• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

БҰҰ өзінің Ауғанстандағы миссиясының қазақ жеріне ауыстырылғанын жоғары бағалады

Алматы. 10 қыркүйек. Ақпараттар орталығы - Премьер-министрдің орынбасары әрі Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Швейцарияға сапары барысында бірқатар халықаралық ұйымның басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Хабар 24.

Олардың арасында Дүниежүзілік сауда ұйымының жетекшісі бар. Тараптар ұйымның 12-министрлік конференциясына дайындық барысын талқылады. Еске салайық, бұл жиынға еліміз төрағалық етеді.  Қазақстан Сыртқы істер министрі БҰҰ-ның адам құқықтары жөнінде Жоғарғы комиссарымен кездесті. Мишель Бачелет еліміздің жетістіктері мен өтіп жатқан саяси реформаларына жоғары баға беріп, БҰҰ-ның Ауғанстанға жәрдемдесу миссиясын Алматыға ауыстырудағы Қазақстанның атқарған маңызды еңбегін атап өтті. Айта кету керек, Қазақстан 2022-2024 жылда БҰҰ-ның Адам құқықтары жөнінде Кеңес мүшелігіне сайлануға ниетті.

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі: - Бұл Кеңеске мүше ретінде кіретін болсақ, Қазақстан мына халықаралық ұйымдармен, мүше мемлекеттермен біздің Қазақстандағы болып жатқан демократиялық реформалар жөніндегі біздің тәжірибемізбен бөлісуге болады. 

Мұхтар Тілеуберді Дүниежүзілік сауда ұйымының басшысы Нгози Оконджо-Ивеаламен келіссөз өткізіп, көп жақты сауда жүйесін нығайту мен осы жылдың аяғында өтетін 12 министрлік конференцияға дайындық шараларын талқыға салды.                                                                                                  

 Мұхтар Тілеуберді, ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі: - Бұл министрлік кездесуіңде біздің мемлекетіміз төрағалық етуде. Әрине ең бастысы – бұл конференция барысында нәтижелі талқылаулар өтуге біз бар мүмкіндігімізді саламыз. Бұл министрлік кездесуге біздің президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев қатысатын болады. 

Нгози Оконджо-Ивеала, ДСҰ Бас директоры: - Жалпы сауда мен Дүниежүзілік сауда ұйымының пандемиямен күресте маңызы зор. Қазір алдымызда тұрған мәселелер – бұл вакцина тапшылығы және онымен барлығын тең қамту болып отыр.  Еуропада ересектердің 70%, ал АҚШ-та 60%-інен астамы вакциналанған, ал кедей елдерде тек бір-екі процент. Бұл ойға сыйымсыз. Егер Қазақстан вакцина өндіре алса, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны қолдағаннан кейін өзге елдерге экспорттау жақсы болар еді. Елдеріңіз Дүниежүзілік сауда ұйымының 12-Министрлік Конференциясын өткізетіне өте ризамыз. 

Швейцариядағы келіссөздер нәтижесіндегі тағы бір елеулі жетістікті атап өткен жөн. Жақын арада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының арнайы миссиясы отандық QazVac вакцина өндірісінің стандарттарын бағалау үшін елімізге келеді. Бұл осы препаратты ұйымда тіркеу үшін қажет шара. Сондай-ақ делегациямыз БҰҰ Бас хатшысының орынбасары әрі осы ұйымдағы Еуропалық экономикалық комиссияның атқарушы хатшысы Ольга Алгаеровамен келіссөздер өткізді. Кездесу барысында Орталық Азия экономикалары үшін Арнайы бағдарламаны жүзеге асыру шаралары талқыланды. Бұл өңірімізде сауда, логистика және инфрақұрылымды дамытуға арналған жоба. Қазақстан осы бағдарлама Хатшылығын Алматыда орналастыруды ұсынды. 

 

Источник: Хабар 24

ru Интенсивное озеленение Костанайской области идет в рамках акции " Таза

ru Фонд «Әділ сөз» сделал заявление в честь Всемирного дня свободы

ru Глава государства принял участие в церемонии открытия авиабазы Национальной гвардии

ru Аслан Абдраимов назначен вице-министром водных ресурсов и ирригации

ru Скоростной режим изменился на автомобильной дороге «Астана-Темиртау»

ru Инфляция в апреле 2024г. в годовом исчислении составила 8,7%

ru Почти 1,5 тысячи голов домашнего скота отогнали в безопасные места

ru В Казахстане могут появиться дороги японского качества

ru Токаев принял управляющего Международным финансовым центром «Астана»

ru Фрагмент пальца помог раскрыть преступление

ru Суд по делу о нападении на водителя скорой помощи будут

ru Антикор направил в суд дело в отношении Гульмиры Сатыбалды

ru Казахстанские школьники вошли в тройку сильнейших юных математиков Балканского полуострова

ru Казахстан увеличит тариф на транзит российской нефти в Китай

ru Меры по сдерживанию цен на овощи в межсезонье приняли в

ru Фейк о фейке разоблачили в eGov

ru Полиция продолжает проверки объектов массового скопления людей

ru Грозу и сильный ветер ожидают в Алматы 1 мая

ru Почти полкило гашиша пытались прислать из Швеции в Казахстан

ru 862 млн тенге были похищены при модернизации ураноперерабатывающего предприятия на

ru Рекордный рост экономики отмечен в Алматы за последние 10 лет

ru Задержан экс-министр внутренних дел Ерлан Тургумбаев

ru Полицейские Алматы посадили яблони

ru Фонтаны в Алматы заработают 1 мая

ru Охранника морга в Алматы задержали за некрофилию

ru Увеличивается количество рейсов в г. Пекин

ru Более 13 тыс. казахстанских семей получили господдержку после паводков

ru 40 млрд тенге обращены в доход государства

ru 101-летняя жительница города Тараз внесла свой вклад в акцию «Таза

ru Лжеполицейских задержали в Шымкенте – МВД