• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

ҚР жұмыспен қамту орталықтары жылына 2 млн жуық адамға қызмет көрсетеді

Алматы. 5 ақпан. Ақпараттар орталығы. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жылына 2 млн-ға жуық адамға қызмет көрсетеді, деп мәлімдеді бүгін ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов брифинг барысында, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметінен.

«198 жұмыспен қамту орталығы 1 млн 800 — 2 млн адамға қызмет көрсетеді», — деді Б. Нұрымбетов.
Оның айтуынша, өткен жылы жұмыспен қамту орталықтарына 137 мың адам жүгінген. Халықты жұмыспен қамту орталықтарындағы адамдардың санының артуын вице-министр жұмыспен қамту бөлімдерінің бірқатар функцияларының жұмыспен қамту орталықтарына берілуімен байланыстырды.
«Егер бұрын тіркеу туралы анықтаманы жұмыссыздар жұмыспен қамту бөлімдерінен алған болса, онда қазір осы қызметтердің барлығы жұмыспен қамту орталықтарына біріктірілген. Біз жұмыспен қамту мәселесі бойынша жылына 137 мың адам емес, 409 мыңдай адам және атаулы әлеуметтік көмек бойынша 1 млн 400 мың адам хабарласатын боалды деп күтудеміз. Яғни шамамен 10 және 13 есе артады», — деп атап өтті вице-министр.
«Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» жаңа заң жобасы аясында жұмыс іздеп жүрген азаматтар және жұмыссыздармен қатар, еңбек шарты бойынша жұмыс іздеп жүргендер де кәсіби оқытуға жіберіледі.
Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыз азаматтарға беріледі. Жастар практикасына 29 жасқа дейінгі білім беру ұйымдары түлектерінің арасындағы жұмыссыздар бағытталады. Қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздармен бірге, студенттер мен жазғы демалыс мерзіміндегі жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сынып оқушылары, кәсіпорынның жұмысы тоқтатылып қалған уақытында жұмыспен қамтылмаған азаматтарды орналастыру ұсынылады.
Сонымен қатар, заң жобасы мүгедектерді, пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларды, бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан азаматтар мен интернаттық ұйымдардың кәмелет жасына толмаған түлектерін жұмысқа орналастыру үшін квота бөлуді қарастырады.
Вице-министрдің пікірінше, заңнамаға енгізілетін тағы бір маңызды жаңалық — жұмыскерлерді жаппай қысқарту, яғни кәсіпорын жұмысын тоқтатқан немесе банкротқа ұшыраған жағдайда, 4 айдан 6 айға дейін жұмысын жоғалтқанда әлеуметтік төлемдер уақытын ұзарту болып табылады.
Заң жобасының нормаларын түсіндіре келе Біржан Нұрымбетов азаматтар үшін барынша маңыздысы жұмыспен қамтуға ықпал ететін белсенді шаралар тобына кіретін азаматтар санатын кеңейту, сол шараларды жіктеу болып табылатынын атап өтті.
Ол аталмыш заң жобасының мемлекет басшысының бес институционалдық реформаларын жүзеге асыру бойынша Ұлт жоспары — 100 нақты қадам аясында әзірленгенін еске салды. Құжат икемді еңбек нарығын қалыптастыруға және жұмыспен қамтуға ықпал ететін шараларды кеңейтуге бағытталған. Оны әзірлеу барысында Халықаралық еңбек ұйымының негізін қалайтын қағидалар ескерілген, сонымен қатар Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен Тәуелсіз мемлекеттер достастығына кіретін елдердің тәжірибесі меңгерілген.

Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.

ru Фейк о фейке разоблачили в eGov

ru Полиция продолжает проверки объектов массового скопления людей

ru Грозу и сильный ветер ожидают в Алматы 1 мая

ru Почти полкило гашиша пытались прислать из Швеции в Казахстан

ru 862 млн тенге были похищены при модернизации ураноперерабатывающего предприятия на

ru Рекордный рост экономики отмечен в Алматы за последние 10 лет

ru Задержан экс-министр внутренних дел Ерлан Тургумбаев

ru Полицейские Алматы посадили яблони

ru Фонтаны в Алматы заработают 1 мая

ru Охранника морга в Алматы задержали за некрофилию

ru Увеличивается количество рейсов в г. Пекин

ru Более 13 тыс. казахстанских семей получили господдержку после паводков

ru 40 млрд тенге обращены в доход государства

ru 101-летняя жительница города Тараз внесла свой вклад в акцию «Таза

ru Лжеполицейских задержали в Шымкенте – МВД

ru Проблемные вопросы строительства в предгорной зоне г.Алматы рассмотрены на заседании

ru Виновный в смертельном ДТП с участием автобуса приговорен к 8

ru В экологической акции «Жасыл Аймақ» приняла участие и активная молодежь

ru В Алматы примут новый план реализации градостроительных регламентов

ru Предпринимателям компенсируют потери от паводков: утверждены правила

ru В Казахстане впервые вынесли приговор по факту хищения газа тепличным

ru В районе Эвереста запущена базовая станция 5G-A

ru Паводки в Казахстане: есть ли риски вспышки холеры и брюшного

ru Режим жесткой экономии введут в Казахстане - Токаев

ru Полицейские установили автора фейка о волонтерах в СКО

ru Учебный год в школах Казахстана завершится 25 мая

ru Порядка 15,5 тыс. пострадавших от паводков охвачено мерами поддержки по

ru Спецоперация проведена в баре Алматы

ru Почти треть участников финрынка используют ИИ в Казахстане — Нацбанк

ru «Крутые» госномера можно будет переоформлять на родственников