Мүгедектігі бар адамдарға арналған қайырымдылық акция жалған – министрлік
23 Июня 2021 981 Социум
Фото:ҚазАқпаратАлматы. 23 маусым - Ақпараттар орталығы - Мүгедектігі бар адамдарға арналған қайырымдылық акциясын өткізу туралы ақпарат жалған екені анықталды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан 23 шілде күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жанында мүгедектігі бар адамдарға арналған қайырымдылық акциясы өтетіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Министрлік мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін қандай да бір акциялар өткізу жоспарланбағанын хабарлайды. Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуды сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заң бойынша жазаланады», - делінген ведомство мәліметінде. Министрлік мәліметінше, Қазақстанда мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша тұрақты негізде жоспарлы жұмыс жүргізілуде. 2020 жылы әлеуметтік төлемдерге, оңалтудың техникалық құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз етуге мемлекеттік бюджеттен 455 млрд теңге бөлінді, ағымдағы жылы бұл мақсаттарға 486 млрд теңге көзделген. Алушыларға ыңғайлы болуы, оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз етуді жақсарту үшін Әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылды (aleumet.egov.kz). Қаңтар айынан бастап порталға оңалтудың техникалық құралдарының барлық 55 түрі көшірілді. Мүгедектігі бар балаларды оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шағын сипаттағы оңалту орталықтарын ашу бойынша жұмыс жүргізілуде. Биыл 12 орталық ашылады, оның 6-ауы жұмыс істеп тұр (Павлодар облысы, қамту ауқымы – 150 бала; Қызылорда облысы – 150; БҚО – 100; Ақтөбе облысы – 350; Ақмола облысы – 100; Нұр-Сұлтан қаласы – 150). «Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың рәсімдері мен мерзімдерін оңтайландыру мақсатында Еңбекмині мүгедектікті сырттай белгілеуді енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. 1 шілдеден бастап жоба 6 өңірде: Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында іске қосылады. Жобаны іске асыру келешекте мүгедектігі бар адамдардың инстанциялар бойынша жүруін және көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмауға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада. Әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында қазіргі уақытта Әлеуметтік қызметті одан әрі жаңғырту жөніндегі ұлттық жоспар әзірленді және жақын арада қабылданатын болады.
ru Вопросы безопасности и порядок получения техусловий для газификации разъяснили на
ru Тарифы на поливную воду необоснованно завышали в Алматинской области
ru Антитеррористические учения проходят в Алматы
ru Ткани из туркестанского хлопка будут использовать Louis Vuitton и Gucci
ru В Казахстане строится вдвое больше торговых объектов, чем промышленных предприятий
ru Казахстан и Вьетнам будут обмениваться заключенными
ru Дорогу до «Медеу» обновили впервые за 14 лет
ru МВД: За два дня задержано 280 разыскиваемых преступников
ru В Алматы стартовал конкурс для начинающих архитекторов и дизайнеров
ru Музыканты из Японии выступят с Казахским государственным симфоническим оркестром
ru Рост экономики к 2029 году до $450 млрд будет достигнут,
ru В Жамбылской области усилены требования по пресечению мошенничества
ru Утверждены правила выявления жертв торговли людьми
ru АФМ завершило расследование по делу финпирамиды «World Business Consulting»
ru Выявлены системные коррупционные риски в сфере автодорог
ru Сезон массовых катаний откроется на Медеу 2 ноября
ru Коммунальщики привлечены для борьбы с наркоманией
ru Олжас Бектенов: при модернизации ЖКХ приоритет – товарам отечественного производства
ru Президент встретился с Премьер-министром Монголии Лувсаннамсрайном Оюун-Эрдэнэ
ru Кражу 250 плиток казахстанского шоколада раскрыли полицейские в Астане
ru Спецтехника готова к возможным подтоплениям в Алматы
ru Президент Касым-Жомарт Токаев прибыл с государственным визитом в Монголию
ru Самовольно занятый земельный участок возвращен в госсобственность в СКО
ru Казахстанцы смогут предъявлять электронные документы в аэропортах и вокзалах
ru Житель ЗКО осужден за неуплату алиментов
ru Касым-Жомарт Токаев направил телеграмму соболезнования Реджепу Тайипу Эрдогану
ru Акционеры Tesla потребовали выпустить дешевый электрокар
ru Региональные бренды появились в Карагандинской области
ru Лукашенко заявил, что пойдет на следующие президентские выборы
ru На штаб-квартиру аэрокосмической компании TAI в Анкаре совершено нападение