• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Қ.Тоқаев Қарағанды облысындағы полиметалл кен байыту фабрикасын іске қосу рәсіміне қатысты

Фото:Хабар 24

Алматы. 20 қазан. Ақпараттар орталығы - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телекөпір режимінде Қарағанды облысының Жәйрем кентінде жаңадан ашылған кен байыту кешенінің жұмысын ресми түрде іске қосты, дел хабарлайды Хабар 24.

Кен байыту фабрикасының құрылысында 2500-ге жуық адам жұмыс істеді. Жәйрем кенті үшін жаңа жобаның іске қосылуы жаңа өмір мен дамудың зор келешегіне жол ашады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кен байыту кешені Қазақстанда мырыш пен қорғасын концентраттарын шығаратын ең ірі кәсіпорын болады. Өндірісте 400 адам жұмыспен қамтылады.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысына аймақ үшін аталған жобаның маңызы зор екенін айтты. Жаңа фабрика шығарылатын өнім түрлері көбейеді және өндіріс көлемі 2,5 есе артып, 5 миллион тоннаға дейін жетеді. Сондай-ақ өңделген өнімнің экспорты ұлғайып, салық түсімі 1,5 миллиард теңгеге көбейеді.  Жоба басталғалы бері инвесторға барынша қолдау көрсетілді. Жүйелі жүргізілген жұмыстың нәтижесінде коронавирус індетіне қарамастан, жоба белгіленген мерзім ішінде аяқталды.

Президентке қазіргі таңда Қарағанды облысында 2 триллион теңгеден асатын қаражатқа 50 ірі инвестициялық жоба іске асырылып отырғаны жөнінде баяндалды. Биыл 14 жоба іске қосылып, аймақтың өнеркәсіп кәсіпорындарының инфрақұрылымына тартылатын инвестиция көлемі 230 миллиард теңгені құрайды.  

«Қазмырыш» ЖШС бас директоры Александр Хмелев Қасым-Жомарт Тоқаевқа фабриканың құрылысы 3 жылда аяқталғанын және коронавирус індеті жүктелген міндетті іске асыруға кедергі болмағанын айтты. Оның пікірінше, байыту фабрикасының іске қосылуы Жәйремді ғана емес, тұтастай Қарағанды облысын дамытудың жаңа кезеңі болмақ. Мұнда жылына 5 миллион тонна кен өңделеді. Бұл кәсіпорынның кемінде 15 жыл жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар «Қазмырыш» компаниясы кенттің дамуына 5 миллиард теңгеге жуық қаражат құйды. Жергілікті ауруханаға заманауи жабдықтар сатып алынып, құзыреттерді дамыту орталығы құрылды және коммуналдық саланы жаңғырту мен дамытуға жыл сайын қаржы бөлінеді.

Жәйремдегі кен байыту кешенінің цех басшысы Еркін Шайхин Мемлекет басшысына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп, кенттің жанданғанын және ондағы оң өзгерістер туралы, сондай-ақ жаңа фабриканың іске қосылуынан жергілікті тұрғындар зор үміт күтетінін айтты. Іс-шара соңында Президент кәсіпорынның еңбек ұжымына және осы ірі жобаны іске асыруға атсалысқан барша азаматтарға ризашылығын білдіріп, табыс тіледі.

Источник: Хабар 24

ru Жаслан Мадиев назначен министром цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности

ru Альпиниаду в Алматы перенесут на другой день и на другой

ru Адвокат подозреваемого сможет копировать протоколы его допроса

ru Аэропорт Астаны опроверг сообщения о срыве капитального ремонта полосы

ru Полиция помогла гражданину США с поиском информации о родственниках в

ru Электрослесарь шахты им.Костенко награжден орденом

ru «АстраЗенека» и казахстанские специалисты объединяют усилия для лечения заболеваний сердца

ru 3 года без преступлений: жители села отказались от алкоголя в

ru «КазАвтоЖол» запустил онлайн-трансляцию на участках автодорог республиканского значения

ru Древние захоронения в городище Сарайшык защищены от подтоплений

ru Казахстанский миротворец встретился с африканскими школьниками

ru В Алматы определят «Лучший арт-объект из мусора»

ru Правила приема в школу изменили в Казахстане

ru Почему игнорируются статьи Закона РК «О газе и газоснабжении»?

ru Интенсивное озеленение Костанайской области идет в рамках акции " Таза

ru Фонд «Әділ сөз» сделал заявление в честь Всемирного дня свободы

ru Глава государства принял участие в церемонии открытия авиабазы Национальной гвардии

ru Аслан Абдраимов назначен вице-министром водных ресурсов и ирригации

ru Скоростной режим изменился на автомобильной дороге «Астана-Темиртау»

ru Инфляция в апреле 2024г. в годовом исчислении составила 8,7%

ru Почти 1,5 тысячи голов домашнего скота отогнали в безопасные места

ru В Казахстане могут появиться дороги японского качества

ru Токаев принял управляющего Международным финансовым центром «Астана»

ru Фрагмент пальца помог раскрыть преступление

ru Суд по делу о нападении на водителя скорой помощи будут

ru Антикор направил в суд дело в отношении Гульмиры Сатыбалды

ru Казахстанские школьники вошли в тройку сильнейших юных математиков Балканского полуострова

ru Казахстан увеличит тариф на транзит российской нефти в Китай

ru Меры по сдерживанию цен на овощи в межсезонье приняли в

ru Фейк о фейке разоблачили в eGov