реки Жайык в селе Махамбет превышает критический уровень на

ru Кто стоит за депутатскими запросами?

ru Жаңа адамдар: В Казахстане зарождается новое сообщество – «те, кого

ru Жаслан Мадиев назначен министром цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности

ru Альпиниаду в Алматы перенесут на другой день и на другой

ru Адвокат подозреваемого сможет копировать протоколы его допроса

ru Аэропорт Астаны опроверг сообщения о срыве капитального ремонта полосы

ru Полиция помогла гражданину США с поиском информации о родственниках в

ru Электрослесарь шахты им.Костенко награжден орденом

ru «АстраЗенека» и казахстанские специалисты объединяют усилия для лечения заболеваний сердца

ru 3 года без преступлений: жители села отказались от алкоголя в

ru «КазАвтоЖол» запустил онлайн-трансляцию на участках автодорог республиканского значения

ru Древние захоронения в городище Сарайшык защищены от подтоплений

ru Казахстанский миротворец встретился с африканскими школьниками

ru В Алматы определят «Лучший арт-объект из мусора»