• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Климаттың өзгеруі: болжамдар жаға ұстатады

Фото:InoSMI

Алматы. 16 тамыз. Ақпараттар орталығы -  БҰҰ 2015 жылы климат бойынша Париж келісімін қабылдаған еді. Оның басты мақсаты – парниктік газдардың мөлшерін азайту. Бұл туралы «Әлем» бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Хабар 24.

Соның арқасында 2100 жылға дейін әлемде орташа жылдық температураның 2 градустан артық көтерілуіне жол бермей, көрсеткішті 1,5 градус шамасында ұстап тұру көзделген. Алайда ғалымдар бұл көрсеткішке 80 жылдан кейін емес, алдағы 20 жыл ішінде жетуіміз мүмкін екенін ескертіп отыр. Ондай жағдайда аптап ыстық жиілей түседі. Жылы мезгілдер ұзарады. Тиісінше мұздықтар тез еріп, су басу қаупі арта түседі. Теңіз экожүйесі бұзылады.

Боб Копп, Жер, мұхит пен атмосфера туралы ғылымдар институтының директоры:  - 2050 жылға таман теңіз деңгейі 15-30 сантиметрге дейін көтерілуі мүмкін. Сорақысы сол – ауаға бөлінетін зиянды заттардың мөлшерін азайтқан күннің өзінде де біз осындай жағдайға тап болуымыз ғажап емес. Бұл да – жаһандық жылынудың әсері.

Сарапшылар: «Жаһандық жылынудың ең басты себебі – адамның іс-әрекетімен байланысты», – дейді. Мәселен бір ғана орман өртін алып қарасақ, Италияда биыл жазда тілсіз жаудың  70% адам қолымен жасалған. Көбінде от қасақана қойылыпты. Тек 2% ғана найзағай түсуі секілді табиғи жағдайлардан болған.   

Джон Совен, Жаһандық жылыну жөніндегі компанияның атқарушы директоры: - Ғалымдар не істей алады? Олар баяндамалар дайындайды. Алайда әлемді құтқарып қала алмайды. Олар тек болып жатқанды түсіндіріп, не боларын болжайды. Жаһандық жылынумен күресте түрлі елдердің билігі әрекет ету керек. Мәселен ауаға бөлінетін зиянды заттардың төрттен бірі Қытайдың үлесінде. Бірақ Қытай билігі әрекет етпесе, біз өз бетімізбен бұл мәселені қалай шешеміз?

Негізі сарапшылар жаһандық жылынудың салдары қазірдің өзінде байқалып отырғанын айтады. Мысалға Еуропадағы орман өртін келтіреді. Ол Италия, Түркия, Грекия халқын әбігерге салды. Негізі Грекияда жылда орман өртенеді. Алайда биыл кейінгі 35 жылда болмаған аптап тіркелді. Бұл тілсіз жаудың өршуіне қолайлы жағдай жасаған. Италияда жуырда термометр бағаны 48,8 градусты көрсеткен. Кейбір мамандар мұндай температура Еуропада алғаш рет тіркелгенін айтады. Баяндама авторларының айтуынша, бұрындары аптап ыстық 50 жылда бір болса, қазір 10 жыл сайын қайталанады екен. Егер орташа температура бір жарым градусқа артса, бұл құбылыс 7 жыл сайын тіркелетін болады. Жаһандық жылынудың әсері АҚШ-та да байқалып отыр. Мәселен, Калифорнияға мәңгі қуаңшылық қаупі төніп тұр. Құрғақшылық мәселесі Қазақстанды да айналып өтпеді. Салдарынан мал шаруашылығы қатты зардап шегіп отыр. Ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін жем-шөпті басқа елдерге  шығаруға тыйым салынды. Осы ретте еліміздің батысындағы жағдай жаһандық жылынудың бір көрінісі емес пе деген сауал туындайды. Бұл жайында мамандар былай дейді.   

Сабыр Асылбеков, климаттың өзгеруі жөніндегі маман: - Бұл жағдай әрине, аномалды болып табылады. Бірақ ол кездейсоқ жағдай емес. Себебі температураның жоғарылауы жыл сайын байқалып отырады. Бізде Қазгидрометтің деректері бойынша Қазақстанда әр 10 жыл сайын температура 0,2 - 0,3 градусқа артады, әрбір 10 жыл сайын. Бірақ Батыс Қазақстанда ол көрсеткіш – 0,38 градус. Елде климаттың өзгеру салдарлары байқалады. Бірінші кезекте ол – мұхиттағы шағын аралдар. 

Ғалымдар бәріне ең алдымен адамзат кінәлі екенін айтады. Сондықтан мәселені шешу де өзіміздің қолымызда. Сарапшылар Париж келісіміне қол қойған тараптар құжаттағы міндеттемелерді бұлжытпай орындау керектігін айтып отыр. Негізі келісімде бұл үшін айыппұлдар қарастырылмаған. Бірақ кейбір сарапшылар тиісті жаза қолдану климатың өзгеруімен күресте айтарлықтай нәтиже беретінін айтады. Мәселен Францияда енді темекі өнімдерін өндірушілер жыл сайын мемлекеттік бюджетке 80 миллион еуро төлейтін болады. Қомақты ақша көшеде жатқан тұқылдарды жинауға жаратылады. Негізі тұқылдарды арнайы бөлінген орынға тастамағандаға да айыппұл қарастырылған. Осылайша қоршаған ортаның ластануы үшін темекі шегетін адаммен қатар өндірушілер де жауапқа тартылатын болады.

Источник: Хабар 24

ru Лжеполицейских задержали в Шымкенте – МВД

ru Проблемные вопросы строительства в предгорной зоне г.Алматы рассмотрены на заседании

ru Виновный в смертельном ДТП с участием автобуса приговорен к 8

ru В экологической акции «Жасыл Аймақ» приняла участие и активная молодежь

ru В Алматы примут новый план реализации градостроительных регламентов

ru Предпринимателям компенсируют потери от паводков: утверждены правила

ru В Казахстане впервые вынесли приговор по факту хищения газа тепличным

ru В районе Эвереста запущена базовая станция 5G-A

ru Паводки в Казахстане: есть ли риски вспышки холеры и брюшного

ru Режим жесткой экономии введут в Казахстане - Токаев

ru Полицейские установили автора фейка о волонтерах в СКО

ru Учебный год в школах Казахстана завершится 25 мая

ru Порядка 15,5 тыс. пострадавших от паводков охвачено мерами поддержки по

ru Спецоперация проведена в баре Алматы

ru Почти треть участников финрынка используют ИИ в Казахстане — Нацбанк

ru «Крутые» госномера можно будет переоформлять на родственников

ru Сменились заместители председателя АНК

ru 3 крупные виртуальные точки продажи наркотиков выявило АФМ

ru Преподавателям вузов увеличат доплату за ученые степени

ru В Мангистау лиц с инвалидностью заставляли просить милостыню

ru 100 саженцев высадили в городе Жезказган в рамках недели "Жасыл

ru Подростка, “заминировавшего” собственную школу, осудили в Темиртау

ru В Правительстве дали разъяснения касательно дополнительной помощи пострадавшим от

ru Глава государства провел телефонный разговор с Президентом Узбекистана Шавкатом Мирзиёевым

ru Глава государства принял президента KIA Corporation Хо-сунг Сонга

ru МСХ предупредило о фейках о продаже мяса павшего скота

ru Сообщить о повреждениях на дорогах Алматы можно в чат-бот Telegram-канала

ru Два участка трассы Екатеринбург-Алматы закрыты из-за переливов воды

ru На защиту леса – самую массовую акцию высадки саженцев провели

ru Фонд «Әділ сөз»: СМИ имеют законное право освещать ситуацию в