• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Көлік ұрлығы. Депутаттар шанақ пен қозғалтқыш номерін тексеруді қайтаруды ұсынды

Фото:Хабар 24

Алматы. 2 қараша. Ақпараттар орталығы -  Биыл сегіз айда елде мың жеті жүзден астам көлік ұрланды. Ұшты-күйлі жоғалған темір тұлпардың тек 250-ге жуығы ғана табылып, иесіне қайтарылған, деп хабарлайды Хабар 24.

Қалғанының өзі де жоқ, ізі де жоқ.  Көлік ұрлығының көбейіп, табылу деректерінің азаюына не себеп?  Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында шанақ номерін тексеру қызметі қайта енгізіле ме?  Көліктің шанағы мен қозғалтқыш номерін тексеру қызметін қайта енгізу керек. Мәжіліс депуттатары үкіметке осындай ұсыныс жасады.

Депутаттардың айтуынша, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығындағы бұл қызметті алып тастау көлік ұрлығының көбеюіне себеп болды. Ақпаратты санмен нақтыласақ. Былтыр Қазақстан аумағында 1490 көлік ұрланып, 671-і ғана табылды. Ал биыл сегіз айда 1 мың 733 темір тұлпар қолды болды. Әзірге тек 240-қа жуығы ғана табылған. 

Ерсұлтан Бектұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

- 2018-2019 және биылғы жылы көліктің шанақ номерін, қозғалтушы номерін, мотор мен кузов дейді ғой. Соны тексеру қазір жоқ. Басында ондай шешім халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын тездету мақсатында жасалған болатын. Оның екінші жағы көлік ұрлауға және табылмауына себеп болып отыр. Кейінгі 2 жыл сегіз айдың ішінде 2 млн 300 мыңнан астам адам қайтадан тіркелген. Екінші тіркелуден өткен. Олардың біреуінің де шанағы да, қозғалтқышы да тексерілмеген. Сондықтан оның ішінде жоғалған автокөліктердің болуы әбден мүмкін. 

Биылдың өзінде елордада көлік ұрлаудың 94 дерегі тіркелді. Дегенмен, бұл былтырмен салыстырғанда 30 процентке аз көрсеткіш. Қазір қылмыстық істің 77-сі ашылды. Жоғалған 17 көлік табылған. Бірақ ұры жоқ. Көп жағдайда сұғанақ қолдар темір тұлпарды тонап, қаңқасын ғана қылдырып кетеді. Полицейлердің айтуынша, ұрлықтың 70-80 процентіне тұрғындардың көлікті ашық қалдыруы себеп. 

 Әсет Талапбеков, қалалық ПД мүліктік қылмыстарды ашуға қарсы бөлімінің бастығы: 

 - Қыстың күні машинаны қыздырып, кілтімен қалдырады ашық түрде. Ұсталатын азаматтардың көбі ішімдік ішкен, сондай азаматтар ұсталады бізде көп. Алдын ала дайындалған ол қымбат көліктерді айдап әкетеді. Оған жоғары технологиялық техниканы пайдаланады. Алдын ала кету жолдарын анықтайды. Басқа облыстарға, басқа елдерге өтіп кету бар бізде практика көрсетеді біздерде оны. Өткен жылы бізде жоғалған 12 автокөлік табылмады. Бірақ бізде былтырмен салыстырғанда арызданушылардың саны 30 процентке азайды. Өйткені профилактика жұмыстар жүріп жатыр. Бейнекамералардың көмегі көп тиіп жатыр. 

Тәртіп сақшыларының айтуынша, көлік ұрлығына немесе жоғалған көлікті табуға шанақ номерін тексеру қызметі маңызды емес. Мұны тәжірибе көрсеткен. 

Дмитрий Демидов, қалалық полиция департаментінің басқарма бастығы:

- Бұған дейін шанақ номерін тексеру қызметі болған кезде Ішкі істер министрлігі сараптама жүргізді. Әрине құжаттағы номер мен шанақ нөмірі сәйкес келмейтін бірнеше көлік анықталды. Жалған номерді көбіне шетелде жасатып келеді. Сондықтан бұл қызмет біздегі қылмыстарды ашуға немесе жоғалған көлікті табуға айтарлықтай көмек берген жоқ. Сондықтан министрлік бұл қызметті тиімсіз деп шешті.

Ішкі істер министрлігінің мәліметіне қарағанда биыл шанақ номерін заңсыз өзгерту туралы бір де бір дерек тіркелмеген. Ал бұл қызмет түрін алып тастау көлікті қайта тіркеу кезінде көрсетілетін мемлекеттік қызметті толықтай автоматтандыруға мүмкіндік берген. Сондықтан алданып қалмау үшін әркім өзіне бекем болып, өз көлігінің шанақ нөмірін мұқият тексергені абзал. 

Источник: Хабар 24

ru Жаслан Мадиев назначен министром цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности

ru Альпиниаду в Алматы перенесут на другой день и на другой

ru Адвокат подозреваемого сможет копировать протоколы его допроса

ru Аэропорт Астаны опроверг сообщения о срыве капитального ремонта полосы

ru Полиция помогла гражданину США с поиском информации о родственниках в

ru Электрослесарь шахты им.Костенко награжден орденом

ru «АстраЗенека» и казахстанские специалисты объединяют усилия для лечения заболеваний сердца

ru 3 года без преступлений: жители села отказались от алкоголя в

ru «КазАвтоЖол» запустил онлайн-трансляцию на участках автодорог республиканского значения

ru Древние захоронения в городище Сарайшык защищены от подтоплений

ru Казахстанский миротворец встретился с африканскими школьниками

ru В Алматы определят «Лучший арт-объект из мусора»

ru Правила приема в школу изменили в Казахстане

ru Почему игнорируются статьи Закона РК «О газе и газоснабжении»?

ru Интенсивное озеленение Костанайской области идет в рамках акции " Таза

ru Фонд «Әділ сөз» сделал заявление в честь Всемирного дня свободы

ru Глава государства принял участие в церемонии открытия авиабазы Национальной гвардии

ru Аслан Абдраимов назначен вице-министром водных ресурсов и ирригации

ru Скоростной режим изменился на автомобильной дороге «Астана-Темиртау»

ru Инфляция в апреле 2024г. в годовом исчислении составила 8,7%

ru Почти 1,5 тысячи голов домашнего скота отогнали в безопасные места

ru В Казахстане могут появиться дороги японского качества

ru Токаев принял управляющего Международным финансовым центром «Астана»

ru Фрагмент пальца помог раскрыть преступление

ru Суд по делу о нападении на водителя скорой помощи будут

ru Антикор направил в суд дело в отношении Гульмиры Сатыбалды

ru Казахстанские школьники вошли в тройку сильнейших юных математиков Балканского полуострова

ru Казахстан увеличит тариф на транзит российской нефти в Китай

ru Меры по сдерживанию цен на овощи в межсезонье приняли в

ru Фейк о фейке разоблачили в eGov