• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Қырғызстанда қазақ киносының күндері басталды

Фото:ҚазАқпарат

Алматы. 8 қазан. Ақпараттар орталығы - Бішкекте Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Мәдениет күндері аясында қазақ киносының күндері басталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Мәденит министрігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін Бішкекте Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Мәдениет күндері аясында қазақ киносының күндері басталды. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Қайрат Иманалиев пен екі мемлекеттің киногерлері қатысты. Ақтоты Райымқұлова Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынастардың тамыры тереңде екенін, Тәуелсіздік алған жылдары жаңаша қарқынмен дамып келе жатқанын, халықтар арасындағы дәстүрлі бауырластық байланыстар барлық бағытта дәйекті түрде даму үстінде екенін айтты. «Қырғызстанның көптеген танымал кинематографисінің шығармашылығы Қазақстанмен, атап айтқанда Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясымен тығыз байланысты екенін бәріміз білеміз. 1968 жылы жас режиссер Болот Шәмшиев халқымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Қараш асуындағы атыс» туындысы желісінде фильм түсіріп, осы бір керемет жұмысымен көрермендердің жоғары бағасын алды. Сонымен қатар Болот Шәмшиев түсірген қазақ халқының қайсар қызы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлігін арқау еткен «Мергендер» фильмі қазақ кинематографының алтын қорына қосылды. Бұл кино күні бүгінге дейін экраннан түспей, көрсетіліп келеді. Айта берсек, мұндай мысалдар өте көп. Қырғызстанда қазақ киносының күндерін ұйымдастыру біздің елдеріміздің арасындағы киноиндустрия саласындағы өзара байланыстардың бірлесіп өркендеуі мен дамуына серпін беретініне сенімдімін»,-деді.

Айта кетейік, «Манас» кионотеатрында басталған қазақ киносының күндері 9 қазанға дейін жалғасады. Көрермендер назарына Рүстем Әбдірашевтің «Алмас қылыш», Ақан Сатаевтың «Томирис», «Жау жүрек мың бала», «Анаға апарар жол», «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмдері мен Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазының «Мұзбалақ», Адай Әбілдиновтің «Күлтегін» анимациялық фильмі ұсынылады.




Источник: ҚазАқпарат

ru 3 года без преступлений: жители села отказались от алкоголя в

ru «КазАвтоЖол» запустил онлайн-трансляцию на участках автодорог республиканского значения

ru Древние захоронения в городище Сарайшык защищены от подтоплений

ru Казахстанский миротворец встретился с африканскими школьниками

ru В Алматы определят «Лучший арт-объект из мусора»

ru Правила приема в школу изменили в Казахстане

ru Почему игнорируются статьи Закона РК «О газе и газоснабжении»?

ru Интенсивное озеленение Костанайской области идет в рамках акции " Таза

ru Фонд «Әділ сөз» сделал заявление в честь Всемирного дня свободы

ru Глава государства принял участие в церемонии открытия авиабазы Национальной гвардии

ru Аслан Абдраимов назначен вице-министром водных ресурсов и ирригации

ru Скоростной режим изменился на автомобильной дороге «Астана-Темиртау»

ru Инфляция в апреле 2024г. в годовом исчислении составила 8,7%

ru Почти 1,5 тысячи голов домашнего скота отогнали в безопасные места

ru В Казахстане могут появиться дороги японского качества

ru Токаев принял управляющего Международным финансовым центром «Астана»

ru Фрагмент пальца помог раскрыть преступление

ru Суд по делу о нападении на водителя скорой помощи будут

ru Антикор направил в суд дело в отношении Гульмиры Сатыбалды

ru Казахстанские школьники вошли в тройку сильнейших юных математиков Балканского полуострова

ru Казахстан увеличит тариф на транзит российской нефти в Китай

ru Меры по сдерживанию цен на овощи в межсезонье приняли в

ru Фейк о фейке разоблачили в eGov

ru Полиция продолжает проверки объектов массового скопления людей

ru Грозу и сильный ветер ожидают в Алматы 1 мая

ru Почти полкило гашиша пытались прислать из Швеции в Казахстан

ru 862 млн тенге были похищены при модернизации ураноперерабатывающего предприятия на

ru Рекордный рост экономики отмечен в Алматы за последние 10 лет

ru Задержан экс-министр внутренних дел Ерлан Тургумбаев

ru Полицейские Алматы посадили яблони