• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Қазақстандағы доллармен депозиттер көлемі 69-дан 63 пайызға дейін төмендеді – Ұлттық банк

Алматы. 26 сәуір. Ақпараттар орталығы.2016 жылдың наурызында 2015 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда доллармен депозиттер деңгейі 69%-дан 63,4%-ға дейін төмендеді, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкі монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары Әділ Мұхамеджанов.

«Біз соңғы 2 жылда долларландыру процесінің өскенін байқадық. Доллардан арылту процесі оданда көп уақытты қажет етуі мүмкін. Бұл үкіметтің, Ұлттық банктың және экономиканың барлық субъектілерінің бұл жағдайға әсер етудегі кешенді тәсілдеріне байланысты. Сондай-ақ, ол нормативті-құқықтық актілерді жасақтауға тәуелді емес. Сондықтанда біз бірден нәтиже күтпейміз, керісінше ұзақмерзімді жүйелі жұмысқа иек артып отырмыз», - деді Ә. Мұхамеджанов «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында.

Ұлттық банктың мәліметі бойынша 2016 жылдың наурызында 2015 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда теңгелей депозиттер деңгейі 5 трлн теңгеден 6 трлн теңгеге дейін өсті, нәтижесінде депозиттерді долларландыру деңгейі 2016 жылдың наурызындағы қорытындыға сәйкес 63,4%-ға дейін төмендеді (2015 жылдың желтоқсан айында 69%).

Ә.Мұхамеджанов еске салып өткендей, соңғы екі жылда ұлттық валютадағы депозиттердің тартымдылығын арттыру мақсатында «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ ұсынысымен кезең кезеңімен теңгелей депозиттердің жылдық мөлшерлемесі 9%-дан 14%-ға дейін көтерілді, ал шетелдік валютадағы депозиттер бойынша мөлшерлеме 4,5%-дан 2%-ға дейін төмендетілді.

Халықтың ұлттық валютадағы депозиттеріне кепілдік беру сомасы 5 млн теңгеден 10 млн теңгеге дейін арттырылды, ал еркін айырбас бағамына көшкеннен кейін бағамдық айырмашылықты өтеу үшін ұлттық валютада ашылған халықтың депозиттері бойынша өтемақы механизмі жасақталды.

«Алты ай бойы шетелдік валютамен табысы жоқ жеке тұлғаларға шетелдік валютамен ипотека беруге тыйым салынды. Қосымша капиталды жасақтауды қажет ету арқылы банктердің шетелдік валютамен займ беруін ынталандырмау шаралары қолға алынды», - деп жалғастырды Ә.Мұхамеджанов.

Оның айтуынша, 2016 жылдың 2 ақпанында ҚР Ұлттық экономика министрлігі жасақтаған Электронды сауда саттықты жүргізу ережесі күшіне енді, онда делдал электронды сауда саттықта тауар бағасының ұлттық валютада қойылуын қамтамасыз етеді деп көрсетілген.

«Доллардан бастартуда басты аспекті ретінде экономикалық өсімді қамтамасыз ететін шаралар, баға тұрақтылығы, қайта өңдеу саласының дамуы, шетелдік валютаның көлеңкелі айналымының деңгейінің төмендеуі, өндіріліп жатқан таураларда, жұмыстар мен қызметтер де қазақстандық қамту үлесінің артуы болуы керек», - деп түйді Ұлттық банк өкілі.

Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.

ru Лжеполицейских задержали в Шымкенте – МВД

ru Проблемные вопросы строительства в предгорной зоне г.Алматы рассмотрены на заседании

ru Виновный в смертельном ДТП с участием автобуса приговорен к 8

ru В экологической акции «Жасыл Аймақ» приняла участие и активная молодежь

ru В Алматы примут новый план реализации градостроительных регламентов

ru Предпринимателям компенсируют потери от паводков: утверждены правила

ru В Казахстане впервые вынесли приговор по факту хищения газа тепличным

ru В районе Эвереста запущена базовая станция 5G-A

ru Паводки в Казахстане: есть ли риски вспышки холеры и брюшного

ru Режим жесткой экономии введут в Казахстане - Токаев

ru Полицейские установили автора фейка о волонтерах в СКО

ru Учебный год в школах Казахстана завершится 25 мая

ru Порядка 15,5 тыс. пострадавших от паводков охвачено мерами поддержки по

ru Спецоперация проведена в баре Алматы

ru Почти треть участников финрынка используют ИИ в Казахстане — Нацбанк

ru «Крутые» госномера можно будет переоформлять на родственников

ru Сменились заместители председателя АНК

ru 3 крупные виртуальные точки продажи наркотиков выявило АФМ

ru Преподавателям вузов увеличат доплату за ученые степени

ru В Мангистау лиц с инвалидностью заставляли просить милостыню

ru 100 саженцев высадили в городе Жезказган в рамках недели "Жасыл

ru Подростка, “заминировавшего” собственную школу, осудили в Темиртау

ru В Правительстве дали разъяснения касательно дополнительной помощи пострадавшим от

ru Глава государства провел телефонный разговор с Президентом Узбекистана Шавкатом Мирзиёевым

ru Глава государства принял президента KIA Corporation Хо-сунг Сонга

ru МСХ предупредило о фейках о продаже мяса павшего скота

ru Сообщить о повреждениях на дорогах Алматы можно в чат-бот Telegram-канала

ru Два участка трассы Екатеринбург-Алматы закрыты из-за переливов воды

ru На защиту леса – самую массовую акцию высадки саженцев провели

ru Фонд «Әділ сөз»: СМИ имеют законное право освещать ситуацию в