• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Қазақстан Вьетнамға бірқатар тауарларды баж салығынсыз экспорттай алады

Алматы. 11 ақпан. Ақпараттар орталығы. Қазақстан Вьетнамға бірқатар тауарларды нөлдік мөлшерлеме бойынша экспорттай алады, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Марат Құсаинов, делінген үкімет басшысының баспасөз қызметіндегі хабарда.

«Келісімге қол қою кедергілерді жояды, яғни біз нөлдік мөлшерлеме бойынша Вьетнамда сұранысқа ие тауарларды сол жаққа экспорттай аламыз», — деді М.Құсаинов Сенаттағы «Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және Вьетнам Социалистiк Республикасы арасындағы еркiн сауда туралы келiсiмдi ратификациялау туралы» заң жобасының таныстырылымында.
Бірінші кезекте, оның айтуынша, әңгіме астық, ұн, қара металл жөнінде.
Вице-министрдің айтуынша, бүгінгі таңда екі ел арасындағы тауар айналымы 200 млн долларды құрайды, оның ішінде импорт 190 млн доллар. Бұл ретте Қазақстан Вьетнамға тек қорғасын және асбест, ал Вьетнамнан біздің нарыққа ұялы телефондар, компьютерлер, спорт киімі мен аяқ киім жеткізіледі.
«Келiсiмнiң нормаларына сәйкес, ЕАЭО елдерi мен Вьетнам арасында тауарлардың басым бөлiгiне баж салығынсыз сауда режимi белгiленiп, кейбiр тауарлар бойынша өзара саудадағы импорттық кедендiк баждарды алып тастау бойынша өтпелi кезең белгiлендi», — деп түсіндірді ведомство басшысының орынбасары.
Сонымен қатар, оның айтуынша, сезiмтал тауарлардың бiр бөлiгi еркiн сауда режимiнен алынып, бұл тауарларға қатысты тараптардың импорттық тарифiне сәйкес баж салығы қолданылатын болады.
Сонымен қатар, ішкі нарықты қорғау мақсатында Келісім арқылы ДСҰ нормаларына сәйкес арнайы қорғаныс, антидемпингтік және өтемақылық шараларды қолдану құқығы қарастырылған.
Сондай-ақ, өтпелі кезең барысында келісімді жүзеге асырудан ЕАЭО нарығына қауіп төнген жағдайда қосымша қорғаныс құралы ретінде екіжақты қорғаныс шаралары қолданылуы мүмкін.
Құжат арқылы ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифі деңгейінде кедендік баж салығы түрінде триггерлік қорғаныс механизмін қолдану қарастырылған. Ол Вьетнамнан импорттың шекті жылдық көлемі көтерілгенде ЕАЭО үшін сезімтал тоқыма тауарлары мен жиһазды қорғауға арналады.
«Келісім экспорттық кедендiк баж салығын алып тастауды көздемейдi. Олар басқа үшiншi елдерге экспорттау кезiнде қолданылатын неғұрлым қолайлы режим мөлшерлемелерi бойынша алынады», — деді вице-министр.

Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.

ru Бишимбаев приговорен к 24 годам заключения

ru Поджигатель машины задержан полицией Алматы

ru 12 тыс. км дорог планируется отремонтировать в 2024 году

ru Токаев принял министра культуры и информации Аиду Балаеву

ru 100% учебников оцифрованы в Казахстане

ru В Алматы за месяц высадили 30 тысяч деревьев

ru В СКО начато строительство 200 домов для пострадавших от паводков

ru Первый казахстанско-африканский фильм выходит в казахстанский прокат

ru 10 тонн мусора вывезено с берегов Капшагайского водохранилища

ru Полиция переведена на усиленный вариант несения службы в Алматы

ru Приговор Бишимбаеву огласят 13 мая

ru Меры по обеспечению поливной водой на юге страны находятся на

ru Правительством на борьбу с саранчовыми вредителями выделено 8,1 млрд тенге

ru Получить место в общежитии студенты смогут через проактивную услугу

ru Женский экипаж Академии гражданской авиации совершил первый полет

ru Уровень реки Жайык в селе Махамбет превышает критический уровень на

ru Кто стоит за депутатскими запросами?

ru Жаңа адамдар: В Казахстане зарождается новое сообщество – «те, кого

ru Жаслан Мадиев назначен министром цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности

ru Альпиниаду в Алматы перенесут на другой день и на другой

ru Адвокат подозреваемого сможет копировать протоколы его допроса

ru Аэропорт Астаны опроверг сообщения о срыве капитального ремонта полосы

ru Полиция помогла гражданину США с поиском информации о родственниках в

ru Электрослесарь шахты им.Костенко награжден орденом

ru «АстраЗенека» и казахстанские специалисты объединяют усилия для лечения заболеваний сердца

ru 3 года без преступлений: жители села отказались от алкоголя в

ru «КазАвтоЖол» запустил онлайн-трансляцию на участках автодорог республиканского значения

ru Древние захоронения в городище Сарайшык защищены от подтоплений

ru Казахстанский миротворец встретился с африканскими школьниками

ru В Алматы определят «Лучший арт-объект из мусора»