• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Нұр-Сұлтанда 39 кәсіпкерлік нысаны «Ashyq» пилоттық жобасына қатысып жатыр

Фото:ҚазАқпарат

Алматы. 2 наурыз. Ақпараттар орталығы  -  Нұр-Сұлтан қаласында «Ashyq» ілкі жобасына 39 кәсіпкерлік нысаны қатысуда. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу және шектеу шараларын енгізу кезеңінде кәсіпкерлік нысандарын қолдау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласында «Ashyq» пилоттық жобасын іске асыру басталды. Жоба фитнес-клубтарда, спа-орталықтарда, сауналар мен бассейндерде, компьютерлік клубтарда және боулинг клубтарда жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласында пилоттық жобаға 39 кәсіпкерлік нысаны қатысуда», - С. Бейсенова елорда әкімдігінде өткен онлайн брифингте. Спикердің айтуынша, қосымша қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеді. «Мониторингтік топтардың қызметкерлері бірнеше рет өзін-өзі оқшаулау және үй карантині режимін бұзу фактілеріне тап болды. Науқас немесе олармен қатынаста болған адамдар санитарлық дәрігер нұсқауларын бұзып, қоғамдық орындарға барады, осылайша вирустың таралу қаупін тудырады. Бұл жоба «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын нысандарға кіргенде келушінің COVID мәртебесін білуге мүмкіндік береді және тек үйде өзін-өзі оқшаулау режимін бұзатын адамдарды анықтауға бағытталған», - деп түсіндірді С. Бейсенова.

«Ashyq» мобильді қосымшасын App Store және Play Market арқылы жүктеуге болады. Нысанның QR-кодын сканерлеп, содан кейін ЖСН енгізу керек. QR-кодтарды пайдалану және коронавирусқа арналған тесттердің жалпы базасымен интеграциялау арқылы пилоттық жоба нысан келушісінің мәртебесін анықтайды. «Жасыл» мәртебе келушінің деректер базасында COVID-19 теріс нәтижесімен ПТР-тестілеуден өткенін білдіреді. «Көк» мәртебе – ПТР-тестілеу нәтижесі жоқ, COVID-19 науқасымен байланыспаған. «Сары» түс – деректер базасында COVID-19 науқаспен байланыста болғанын білдірсе, «қызыл» түс –COVID-19 бойынша базада оң нәтижемен тіркелгенін көрсетеді. Келушіде смартфон болмаған жағдайда, кәсіпкерлік нысанның қызметкері келушінің мәртебесін өз келісімімен ақпараттық жүйеде тексереді», - дейді С. Бейсенова.

Айта кетейік, елордада COVID-19 ауруы қаңтар айымен салыстырғанда 33,8%-ға төмендеді. Тәулігіне шамамен 68 инфекция жұқтыру жағдайы тіркеледі, оның ішінде 37 жағдай симптомды, 31-і симптомсыз түрде. Қалада көбінесе 30-39 жастағы адамдар басым ауырады, олар 24,8% құрайды. 50 жастан асқан адамдар – 23,5 % болса, балалардың жалпы сырқаттанушылықтағы үлесі – 14,9% құрайды.


 

 

Источник: ҚазАқпарат

ru Полицейские Алматы посадили яблони

ru Фонтаны в Алматы заработают 1 мая

ru Охранника морга в Алматы задержали за некрофилию

ru Увеличивается количество рейсов в г. Пекин

ru Более 13 тыс. казахстанских семей получили господдержку после паводков

ru 40 млрд тенге обращены в доход государства

ru 101-летняя жительница города Тараз внесла свой вклад в акцию «Таза

ru Лжеполицейских задержали в Шымкенте – МВД

ru Проблемные вопросы строительства в предгорной зоне г.Алматы рассмотрены на заседании

ru Виновный в смертельном ДТП с участием автобуса приговорен к 8

ru В экологической акции «Жасыл Аймақ» приняла участие и активная молодежь

ru В Алматы примут новый план реализации градостроительных регламентов

ru Предпринимателям компенсируют потери от паводков: утверждены правила

ru В Казахстане впервые вынесли приговор по факту хищения газа тепличным

ru В районе Эвереста запущена базовая станция 5G-A

ru Паводки в Казахстане: есть ли риски вспышки холеры и брюшного

ru Режим жесткой экономии введут в Казахстане - Токаев

ru Полицейские установили автора фейка о волонтерах в СКО

ru Учебный год в школах Казахстана завершится 25 мая

ru Порядка 15,5 тыс. пострадавших от паводков охвачено мерами поддержки по

ru Спецоперация проведена в баре Алматы

ru Почти треть участников финрынка используют ИИ в Казахстане — Нацбанк

ru «Крутые» госномера можно будет переоформлять на родственников

ru Сменились заместители председателя АНК

ru 3 крупные виртуальные точки продажи наркотиков выявило АФМ

ru Преподавателям вузов увеличат доплату за ученые степени

ru В Мангистау лиц с инвалидностью заставляли просить милостыню

ru 100 саженцев высадили в городе Жезказган в рамках недели "Жасыл

ru Подростка, “заминировавшего” собственную школу, осудили в Темиртау

ru В Правительстве дали разъяснения касательно дополнительной помощи пострадавшим от