• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Мәжілісте қашықтан оқыту мен түлектердің стрестік жағдайына қатысты мәселе көтерілді

Фото:ҚазАқпарат

Алматы. 16 маусым - Ақпараттар орталығы - Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалы Ұлттық біріңғай тестілеуді ұйымдастыруға қатысты болды. Осы орайда сауал Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына жолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл мектеп түлектері Ұлттық бірыңғай тестіні жаңа форматта тапсыруда. Бейнекамераларды орнату және «прокторинг» жүйесінің арқасында Білім министрлігі тестілеу процесті ашық түрде өткізіп жатыр. Сонымен қатар, биыл түлектер қажет болған жағдайда тестіні қайта тапсыруға мүмкіндік алды. Мұның бәрі жақсы және дұрыс шаралар, бірақ ата-аналар ҰБТ-ны қайта тапсыру мерзімінің белгісіздігіне байланысты депутаттарға жүгінді. Бұл мерзім нормативті түрде анықталмаған, бірақ ауызша тамыз айының соңы деп аталды. Өткен оқу жылын қашықтан оқыту және осыған байланысты стрестік жағдай, түлектер көрсеткіштерінің нашарлауына ықпал еткенін атап өткен жөн», - деді депутат Серік Ерубаев. Оның айтуынша, балалардың көпшілігі мектепте жақсы көрсеткіштерге ие болды және тестілеудің нашар нәтижелерін өте ауыр қабылдады. Отбасылардың көпшілігі мемлекеттік органдарды қашықтан оқытудың төмен сапасын кінәләп, наразалық білдіріп жатыр. «Мұндай шағымдар үшін объективті негіз бар екенін мойындау керек. Сонымен қатар, көптеген ата-ана балаларының осы алғашқы үлкен сәтсіздікке реакциясы туралы алаңдаушылық білдіріп отыр. Өткен жылдардың статистикасын бәріміз білеміз, қанша түлек стреске төтеп бере алмады. Осы орайда жастарымызды табандылықпен жігерлендірген дұрыс болар еді. Сондықтан біздің түлектеріміздің алдыңда есік жабудың қажеті жоқ. Олардың арасында болашақ жетекшілер, таланттар әрі лайықты азаматтар шығуы мүмкін. Көптеген шетелдік жоғары оқу орындары біздің түлектерімізді ҰБТ-сыз, өз ережелері бойынша қабылдайтынын да ескеру қажет», - деді депутат. «Қайта тапсырудың алшақтауының әсері, кейбір талапкерлердің Қытай, Латвия, Чехия, Венгрия, Украина және тағы басқа елдердің университеттеріне түсуге мәжбүрлейді. Ресейдің кейбір жоғары оқу орындары жылдың басынан бастап бастап ең жақсы оқушыларды шақыра бастады, сол себепті мыңдаған дарынды балалар Қазақстаннан ҰБТ-ға дейін кетеді. Осылайша, біз ҰБТ-ны қайта тапсырудың кешіктірілуі ештеңеге негізделмеген және айқын тәуекелдерге алып келеді деп есептейміз. Осыған байланысты, құрметті Ералы Лұқпанұлы, сізден шұғыл түрде Білім министрлігіне қайта тестілеуді қысқа уақыт ішінде ұйымдастыруды және осы мәселені жеке бақылауға алуды тапсыруыңызды сұраймыз», - деді Серік Ерубаев.

Источник: ҚазАқпарат

ru Жаңа адамдар: В Казахстане зарождается новое сообщество – «те, кого

ru Жаслан Мадиев назначен министром цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности

ru Альпиниаду в Алматы перенесут на другой день и на другой

ru Адвокат подозреваемого сможет копировать протоколы его допроса

ru Аэропорт Астаны опроверг сообщения о срыве капитального ремонта полосы

ru Полиция помогла гражданину США с поиском информации о родственниках в

ru Электрослесарь шахты им.Костенко награжден орденом

ru «АстраЗенека» и казахстанские специалисты объединяют усилия для лечения заболеваний сердца

ru 3 года без преступлений: жители села отказались от алкоголя в

ru «КазАвтоЖол» запустил онлайн-трансляцию на участках автодорог республиканского значения

ru Древние захоронения в городище Сарайшык защищены от подтоплений

ru Казахстанский миротворец встретился с африканскими школьниками

ru В Алматы определят «Лучший арт-объект из мусора»

ru Правила приема в школу изменили в Казахстане

ru Почему игнорируются статьи Закона РК «О газе и газоснабжении»?

ru Интенсивное озеленение Костанайской области идет в рамках акции " Таза

ru Фонд «Әділ сөз» сделал заявление в честь Всемирного дня свободы

ru Глава государства принял участие в церемонии открытия авиабазы Национальной гвардии

ru Аслан Абдраимов назначен вице-министром водных ресурсов и ирригации

ru Скоростной режим изменился на автомобильной дороге «Астана-Темиртау»

ru Инфляция в апреле 2024г. в годовом исчислении составила 8,7%

ru Почти 1,5 тысячи голов домашнего скота отогнали в безопасные места

ru В Казахстане могут появиться дороги японского качества

ru Токаев принял управляющего Международным финансовым центром «Астана»

ru Фрагмент пальца помог раскрыть преступление

ru Суд по делу о нападении на водителя скорой помощи будут

ru Антикор направил в суд дело в отношении Гульмиры Сатыбалды

ru Казахстанские школьники вошли в тройку сильнейших юных математиков Балканского полуострова

ru Казахстан увеличит тариф на транзит российской нефти в Китай

ru Меры по сдерживанию цен на овощи в межсезонье приняли в