• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Еуразиялық экономикалық одақтан біз ешқандай «ғажайыптар» күтпейміз - Путин

Алматы. 31 мамыр. Ақпараттар орталығы. Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде «Еуразиялық экономикалық одақтан ешқандай «ғажайыптар» күтпейтінін» айтты.
 

«Еуразиялық экономикалық одақтан біз ешқандай «ғажайыптар» күтпейміз, бірақ интеграциялық өзара іс-қимыл бізге қазіргі қиындықтарды жеңуге көмегін тигізеді», - деді В. Путин.
 

Ол Қазақстанның жақын серіктес және ең сенімді одақтас екенін айтты.

«Арамызда берік экономикалық қарым-қатынас орныққан. Бұған дейінгі жылдарда Қазақстан экономикасы жақсы қарқын алып, оның дамуының іргелі негізі қаланды. Осының барлығы қазіргі қиындықтарды еңсеруге мүмкіндік береді», - деп санайды Ресей президенті.
 

Өз кезегінде Қазақстан президенті Ресейдің ең жақын көршіміз, экономикалық және саяси тұрғыдан одақтасымыз әрі серіктесіміз екенін, солай болып қала беретінін атап өтті.
 

«Біздің бірлесе жүргізген жұмыстарымыздың арқасында ТМД өмір сүріп келеді, Еуразиялық экономикалық одақ құрылды. Күрделі халықаралық жағдайларға қарамастан, ол бүгінде қызметін жалғастыруда. Мәскеуде өткен Жеңіс күні мерекесіне шақырғаныңыз үшін тағы да ризашылығымды білдіремін. Биыл үлкен мерекелер бар – ТМД-ның құрылуының 25 жылдығы, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер тәуелсіздігінің мерейтойлары, Ресей күні», - деді мемлекет басшысы.
 

Жалпы, оның айтуынша, біздің алдымызда ШЫҰ, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесі, Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы, сондай-ақ Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында тығыз кездесулер кестесі тұр. 

«Осындай кездесулердің көптігі біздің елдеріміз арасындағы қарым-қатынастың өзара сенімді сипаты бар екенін білдіреді. Талқылаулар арқылы біз кез келген мәселені шешіп келеміз, бұл ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға септігін тигізеді», - деді Н. Назарбаев

Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.

ru Сколько составила средняя зарплата в Казахстане

ru Конкурс карикатур прошел в колонии ЗКО

ru Президент принял министра внутренних дел Ержана Саденова

ru Госаудит выявил нарушения почти на 26 млн тенге в одной

ru 365 фактов фиктивной вакцинации выявили прокуроры в ВКО

ru Токаев принял министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности

ru Водителям мопедов дадут полгода, чтобы зарегистрировать их и получить права

ru Бишимбаев приговорен к 24 годам заключения

ru Поджигатель машины задержан полицией Алматы

ru 12 тыс. км дорог планируется отремонтировать в 2024 году

ru Токаев принял министра культуры и информации Аиду Балаеву

ru 100% учебников оцифрованы в Казахстане

ru В Алматы за месяц высадили 30 тысяч деревьев

ru В СКО начато строительство 200 домов для пострадавших от паводков

ru Первый казахстанско-африканский фильм выходит в казахстанский прокат

ru 10 тонн мусора вывезено с берегов Капшагайского водохранилища

ru Полиция переведена на усиленный вариант несения службы в Алматы

ru Приговор Бишимбаеву огласят 13 мая

ru Меры по обеспечению поливной водой на юге страны находятся на

ru Правительством на борьбу с саранчовыми вредителями выделено 8,1 млрд тенге

ru Получить место в общежитии студенты смогут через проактивную услугу

ru Женский экипаж Академии гражданской авиации совершил первый полет

ru Уровень реки Жайык в селе Махамбет превышает критический уровень на

ru Кто стоит за депутатскими запросами?

ru Жаңа адамдар: В Казахстане зарождается новое сообщество – «те, кого

ru Жаслан Мадиев назначен министром цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности

ru Альпиниаду в Алматы перенесут на другой день и на другой

ru Адвокат подозреваемого сможет копировать протоколы его допроса

ru Аэропорт Астаны опроверг сообщения о срыве капитального ремонта полосы

ru Полиция помогла гражданину США с поиском информации о родственниках в