• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Қарағандылық жазушы кеншілер шаһарының мәдени өмірі туралы бес томдық кітап шығарды

Фото:ҚазАқпарат

Алматы. 9 қыркүйек. Ақпараттар орталығы - ҚР Журналистер одағының мүшесі Наталья Инжевская «Менің қалам» сериясымен Қарағандының мәдени өмірі туралы бес кітап шығарды. Бес томдық кітапта автордың 2009 жылдан бергі журналистік мақалалары бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Наталья Инжевская Қарағандыда ақын және жазушы ретінде ғана танымал емес. 10 жылдан астам уақыт бойы ол бірнеше газеттердің тілшісі болды. Оның мақалаларының тақырыбы облыс орталығының мәдени іс-шараларына қатысты болды, шығармашылық ұжымдармен және қазақстандық жұлдыздармен сұхбат жазды. «Бес томдық кітап – бұл менің журналистік қызметімнің қорытындысы. Мен Қарағандыда дүниеге келдім және осы уақытта осында тұрамын. Барлық мақалалар мен фотоларды сақтау бір бөлек, ал оларды біріктіру мүлдем басқа шаруа. Бұл соңғы 10 жылдағы біздің облысымыздың мәдени оқиғалары туралы естеліктің бір түрі», – дейді ол. Кітаптардың арасында ең көлемдісі «Музыканың таңғажайып дыбыстары» болды. Ол Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестікке арналған. Наталья Инжевская ешкімді назардан тыс қалдырмады. Кітапта облыстық филармонияға кіретін барлық шығармашылық ұжымдар туралы мақалалар жинақталған.

«Маған бірлестікпен шақырылған танымал орындаушылардан, дирижерлерден, музыканттардан сұхбат алу сәті түсті. Конферансье Людмила Гольскаяның айтуынша, бұл 80 жылдан астам уақытта концерттік бірлестік туралы жазылған алғашқы басылым», – деп атап өтті автор.

«Книжкин дом» Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы туралы әңгімелейді. Наталья Инжевская бұл мекемемен ұзақ уақыт достық қарым-қатынаста болды. Алғаш рет автор кітапханаға 5 жасында келген. Жылдар өткен соң кітапхананың жас оқырмандары үшін өткізетін іс-шаралардың тұрақты қонағы болды. «Бұл тақырыптық кездесулер де, фестивальдер де. Мен кітапхана қызметкерлері өткізген конкурстардың қазылар алқасының құрамына жиі кіретінмін. Онда балаларды жақсы көретін және өз ісіне шын берілген тамаша адамдар мен кәсіпқойлар жұмыс істейді», – дейді жазушы.

«Органные изыски» кітабы Қарағанды Соборында өткен органдық концерттер мен фестивальдер туралы баяндайды. Наталья Инжевскаяның айтуынша, Қарағанды көрермендерінде тамаша мүмкіндік туды: шіркеудің жұмыс істеген уақытында оған бүкіл әлемнен танымал музыканттар келіп, өнер көрсетті.

«Талант және оны жүзеге асыру» еңбегі – қаланың шығармашылық ұжымдары мен жеке орындаушылар туралы мақалалар жинағы. Мұнда сіз el Corazon фламенко студиясы, «Волшебная страна» балалар тобы, «Трайбл» би студиясы және басқалар туралы оқи аласыз. «Құбылу өнері туралы» кітабы Қарағандыға келіп, өнер көрсеткен фестивальдер мен театр ұжымдары туралы баяндайды.

Олардың арасында Astana Ballet, Абай атындағы МАОБТ, Наталия Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театры бар. Басылым қала кітапханаларына сыйға беріліп, шығармашылық ұжымдар мен мәдениет мекемелеріне таныстырылды. Бес томдық кітап барлық жастағы оқырмандарға арналған. Бұл туынды тек облыс тұрғындарына ғана емес, Қарағандының мәдени өміріне қызығушылық танытқандарға да қызықты болады.



Источник: ҚазАқпарат

ru Полицейские Алматы посадили яблони

ru Фонтаны в Алматы заработают 1 мая

ru Охранника морга в Алматы задержали за некрофилию

ru Увеличивается количество рейсов в г. Пекин

ru Более 13 тыс. казахстанских семей получили господдержку после паводков

ru 40 млрд тенге обращены в доход государства

ru 101-летняя жительница города Тараз внесла свой вклад в акцию «Таза

ru Лжеполицейских задержали в Шымкенте – МВД

ru Проблемные вопросы строительства в предгорной зоне г.Алматы рассмотрены на заседании

ru Виновный в смертельном ДТП с участием автобуса приговорен к 8

ru В экологической акции «Жасыл Аймақ» приняла участие и активная молодежь

ru В Алматы примут новый план реализации градостроительных регламентов

ru Предпринимателям компенсируют потери от паводков: утверждены правила

ru В Казахстане впервые вынесли приговор по факту хищения газа тепличным

ru В районе Эвереста запущена базовая станция 5G-A

ru Паводки в Казахстане: есть ли риски вспышки холеры и брюшного

ru Режим жесткой экономии введут в Казахстане - Токаев

ru Полицейские установили автора фейка о волонтерах в СКО

ru Учебный год в школах Казахстана завершится 25 мая

ru Порядка 15,5 тыс. пострадавших от паводков охвачено мерами поддержки по

ru Спецоперация проведена в баре Алматы

ru Почти треть участников финрынка используют ИИ в Казахстане — Нацбанк

ru «Крутые» госномера можно будет переоформлять на родственников

ru Сменились заместители председателя АНК

ru 3 крупные виртуальные точки продажи наркотиков выявило АФМ

ru Преподавателям вузов увеличат доплату за ученые степени

ru В Мангистау лиц с инвалидностью заставляли просить милостыню

ru 100 саженцев высадили в городе Жезказган в рамках недели "Жасыл

ru Подростка, “заминировавшего” собственную школу, осудили в Темиртау

ru В Правительстве дали разъяснения касательно дополнительной помощи пострадавшим от