• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Мәжіліс депутаттары жол салу жұмыстарының уақтылы аяқталуын назарға алды

Фото:Хабар 24

Алматы. 12 шілде - Ақпараттар орталығы - Мәжіліс депутаттары Дүйсенбай Тұрғанов және Нұрлыбек Ожаев Атырау облысының Исатай ауданына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Хабар 24.

Онда 2022 жылдың соңына дейін аяқталуға тиіс Атырау – Астрахань күре жолының құрылысымен танысты. Пандемия кезінде жол салу жұмыстары тоқтамағанымен, жергілікті тұрғындардың айтуынша, құрылыс баяу жүруде. Мәжіліс депутаттары осы мәселенің жай-жапсарымен танысып, құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мекеме өкілдерімен жүздесті. Айта кету керек, қазір 277 шақырым жолдың 53%-тен астам бөлігі аяқталған. «Қазіргі уақытта ел іші қауіпті індеттен зардап шегіп отырғанда жол салу жұмыстарының тоқтамай жүргізілуі көңілге қуаныш ұялатады. Десе де бұл мәселе халықтың көп жылдан бері күткені, әбден шынбайынан өткені де белгілі. Себебі, жол – елмен елді, ауылмен ауылды қатынастыратын негізгі көрсеткіштің ажырамас бөлігі. Сол үшін де маңызы мен мәні биік осы жол құрылысының сапалы жүргізіліп, уақытылы аяқталуы басты назарда болады», - деді депутат Н.Ожаев. Сапар барысында халық қалаулылары Исатай ауданының орталығы Аққыстау ауылында тұрғындармен жүздесіп, олардың өтініш-тілектерін тыңдады. Тұрғындар экологиялық мәселелерді ортаға салып, ұсыныстарын да жеткізді. Қазір аудан су тапшылығының салдарынан қиындық көріп отыр. Өйткені, жайылым мен шабындыққа су шықпай, төрт түліктің жағдайы қиындаған. Одан бөлек, Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне байланысты қалыптасқан қиындықтар да айтылды. Мәжіліс депутаттары аталған мәселелердің оң шешілуіне күш салатындарын жеткізді. Одан әрі депутаттар Жанбай ауылына арнайы ат басын бұрып, тұрғындармен кездесті. Жанбайлықтар өздерін толғандырған түйткілді мәселелерін ортаға салды. Халық қалаулылары әр мәселенің уақтылы шешім табатынын айтты.

Источник: Хабар 24

ru Интенсивное озеленение Костанайской области идет в рамках акции " Таза

ru Фонд «Әділ сөз» сделал заявление в честь Всемирного дня свободы

ru Глава государства принял участие в церемонии открытия авиабазы Национальной гвардии

ru Аслан Абдраимов назначен вице-министром водных ресурсов и ирригации

ru Скоростной режим изменился на автомобильной дороге «Астана-Темиртау»

ru Инфляция в апреле 2024г. в годовом исчислении составила 8,7%

ru Почти 1,5 тысячи голов домашнего скота отогнали в безопасные места

ru В Казахстане могут появиться дороги японского качества

ru Токаев принял управляющего Международным финансовым центром «Астана»

ru Фрагмент пальца помог раскрыть преступление

ru Суд по делу о нападении на водителя скорой помощи будут

ru Антикор направил в суд дело в отношении Гульмиры Сатыбалды

ru Казахстанские школьники вошли в тройку сильнейших юных математиков Балканского полуострова

ru Казахстан увеличит тариф на транзит российской нефти в Китай

ru Меры по сдерживанию цен на овощи в межсезонье приняли в

ru Фейк о фейке разоблачили в eGov

ru Полиция продолжает проверки объектов массового скопления людей

ru Грозу и сильный ветер ожидают в Алматы 1 мая

ru Почти полкило гашиша пытались прислать из Швеции в Казахстан

ru 862 млн тенге были похищены при модернизации ураноперерабатывающего предприятия на

ru Рекордный рост экономики отмечен в Алматы за последние 10 лет

ru Задержан экс-министр внутренних дел Ерлан Тургумбаев

ru Полицейские Алматы посадили яблони

ru Фонтаны в Алматы заработают 1 мая

ru Охранника морга в Алматы задержали за некрофилию

ru Увеличивается количество рейсов в г. Пекин

ru Более 13 тыс. казахстанских семей получили господдержку после паводков

ru 40 млрд тенге обращены в доход государства

ru 101-летняя жительница города Тараз внесла свой вклад в акцию «Таза

ru Лжеполицейских задержали в Шымкенте – МВД