• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Қазақстан итальяндық құрылыс компаниясына қатысты сот шешімін мәжбүрлеп орындатты

Фото:ҚазАқпарат

Алматы. 30  сәуір. Ақпараттар орталығы - Қазақстан «Тодини» итальяндық құрылыс компаниясына қарсы шыққан төрелік шешімді мәжбүрлеп орындатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Әділет министрлігіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2019 жылғы 11 маусымда Париж қаласындағы Халықаралық сауда палатасының төрелік соты «Todini Impregilo Kazakhdorstroy» БК құрылыс компаниясы бастамашылық еткен дау бойынша Қазақстан Республикасының пайдасына шешім шығарды. Талап арыз сомасы 20 млн АҚШ долларын құрады. Шешімге сәйкес, Талапкер 277 000 АҚШ долларын Қазақстан Республикасына келтірілген шығыстар есебінде төлеуі тиіс болды. «Тодини» төрелік шешімді өз еркімен орындаудан бас тартуына байланысты Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының аумағында төрелік шешімді тану және оны орындау мақсатында іс-шаралар кешенін өткізді. Бірінші кезеңде, ҚР Азаматтық процестік кодексінің 503-бабын басшылыққа ала отырып, Әділет министрлігі Нұр-сұлтан қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына төрелік шешімді тану және орындау туралы өтініш берді. Азаматтық іс жүргізу заңнамасының талаптарына сәйкес қажетті материалдарды жинау жүзеге асырылды, төрелік шешімнің, бірлескен кәсіпорынның және корпоративтік құжаттардың түпнұсқасын сот ісін жүргізу тіліне аудару қамтамасыз етілді. Әділет министрлігі сотты өз талаптарының заңды екендігіне сендіре алды, нәтижесінде сот Әділет министрлігінің талаптарын толық көлемде қанағаттандырды. Кейіннен «Тодини» апелляциялық тәртіппен Нұр-сұлтан қаласының МАЭС ұйғарымын жоюға әрекет жасады. Алайда Нұр-сұлтан қаласының соты өтініш берушілердің талаптарын қолдаудан бас тартты. «Тодини» төрелік соттың шешімін орындамағандай сот актісін де өз еркімен орындамады. Осыған байланысты оларды мәжбүрлеп орындау ісі жүзеге асырылды. Нәтижесінде 277 000 АҚШ доллары өндірілді. Осылайша, Әділет министрлігі төрелікте мемлекеттің мүдделерін қорғау және төрелік шешімді орындау жөніндегі жұмысты толық көлемде аяқтады.


 

 

Источник: ҚазАқпарат

ru 3 года без преступлений: жители села отказались от алкоголя в

ru «КазАвтоЖол» запустил онлайн-трансляцию на участках автодорог республиканского значения

ru Древние захоронения в городище Сарайшык защищены от подтоплений

ru Казахстанский миротворец встретился с африканскими школьниками

ru В Алматы определят «Лучший арт-объект из мусора»

ru Правила приема в школу изменили в Казахстане

ru Почему игнорируются статьи Закона РК «О газе и газоснабжении»?

ru Интенсивное озеленение Костанайской области идет в рамках акции " Таза

ru Фонд «Әділ сөз» сделал заявление в честь Всемирного дня свободы

ru Глава государства принял участие в церемонии открытия авиабазы Национальной гвардии

ru Аслан Абдраимов назначен вице-министром водных ресурсов и ирригации

ru Скоростной режим изменился на автомобильной дороге «Астана-Темиртау»

ru Инфляция в апреле 2024г. в годовом исчислении составила 8,7%

ru Почти 1,5 тысячи голов домашнего скота отогнали в безопасные места

ru В Казахстане могут появиться дороги японского качества

ru Токаев принял управляющего Международным финансовым центром «Астана»

ru Фрагмент пальца помог раскрыть преступление

ru Суд по делу о нападении на водителя скорой помощи будут

ru Антикор направил в суд дело в отношении Гульмиры Сатыбалды

ru Казахстанские школьники вошли в тройку сильнейших юных математиков Балканского полуострова

ru Казахстан увеличит тариф на транзит российской нефти в Китай

ru Меры по сдерживанию цен на овощи в межсезонье приняли в

ru Фейк о фейке разоблачили в eGov

ru Полиция продолжает проверки объектов массового скопления людей

ru Грозу и сильный ветер ожидают в Алматы 1 мая

ru Почти полкило гашиша пытались прислать из Швеции в Казахстан

ru 862 млн тенге были похищены при модернизации ураноперерабатывающего предприятия на

ru Рекордный рост экономики отмечен в Алматы за последние 10 лет

ru Задержан экс-министр внутренних дел Ерлан Тургумбаев

ru Полицейские Алматы посадили яблони