• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Мамин Үлкен Алматы айналма жолын 2022 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды

Фото:ҚазАқпарат

Алматы. 1 шілде - Ақпараттар орталығы - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин биыл 1 шілде күні Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының (ҮАААЖ) құрылыс барысын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

ҮАААЖ – Қазақстан мен Орталық Азиядағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы жол құрылысының ірі инфрақұрылымдық жобасы. Құрылыс-монтаж жұмыстарының құны 150 млрд теңгені құрайды. Жобаны Еуропа қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкі, Еуразия даму банкі қаржыландырады. Концессия шартына 2018 жылы 20 жыл мерзімге қол қойылды. Концессионер – «Алсим Аларко», «Макйол Иншаат», «СК Экоплант», «Корея Экспрессвэй» секілді Түркия және Оңтүстік Корея компаниялары құрған «ҮАААЖ Инвестициялар және Операциялар» ЖШС.

Алматы қаласының төңірегіндегі ұзындығы 66 км және алты жолақты қозғалысты үлкен айналма автомобиль жолы I техникалық санат параметрлеріне сәйкес келетін болады. Автожол құрылысымен қатар жаңа көпірлер, көлік жол айырықтары мен эстакадалар салу көзделген. «Жобаны іске асыру көлік қызметін көрсету сапасын арттырады, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, автомобиль көлігінің қоршаған ортаға теріс әсерін азайтады. ҮАААЖ пайдалануға берілгеннен кейін барлық транзиттік ағын – тәулігіне шамамен 38 мың автомобиль Алматы қаласын айналып өтетін болады. Бұл ретте Қытай мен Еуропа арасындағы жүк тасымалдау көлемі өседі деп күтілуде. Құрылыс алаңына шамамен 1600 адам мен 600 бірлік техника жұмылдырылған. Құрылыс аса белсенді жүргізілетін кезде 3 мыңға жуық адамды тарту жоспарланып отыр», - делінген сайтта.

Үкімет басшысы құрылыс-монтаждау жұмыстарының қарқынын арттыруды және барлық сапа стандарттарын қамтамасыз ете отырып, жұмысты кестеден 2 жылға ертерек, 2022 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды. «ҮАААЖ құрылысы Алматы агломерациясын ғана емес, сондай-ақ жалпы елдің транзиттік-көлік әлеуетін дамыту үшін де маңызды», — деді А. Мамин.



Источник: ҚазАқпарат

ru Интенсивное озеленение Костанайской области идет в рамках акции " Таза

ru Фонд «Әділ сөз» сделал заявление в честь Всемирного дня свободы

ru Глава государства принял участие в церемонии открытия авиабазы Национальной гвардии

ru Аслан Абдраимов назначен вице-министром водных ресурсов и ирригации

ru Скоростной режим изменился на автомобильной дороге «Астана-Темиртау»

ru Инфляция в апреле 2024г. в годовом исчислении составила 8,7%

ru Почти 1,5 тысячи голов домашнего скота отогнали в безопасные места

ru В Казахстане могут появиться дороги японского качества

ru Токаев принял управляющего Международным финансовым центром «Астана»

ru Фрагмент пальца помог раскрыть преступление

ru Суд по делу о нападении на водителя скорой помощи будут

ru Антикор направил в суд дело в отношении Гульмиры Сатыбалды

ru Казахстанские школьники вошли в тройку сильнейших юных математиков Балканского полуострова

ru Казахстан увеличит тариф на транзит российской нефти в Китай

ru Меры по сдерживанию цен на овощи в межсезонье приняли в

ru Фейк о фейке разоблачили в eGov

ru Полиция продолжает проверки объектов массового скопления людей

ru Грозу и сильный ветер ожидают в Алматы 1 мая

ru Почти полкило гашиша пытались прислать из Швеции в Казахстан

ru 862 млн тенге были похищены при модернизации ураноперерабатывающего предприятия на

ru Рекордный рост экономики отмечен в Алматы за последние 10 лет

ru Задержан экс-министр внутренних дел Ерлан Тургумбаев

ru Полицейские Алматы посадили яблони

ru Фонтаны в Алматы заработают 1 мая

ru Охранника морга в Алматы задержали за некрофилию

ru Увеличивается количество рейсов в г. Пекин

ru Более 13 тыс. казахстанских семей получили господдержку после паводков

ru 40 млрд тенге обращены в доход государства

ru 101-летняя жительница города Тараз внесла свой вклад в акцию «Таза

ru Лжеполицейских задержали в Шымкенте – МВД