• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Сапарбаев компанияларды ЭКСПО нысандарының құрылысына қатысуға шақырды

Алматы. 5 ақпан. Ақпараттар орталығы. Бастысы – жұмыс орындарын сақтау, жалақыларын уақытылы төлеу, ұжымдық шартты орындау, деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «СНПС-Ақтөбе көлік компаниясы» ЖШС басшылығымен кездесуде, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен. 

Арнайы жиналыста «СНПС-АКК» ЖШС бас директоры Хуан Юншын мәлімдегендей былтыр орындалған жұмыстар көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 16%-ға қысқарды.
«Көрсеткіштердің төмендеуі еңбек ұжымына әсерін тигізді, атап айтсақ, компанияның 1500 қызметкерінің 413-і толық емес жұмыс уақытына көшті, 19 адам жалақыларының 50% сақталатын демалысқа кетті, тағы 394 қызметкер жалақылары сақталмайтын демалыста», — деді ол.
Қазіргі таңда кәсіпорын автопаркінде өңірдің жер қойнауын пайдаланушыларына көлік қызметін көрсететін 880 мыңнан астам арнайы техника бар. Соған байланысты облыс әкімі кәсіпорын басшысына тек мұнай компаниясына сеніп отыра бермей, көлік тасымалы, жол құрылысы, ЭКСПО-2017 құрылысы секілді қызмет салаларына да белсенді қатысу керектігін айтты.
«Егер сізге «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ жұмысына көмек керек болса, біз Ақтөбе облысы әкімдігі мен ұлттық компания басшылығы арасында бұған дейін жасалған меморандум аясында қолдау көрсетеміз. 2016 жылы Қарғалы ауданында цемент зауытының құрылысы басталады, онда да сіздің компанияңыз жұмыс жасайды. Сіздің кәсіпорынның материалдық базасы жақсы, және соны барынша қолдануымыз керек», — деді Б. Сапарбаев.
Ол компания басшылығына кәсіпорынның ұжымдық шартына әлеуметтік бағытты арттыру, сондай-ақ компанияның жұмыстары мен қызметтерінде қазақстандық мазмұнды арттыру бойынша мүмкіндіктер қарастыруды тапсырды.
Х. Юншын мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуімен байланысты кейбір қиыншылықтарға қарамастан кәсіпорын қызметкерлерінің жалақылары уақытылы төленетінін, ұжымдық шарт талаптарының толық көлемде орындалып жатқанын атап өтті. Ағымдағы жылы қысқарту күтілмейді.
«Осындай кездесу «Шығыс мұнай және сервистік қызмет көрсету» ЖШС-да өтті, ол жерде де үш жақты келісімге қол қойылды», — деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.

kz Патриоттық сезім әр жанның бойынан табылады

ru МВД обратилось к выпускникам и их родителям

ru Глава государства принял председателя Национального собрания Турции Нумана Куртулмуша

ru Ерулан Жамаубаев назначен советником президента

ru Президент Ирана Эбрахим Раиси погиб при крушении вертолета

ru Общегородская сейсмотренировка пройдет в Алматы 21 мая

ru Землетрясение в 2 балла произошло в Алматы

ru Пострадавшим от паводков аграриям возместят ущерб

ru Касым-Жомарту Токаеву подарили торт

ru Невероятное спасение ребенка полицейскими попало на видео в Таразе

ru Завершено расследование в отношении председателя Комитета рыбного хозяйства МСХ РК

ru Предприниматель Ануарбек Джексенгалиев приговорен к 6,8 годам за легализацию преступных

ru Автомобиль провалился в яму на трассе Атырау-Индер

ru Прокуроры Алматы вернули земли природного парка «Медеу»

ru Сквер на месте снесенного СИЗО появится в Алматы

ru Мужчина умер в полицейской машине в Жезказгане

ru Более 90 преступлений раскрыто четвероногими полицейскими Алматинской области

ru Казахстан и Китай договорились об оказании взаимной правовой помощи

ru Нурлан Ногаев освобожден от должности акима

ru Незаконно построенный магазин сносят в Алматы

ru НПП «Атамекен» и АФМ достигли соглашения о мерах по защите

ru АО «КазТрансГаз Аймак» провел ребрендинг и стал «QAZAQGAZ AIMAQ»

ru Вор, орудовавший в мечетях, задержан в Алматы

ru Ребенок погиб под колесами микроавтобуса в Алматинской области

ru В Алматы ожидаются проливные дожди

ru Имена Толоконникова, Померанцева, Хасангалиева и Серкебаева дадут улицам в Алматы

ru Правила рекламы БАДов, диетического питания и косметики разработали в Казахстане

ru Вдоль автодороги Караганда-Темиртау высадили 1000 деревьев

ru Запущен новый образовательный сервис «Bilim» в мобильном приложении eGovMobile

ru Сколько составила средняя зарплата в Казахстане