• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Бейруттағы жарылыс: Әлем елдері Ливанға көмек беруге дайын

Алматы. 5 тамыз. Ақпараттар орталығы - Әлем елдерінің, халықаралық ұйымдардың басшылары мен премьер-министрлері 4 тамызда Ливанның әскери-теңіз күштері (ӘТК) базасына жақын Бейрут порты ауданында болған жарылысқа байланысты Ливан халқына көңіл айтып, шұғыл көмек көрсетуге дайын екендерін білдірді, ҚазАқпарат хабарлайды.

Еске сала кетейік, 4 тамызда Ливанның әскери-теңіз күштері (ӘТК) базасына жақын Бейрут порты ауданында жойқын жарылыс болған еді.

5 тамыз күні Бейрут уақытымен сағат 00:30-да Ливанның Денсаулық сақтау министрі Мұхаммед Хасан жарылыстан қаза тапқандар саны 70-ке жеткенін, 4 мыңға жуық тұрғын жарақат алғанын хабарлады. Құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда.

Ақ үй АҚШ-тың Бейруттағы жарылысты мұқият қадағалап отырғанын айтты. АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Құрама Штаттардың Бейруттағы жарылыс туралы хабарламаларды мұқият бақылап отырғанын және «қолдан келген барлық көмекті» көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. АҚШ мемлекеттік департаментінде жарылыстың себептері туралы ақпарат жоқ және зардап шеккендердің арасында америкалықтардың бар-жоғын анықтау үшін жергілікті билікпен жұмыс жүргізілуде.

Катар әмірі шейх Тамим бин Хамад әл-Тани Ливан президенті Мишель Аунға қоңырау шалып, дереу Ливанға жедел құрылатын ауруханаларды жіберуді бұйырды.

«Ливандағы жарылыс өте үлкен алаңдаушылық тудырды, бізде не болғаны туралы және оның себебі неде екені, ол кездейсоқтық па, әлде адамның жасаған әрекеті ме, ешқандай ақпарат жоқ. Сондықтан оларға жауап беру үшін бізге бұл ақпарат қажет», - БҰҰ Бас хатшысы ресми өкілінің орынбасары Фархан Хак.

Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан Франция Ливанды және ливандықтарды әрқашан да қолдайтынын мәлімдеді. «Франция Ливан билігінің қажетіне қарай көмек көрсетуге дайын», - деп жазды Ле Дриан Twitter парақшасында.

Түркияның президенті Режеп Эрдоған өз елінің Ливанға толықтай қолдау білдіретінін және осы қиын жағдайда Ливан халқына қажетті көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Түркия мен Иранның сыртқы істер министрліктері жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің көптігіне байланысты Ливан халқына қайғырып көңіл айтып, жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тіледі.

Кремль мәлімдемесінде президент Владимир Путин Мишель Аунға көңіл айту жеделхатын жолдады. Онда Ливандағы жарылыстың зардаптарын жоюға Мәскеудің қолдау көрсетуге дайын екенін баса айтты.

Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон да Ұлыбритания Ливанға кез-келген жолмен қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді және зардап шеккендерге көңіл айтты.

Еуроодақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррелль Ливан билігі мен халқына көңіл айтты.

Иорданияның Сыртқы істер министрі Айман Сафади оның елі Бейрут портындағы жарылыстан кейін Ливанға қажет кез-келген көмекті көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Ирак Премьер-министрі Мұстафа әл-Каземи Ирак үкіметі мен халқының Ливанмен бірге екенін, Ирактың Ливан халқын қазіргі қиын жағдайда қолдауға дайын екенін баса айтты.

Айта кетейік, Қазақстанның СІМ Ливандағы жарылыс салдарынан Қазақстанның дипломатиялық миссиясы ғимаратына зиян келгенін хабарлаған болатын.

Жарылыс кезінде дипломатиялық миссияның қызметкерлері жұмыс күні аяқталғаннан кейін жұмыс орнынан кетіп қалған. Консул жұмыста қалған болатын және жарылыс толқыны салдарынан жеңіл жарақат алды.


Источник: ҚазАқпарат

Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.

ru 3 года без преступлений: жители села отказались от алкоголя в

ru «КазАвтоЖол» запустил онлайн-трансляцию на участках автодорог республиканского значения

ru Древние захоронения в городище Сарайшык защищены от подтоплений

ru Казахстанский миротворец встретился с африканскими школьниками

ru В Алматы определят «Лучший арт-объект из мусора»

ru Правила приема в школу изменили в Казахстане

ru Почему игнорируются статьи Закона РК «О газе и газоснабжении»?

ru Интенсивное озеленение Костанайской области идет в рамках акции " Таза

ru Фонд «Әділ сөз» сделал заявление в честь Всемирного дня свободы

ru Глава государства принял участие в церемонии открытия авиабазы Национальной гвардии

ru Аслан Абдраимов назначен вице-министром водных ресурсов и ирригации

ru Скоростной режим изменился на автомобильной дороге «Астана-Темиртау»

ru Инфляция в апреле 2024г. в годовом исчислении составила 8,7%

ru Почти 1,5 тысячи голов домашнего скота отогнали в безопасные места

ru В Казахстане могут появиться дороги японского качества

ru Токаев принял управляющего Международным финансовым центром «Астана»

ru Фрагмент пальца помог раскрыть преступление

ru Суд по делу о нападении на водителя скорой помощи будут

ru Антикор направил в суд дело в отношении Гульмиры Сатыбалды

ru Казахстанские школьники вошли в тройку сильнейших юных математиков Балканского полуострова

ru Казахстан увеличит тариф на транзит российской нефти в Китай

ru Меры по сдерживанию цен на овощи в межсезонье приняли в

ru Фейк о фейке разоблачили в eGov

ru Полиция продолжает проверки объектов массового скопления людей

ru Грозу и сильный ветер ожидают в Алматы 1 мая

ru Почти полкило гашиша пытались прислать из Швеции в Казахстан

ru 862 млн тенге были похищены при модернизации ураноперерабатывающего предприятия на

ru Рекордный рост экономики отмечен в Алматы за последние 10 лет

ru Задержан экс-министр внутренних дел Ерлан Тургумбаев

ru Полицейские Алматы посадили яблони