• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

ҚазАгроҚаржы техника сатып алуға өтінім қабылдауды бастады

Алматы. 8 ақпан. Ақпараттар орталығы. «ҚазАгроҚаржы» АҚ 2016 жылдың көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуге арналған техника сатып алуға өтінімдер қабылдай бастағаны жөнінде хабарлайды, деп хабарлады «ҚазАгро» холдингінің баспасөз қызметінен. 

Хабарда айтылғандай, жалпы қаржыландыру мөлшерлемесі 14 %, қосымша қамтамасыз ету қажеттілігі жоқ, жеңілдікті кезең мерзімі – бір жыл.
«Өтінімдерді қарап, оларды қаржыландыруға мақұлдау үшін ғана емес, сонымен қатар шетелден немесе Қазақстанның өзге де аймақтарынан белгілі бір техниканы немесе жабдықты жеткізу үшін де компанияға белгілі бір уақыт керек екендігін аграршылар түсінуге тиіс» — дейді Лизингтік жобалар департаментінің директоры Азамат Жалмағамбетов.
Республикамыздың оңтүстік аймақтарымен қатар солтүстік аймақтарында да мерзімінде, дәл егіс жұмыстарының басталуына қарай егіс далаларында техниканың жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ету жоспарлануда.
Таяу арада Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде пайыздық ставканы субсидиялаудың кезекті кезеңінің іске қосылуы күтілуде.
Бағдарлама шарттарына сәйкес, айналым капиталдарын толықтыруға және негізгі құралдар сатып алуға, құрылысқа арналған кредиттер бойынша, сондай-ақ технологиялық жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникаларының лизингі бойынша сыйақы ставкалары жылына 7% дейін төмендетуге жатады, ал енді мал шаруашылығы мен жемшөп өндірісі салаларындағы ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтар сатып алуға арналған шарттар бойынша пайыздық ставка 10 % мөлшерінде мемлекет тарапынан субсидияланатын болады.Қарыз алушының кемінде 50 бас а/ш малының немесе жемшөп дақылдарын өсіруге пайдаланатын жер телімдерінің бар болуы туралы растама құжаты болған жағдайда.
Баспасөз қызметінің ақпарынша, 2015 жылы көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуге дайындық шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ құны 11,5 млрд. теңгеге 1 382 бірлік техника сатып алуды қаржыландырған.«Кеңінен таралған» техникалардың ішінде тракторлармен және тұқым сепкіштермен қатар тырма, кун, соқа, пішен тайлауыш, қопсытқыш, дестелегіш сияқты техника түрлері де бар.
Хабарда айтылғандай, көктемгі-егіс жұмыстары шеңберінде диқаншылар сатып алатын техникалардың көпшілік бөлігі қазақстандық өндірістің, атап айтқанда, ең кеңінен таралған үлгілердің бірі – «СемАз» Семей автоқұрастыру зауытында шығарылған «Белорус» тракторлары екенін айта кеткен жөн. Техникаға арналған аспалы жабдық АҚШ-тан ғана емес, сондай-ақ Ресейден, Беларуссиядан, Украинадан, Канададан, Германиядан және басқа елдерден сатылып алынады.

Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.

ru Мужчина умер в полицейской машине в Жезказгане

ru Более 90 преступлений раскрыто четвероногими полицейскими Алматинской области

ru Казахстан и Китай договорились об оказании взаимной правовой помощи

ru Нурлан Ногаев освобожден от должности акима

ru Незаконно построенный магазин сносят в Алматы

ru НПП «Атамекен» и АФМ достигли соглашения о мерах по защите

ru АО «КазТрансГаз Аймак» провел ребрендинг и стал «QAZAQGAZ AIMAQ»

ru Вор, орудовавший в мечетях, задержан в Алматы

ru Ребенок погиб под колесами микроавтобуса в Алматинской области

ru В Алматы ожидаются проливные дожди

ru Имена Толоконникова, Померанцева, Хасангалиева и Серкебаева дадут улицам в Алматы

ru Правила рекламы БАДов, диетического питания и косметики разработали в Казахстане

ru Вдоль автодороги Караганда-Темиртау высадили 1000 деревьев

ru Запущен новый образовательный сервис «Bilim» в мобильном приложении eGovMobile

ru Сколько составила средняя зарплата в Казахстане

ru Конкурс карикатур прошел в колонии ЗКО

ru Президент принял министра внутренних дел Ержана Саденова

ru Госаудит выявил нарушения почти на 26 млн тенге в одной

ru 365 фактов фиктивной вакцинации выявили прокуроры в ВКО

ru Токаев принял министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности

ru Водителям мопедов дадут полгода, чтобы зарегистрировать их и получить права

ru Бишимбаев приговорен к 24 годам заключения

ru Поджигатель машины задержан полицией Алматы

ru 12 тыс. км дорог планируется отремонтировать в 2024 году

ru Токаев принял министра культуры и информации Аиду Балаеву

ru 100% учебников оцифрованы в Казахстане

ru В Алматы за месяц высадили 30 тысяч деревьев

ru В СКО начато строительство 200 домов для пострадавших от паводков

ru Первый казахстанско-африканский фильм выходит в казахстанский прокат

ru 10 тонн мусора вывезено с берегов Капшагайского водохранилища