• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Жер сатуға наразылық білдірушілердің қатарына өнер саласындағы азаматтар да қосылды

Алматы. 27 сәуір. Ақпараттар орталығы. Жер сатуға наразылық білдірушілердің қатарына өнер саласындағы азаматтар да қосылды. Олар бірауыздан халықпен бірге екендерін, жердің саудасына да, оның жалға берілуіне де қарсы екендіктерін айтып отыр. Бұған қоса, ел ішіндегі наразылықтың басқа арнаға бұрылып кетпеуіне алаңдаулы, деп хабарлайды "31 арна".

Жай уақытта бастары көп біріге бермейтін әнші, актер, журналистер бұл жолы пікірлерін айтуға бірге жиналды. Өйткені, бәрінің де талабы ортақ. «Жер жалға берілмесін» деген.

СӘКЕН МАЙҒАЗИЕВ, Әнші:

- Біреу ертең отқа май құйып жіберсе үлкен бір адам шығынына әкеп соқтыруы мүмкін. Сол үшін тез арада елдің бейбітшілігін қаласа, халық санының артқанын қаласа, кемімегенін қаласа, билік ертерек шешімін өзгертсе деген талап тілегіміз бар.

Жиналғандардың бұлайша дүрлігуіне әсіресе, Қытай инвесторларының қазірден-ақ қызығушылық танытып отыруы бір себеп. Жерді жалға беру- басы бүтін бергенмен тең деп есептейтін өнер иелері, ел болып қазір тойтарыс бермесек, кейін кеш бола ма деседі.

БАҚЫТ ТУШАЕВ , Актер:

- Не үшін жалға беруіміз керек? Қытайлар 25 жылға жалға алатын болса оған соя егетін болса үш-ақ жылда жердің тас-талқанын шығарады. Он жылдық құнарын үш-ақ жылда жойып тастайды. Және ертең 10 жылдан кейін сол жерді өзімізге жалға бермесіне кім кепіл?

Ал актер Бекжан Тұрыс пен ақын Ринат Зайытов ел жанұшыра шулап жатқанда, үкіметтің сырғытпа жауаппен шектелуі халықтың қарсылығын толқуға ұластырып жібере ме деп алаңдаулы. Сондықтан, бұл айтқандарымызды билік тарапы сес көрсету емес, ел мен үкіметті мәмілеге келтірудің жалғыз жолы деп түсінсе екен дейді.

БЕКЖАН ТҰРЫС, Актер:

- Ашынып атқа қонған қазақтың алдында тұрма, тамтығыңды шығарады. Сондықтан соны ойлау керек. Халықты ашындырмау керек.

РИНАТ ЗАЙЫТОВ, Айтыскер ақын:

- Халықтың үніне құлақ асып жатқан ешкім жоқ болғаннан кейін бұл осындай көтеріліске жетелейді. Халықтың ашуын тудырады. Бұл туындап жатқан дүмпу енді өршімесе бәсеңсімейді. Ол халық ертең атамекен жері үшін, ұрпағына мирас болатын, қала берді өзі өлгеннен кейін көмілетін жері үшін ол аяғына дейін барады.

Қысқасы, елмен бірге екендерін білдіргісі келген танымал тұлғалар, келесі жиында қайта жүздескенше деп тарқасты. Өйткені, белсенді топ, мұнымен тоқтап қалмақ емес екен.

СӘКЕН МАЙҒАЗИЕВ, Әнші:

- 21-не жұрттың бәрі жиналғалы жатыр. Алла нәсіп етсе бізде бой көтереміз. Ойымызды айтамыз. Бізде бұғып қалмаймыз. Өйткені, бұл біздің жеріміз. Ата-бабаларымыздан қалған жер.

Мақсат Толықбай, Ринат Абулқайыров

Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.

kz Патриоттық сезім әр жанның бойынан табылады

ru МВД обратилось к выпускникам и их родителям

ru Глава государства принял председателя Национального собрания Турции Нумана Куртулмуша

ru Ерулан Жамаубаев назначен советником президента

ru Президент Ирана Эбрахим Раиси погиб при крушении вертолета

ru Общегородская сейсмотренировка пройдет в Алматы 21 мая

ru Землетрясение в 2 балла произошло в Алматы

ru Пострадавшим от паводков аграриям возместят ущерб

ru Касым-Жомарту Токаеву подарили торт

ru Невероятное спасение ребенка полицейскими попало на видео в Таразе

ru Завершено расследование в отношении председателя Комитета рыбного хозяйства МСХ РК

ru Предприниматель Ануарбек Джексенгалиев приговорен к 6,8 годам за легализацию преступных

ru Автомобиль провалился в яму на трассе Атырау-Индер

ru Прокуроры Алматы вернули земли природного парка «Медеу»

ru Сквер на месте снесенного СИЗО появится в Алматы

ru Мужчина умер в полицейской машине в Жезказгане

ru Более 90 преступлений раскрыто четвероногими полицейскими Алматинской области

ru Казахстан и Китай договорились об оказании взаимной правовой помощи

ru Нурлан Ногаев освобожден от должности акима

ru Незаконно построенный магазин сносят в Алматы

ru НПП «Атамекен» и АФМ достигли соглашения о мерах по защите

ru АО «КазТрансГаз Аймак» провел ребрендинг и стал «QAZAQGAZ AIMAQ»

ru Вор, орудовавший в мечетях, задержан в Алматы

ru Ребенок погиб под колесами микроавтобуса в Алматинской области

ru В Алматы ожидаются проливные дожди

ru Имена Толоконникова, Померанцева, Хасангалиева и Серкебаева дадут улицам в Алматы

ru Правила рекламы БАДов, диетического питания и косметики разработали в Казахстане

ru Вдоль автодороги Караганда-Темиртау высадили 1000 деревьев

ru Запущен новый образовательный сервис «Bilim» в мобильном приложении eGovMobile

ru Сколько составила средняя зарплата в Казахстане