• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Қазақстан халқы Ассамблеясында Парламент Мәжілісіне депутат сайлауы өтіп жатыр

Фото:ҚазАқпарат

Алматы. 11 қаңтар. Ақпараттар орталығы - Бүгін елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының Парламент Мәжілісіне ҚХА-дан депутаттар сайлауға арналған ХХVІІІ сессиясы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өздеріңіз білетіндей, 2007 жылы конституциялық реформа нәтижесінде қабылданған Ата заңға Қазақстан халқы Ассамблеясынан ҚР Парламенті Мәжілісіне 9 депутат сайлау құқығы берілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Бұл қадам біздің қоғамның бірлігін нығайтуға, этностар мүдделерін білдіруге, олардың еліміздің қоғамдық-саяси өміріне қатысуын жандандыруға бағытталған еді. Осы норма Біріккен Ұлттар Ұйымының, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының және басқа да халықаралық ұйымдардың халықаралық пактілер мен конвенциялары аясында Қазақстанның адам құндылықтары, азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық міндеттемелерін орындау үдесіне жатады», - деді ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев.

Осы орайда ол бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын депутаттар анықталатынын атап өтті.

«Ассамблеяның 9 депутаты Қазақстанның барлық этностарының, бүкіл халықтың мүддесін білдіреді. Ал ҚХА-ның депутаттық тобы елдің татулығы мен бірлігін нығайту мәселелері бойынша партияаралық ынтымақтастықтың парламенттік тетігі рөлін атқарады. «Сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес, Ассамблея сайлайтын Парламент Мәжілісіне депутаттығына кандидаттар ұсыну Ассамблея Кеңесінің өкілеттігіне жатады. 2020 жылғы 11 желтоқсанда Ассамблея Кеңесінің отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Қазақстан халқы Ассамлеясы сайлайтын кандидаттар ұсынылды», - деді Ж. Түймебаев.

Оның айтуынша, Ассамблея Кеңесі кандидаттар тізімін жасау барысында бірқатар маңызды критерилерді ескерді. Атап айтқанда: депутаттық корпустың сабақтастығы, аймақтық қамту, гендерлік теңдіктің қамтылуы, жастарды тарту, этникалық топтардың ескерілуі, депутаттық корпуста екі мерзімнен артық болмауы. Кеңес қарауының қорытындысы бойынша Парламент Мәжілісіне депутаттыққа Ассамблея сайлайтын кандидаттар ұсыну туралы шешім қабылданып, олар сайлау бюллетеніне енгізілді.

Ұсынылған 9 кандидаттың қатарында мыналар бар:

1. АБДРАХМАНОВ Сауытбек Абдрахманұлы

2. АМИРХАНЯН Аветик Рубенович

3. БУЛАРОВ Ильяс Юсупович

4. ДЕМЕНТЬЕВА Наталья Григорьевна

5. ЛИ Юрий Виссарионович

6. НАБИЕВ Вакиль Гусейнович

7. ОСИН Шамиль Абзалетдинович

8. ТОХТАСУНОВ Владимир Имтахунович

9. ХАМЕДОВ Абилфас Муслимович



Источник: ҚазАқпарат

kz Патриоттық сезім әр жанның бойынан табылады

ru МВД обратилось к выпускникам и их родителям

ru Глава государства принял председателя Национального собрания Турции Нумана Куртулмуша

ru Ерулан Жамаубаев назначен советником президента

ru Президент Ирана Эбрахим Раиси погиб при крушении вертолета

ru Общегородская сейсмотренировка пройдет в Алматы 21 мая

ru Землетрясение в 2 балла произошло в Алматы

ru Пострадавшим от паводков аграриям возместят ущерб

ru Касым-Жомарту Токаеву подарили торт

ru Невероятное спасение ребенка полицейскими попало на видео в Таразе

ru Завершено расследование в отношении председателя Комитета рыбного хозяйства МСХ РК

ru Предприниматель Ануарбек Джексенгалиев приговорен к 6,8 годам за легализацию преступных

ru Автомобиль провалился в яму на трассе Атырау-Индер

ru Прокуроры Алматы вернули земли природного парка «Медеу»

ru Сквер на месте снесенного СИЗО появится в Алматы

ru Мужчина умер в полицейской машине в Жезказгане

ru Более 90 преступлений раскрыто четвероногими полицейскими Алматинской области

ru Казахстан и Китай договорились об оказании взаимной правовой помощи

ru Нурлан Ногаев освобожден от должности акима

ru Незаконно построенный магазин сносят в Алматы

ru НПП «Атамекен» и АФМ достигли соглашения о мерах по защите

ru АО «КазТрансГаз Аймак» провел ребрендинг и стал «QAZAQGAZ AIMAQ»

ru Вор, орудовавший в мечетях, задержан в Алматы

ru Ребенок погиб под колесами микроавтобуса в Алматинской области

ru В Алматы ожидаются проливные дожди

ru Имена Толоконникова, Померанцева, Хасангалиева и Серкебаева дадут улицам в Алматы

ru Правила рекламы БАДов, диетического питания и косметики разработали в Казахстане

ru Вдоль автодороги Караганда-Темиртау высадили 1000 деревьев

ru Запущен новый образовательный сервис «Bilim» в мобильном приложении eGovMobile

ru Сколько составила средняя зарплата в Казахстане