• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Кеңсеге барып жұмыс жасайтын қазақстандықтар саны 25 пайызға қысқарған

Алматы. 13 қазан. Ақпараттар орталығы -  Кеңсеге барып жұмыс істейтін қазақстанлықтар саны 25 пайызға азайды. Бұл туралы Еңбек ресурстарын дамыту орталығы мәліметінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ (ЕРДО) мамандары Google деректеріне сүйене отырып тұжырымдағандай, 2020 жылғы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығындағы бір аптада қазақстандықтардың жұмыс орнында болуы, яғни 2020 жылдың басындағы көрсеткішке қарағанда 74-75 пайызды құрады. «Адамдардың жүріп-тұруына жасалған талдау барысы, тұтастай қарағанда карантиндік шектеулерді енгізу және алып тастау мерзіміне сәйкес келеді. Мәселен, жұмыс орындарына барудың айтарлықтай бәсеңдеуі 16 наурызда басталып, бақылау мәндері тұрғысында 14% төмен болды, ал наурыздың аяғы мен сәуірдің басындағы жаппай карантиннің басында жұмыс орындарына келу әдеттегі көрсеткіштен 46-дан 55 пайызға дейін ауытқыды», - деді ЕРДО болжау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.

Қаңтардағы көрсеткіштерге маусымның басындағы белгілі бір аралық уақыт жақын болды (жұмысқа бару - 78-80%). Содан кейін жұмыс орындарына бару қайтадан шілденің ортасындағы 60-63%-ға дейін төмендеуін жалғастырды. Одан соң бірқалыпты өсім қазіргі 74-75%-ға дейін көтерілді. «Біз аталған қазақстандықтардың 25-26 пайызы жұмыссыз қалды демейміз. Керісінше, олардың басым бөлігі қашықтан жұмыс істеуге ауысты деп санаймыз», - деп нақтылады талдаушы.

Google мәліметін зерделер болсақ, олардың деректер шоғыры COVID-19-пен күресудің жаңа шектеулеріне және басқа шараларға байланысты адамдардың мінез-құлқының қалай өзгергенін көрсетеді. Есептерде адамдардың үйлерінен қаншалықты жиі немесе сирек шығатындығы және сауда орындары, ойын-сауық орталықтары, азық-түлік дүкендері, дәріханалар, саябақтар, вокзалдар және тағы басқа жерлерге баратыны көрініс тапқан. Биылдың 3 қаңтарынан 6 ақпанына дейінгі және 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығындағы бақылау кезеңдерін салыстырар болсақ, мейрамханалар, дәмханалар мен сауда орталықтарына барудың 14-17 пайызға, ал саябақтарға барудың 5-7 пайызға төмендегені анықталады. Азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға бару, сондай-ақ халықтың тұрғын аудандардағы қозғалысы іс жүзінде өзгерген жоқ.

Источник: ҚазАқпарат

ru 3 года без преступлений: жители села отказались от алкоголя в

ru «КазАвтоЖол» запустил онлайн-трансляцию на участках автодорог республиканского значения

ru Древние захоронения в городище Сарайшык защищены от подтоплений

ru Казахстанский миротворец встретился с африканскими школьниками

ru В Алматы определят «Лучший арт-объект из мусора»

ru Правила приема в школу изменили в Казахстане

ru Почему игнорируются статьи Закона РК «О газе и газоснабжении»?

ru Интенсивное озеленение Костанайской области идет в рамках акции " Таза

ru Фонд «Әділ сөз» сделал заявление в честь Всемирного дня свободы

ru Глава государства принял участие в церемонии открытия авиабазы Национальной гвардии

ru Аслан Абдраимов назначен вице-министром водных ресурсов и ирригации

ru Скоростной режим изменился на автомобильной дороге «Астана-Темиртау»

ru Инфляция в апреле 2024г. в годовом исчислении составила 8,7%

ru Почти 1,5 тысячи голов домашнего скота отогнали в безопасные места

ru В Казахстане могут появиться дороги японского качества

ru Токаев принял управляющего Международным финансовым центром «Астана»

ru Фрагмент пальца помог раскрыть преступление

ru Суд по делу о нападении на водителя скорой помощи будут

ru Антикор направил в суд дело в отношении Гульмиры Сатыбалды

ru Казахстанские школьники вошли в тройку сильнейших юных математиков Балканского полуострова

ru Казахстан увеличит тариф на транзит российской нефти в Китай

ru Меры по сдерживанию цен на овощи в межсезонье приняли в

ru Фейк о фейке разоблачили в eGov

ru Полиция продолжает проверки объектов массового скопления людей

ru Грозу и сильный ветер ожидают в Алматы 1 мая

ru Почти полкило гашиша пытались прислать из Швеции в Казахстан

ru 862 млн тенге были похищены при модернизации ураноперерабатывающего предприятия на

ru Рекордный рост экономики отмечен в Алматы за последние 10 лет

ru Задержан экс-министр внутренних дел Ерлан Тургумбаев

ru Полицейские Алматы посадили яблони