• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Сарапшы 2021 жылы қазақстандықтарды не күтіп тұрғанын айтты

Фото:Aiqyn

Алматы. 30  желтоқсан. Ақпараттар орталығы -  Белгілі экономист, UIB бизнес мектебінің директоры Мақсат Халық 2021 жылы Қазақстан экономикасында болатын өзгерістерге қатысты өз болжамын айтты, деп хабарлайды Aiqyn.

Оның айтуынша, қазір ел экономикасында белгілі бір дәрежеде дағдарыс бар. Тамыздың соңында дағдарыстың минус үш дәрежесін көрдік. Қазір минус екі дәрежесіне жақындап келеміз. Сонымен осы жылды аяқтаймыз.Егер халық күрескер болып, тың идея, тетіктермен дағдарыспен күрессе, іскерлік белсенділік артып, экономикада жандану туады. Сондықтан бәрі санадағы дағдарысты жеңуге байланысты.

«Коронавирус мемлекеттерге әртүрлі әсер етті. Еуропада пандемия салдарынан қатты зардап шеккен мемлекеттер – Италия мен Испания. Оларда ЖІӨ 10-12%-ға дейін төмендеген. Сондай-ақ Еуропаның көптеген елдерінде, АҚШ, Жанония секілді алпауыттардың экономикасы -5 дәрежеде құлдыраған. Бізде салыстырмалы түрде алғанда жағдай тәуірірек. Азияда жалғыз мемлекет – Өзбекстан жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтады. Оларда да құлдырау бар. Десе де олар оң көрсеткіштерге қол жеткізген. Қазақстанда да өзге елдермен салыстырғанда құлдырау қатты емес. Десе де, бұл арқаны кеңге салатын уақыт емес. 2021 жыл жаңа мүмкіндік, тың идеяларды пайдаланып, шынайы іске кірісетін, аянбай еңбек ететін уақыт болуы тиіс»,- дейді ол.

Сарапшының пайымынша, 2021 жылы тауарлар қымбаттап, теңге әлсірейді.

«2020 жылдың басында ақша массасы 21 триллион теңге болатын. Қазір қарасақ, 24 триллион 700 миллиард теңге болып тұр. Ақша массасы 3 триллион теңгеге ұлғайып отыр. Ақша массасының артуы тауарлардың бағасы қымбаттайды деген сөз. Бұл процесс келесі жылы да жалғасын табуы мүмкін. Өйткені біздің бюджетте тапшылық бар. Бұл тапшылықтың орнын толтыру үшін Ұлттық қордан көмек келеді. Биыл ұлттық қордан бұл мақсатқа 4 триллион 700 миллион теңге аударылған болатын. Келесі жылы 3 триллион теңге аудару жоспарлануда. Сондай-ақ 2021 жылғы бюджетті толықтыру үшін Азия даму банкінен 1,5 миллиард евро қарыз алынды.Осы қаражат жетпеген жағдайда Ұлттық банк қосымша ақша массасын басып шығарады. Бұндай жағдайда еліміздегі өнеркәсіп кәсіпорындарының шығаратын тауары сондай қарқынмен өсе қоймайды. Тауардың аздығынан, ақша массасының көптігінен ақша құнсызданады.Нәтижесінде азық-түліктен бастап тауарлардың бағасы қымбаттайды», – дейді Мақсат Халық.

Экономист 2021 жылы мұғалімдер мен дәрігерлер жалақысының Жаңа жылдан бастап өсуі тауарлардың қымбаттауына әсер етеді деп есептейді. Мәселен мұғалімдердің жалақысы 25%, дәрігерлердің жалақысы 30%-дан өседі. Соған қарап кәсіпкерлер де тауарларын қымбаттатады. Бұл нарықтың заңы.

«Азық-түлік биыл қатты қымбаттады. Оған пандемия, төтенше жағдай режимі әсер етті. Төтенше жағдай кезінде азаматтардың үйден шыға алмай қаламыз деген қаупі тауарларды жаппай сатып алуға әкеп соқты. Енді бұндай жағдай қайталанады деп ойламаймын. Десе де азық-түліктің бағасы белгілі бір дәрежеде қымбаттайды. Өйткені Ұлттық банк келесі жылға болжаған 4,6% инфляция болатынына кепілдік жоқ»,- дейді ол.

Сондай-ақ экономист келесі жылы қай валютананың ықпалды болатынын айтты.

«Шетелдік валюталарға басымдық бола береді. Өйткені теңге тез құнсызданып жатқанын көріп отырмыз. Оған қарағанда шетел валютасы әлдеқайда тұрақты. Сондықтан ұзақмерзімде қаражатты осы шетел валютасында сақтаған дұрыс. Доллар, евро, франк, рубль, юань секілді валюталармен сақтаған тиімді деп ойлаймын. Осылай бірнеше валютада сақтаған дұрыс. Алтынмен де сақтауға болады. Өзін-өзі ақтайтын бірден-бір құнды металл. Үш жылда өз бағасын екі еселеп қайтарады. Сонымен қатар теңгемен да ақша сақтауға кеңес беремін. Өйткені ол сіздің бүгінгі күніңіз үшін керек. Алты айға дейін өзіңізге азық болады»,- деп кеңес берді сарапшы.

Мақсат Халық пандемия салдарынан кәсіпкерлердің табысы ортайып, көп азамат жұмыссыз қалғанын да айтты. Айтуынша, бұл тенденция келесі жылы да жалғасады.

«Пандемия кезінде қоғамдық тамақтану, ойын-сауық, көлік, сауда саласы үлкен шығынға ұшырады. Еліміздегі статистика агентттігінің мәліметінше, 100 мыңға жуық шаруашылық субъектісі банкротқа ұшыраған. Аудиторлық компаниялардың мәліметінше, бұл көрсеткіш 3 есе көп. Шындығында банкротқа ұшырағандар саны әлдеқайда көп. Көп кәсіпкер банкротқа ұшырады, кейбіреуі нарықта қалу үшін қызметкерлерін қысқартып, ақысыз демалысқа жіберіп жатыр.Оның әлеуметтік салдары ауыр болуы мүмкін. Кедейшілік, халық арасында жұмыссыздық артады»,- дейді экономист.

 

 

Источник: Aiqyn

ru 10 тонн мусора вывезено с берегов Капшагайского водохранилища

ru Полиция переведена на усиленный вариант несения службы в Алматы

ru Приговор Бишимбаеву огласят 13 мая

ru Меры по обеспечению поливной водой на юге страны находятся на

ru Правительством на борьбу с саранчовыми вредителями выделено 8,1 млрд тенге

ru Получить место в общежитии студенты смогут через проактивную услугу

ru Женский экипаж Академии гражданской авиации совершил первый полет

ru Уровень реки Жайык в селе Махамбет превышает критический уровень на

ru Кто стоит за депутатскими запросами?

ru Жаңа адамдар: В Казахстане зарождается новое сообщество – «те, кого

ru Жаслан Мадиев назначен министром цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности

ru Альпиниаду в Алматы перенесут на другой день и на другой

ru Адвокат подозреваемого сможет копировать протоколы его допроса

ru Аэропорт Астаны опроверг сообщения о срыве капитального ремонта полосы

ru Полиция помогла гражданину США с поиском информации о родственниках в

ru Электрослесарь шахты им.Костенко награжден орденом

ru «АстраЗенека» и казахстанские специалисты объединяют усилия для лечения заболеваний сердца

ru 3 года без преступлений: жители села отказались от алкоголя в

ru «КазАвтоЖол» запустил онлайн-трансляцию на участках автодорог республиканского значения

ru Древние захоронения в городище Сарайшык защищены от подтоплений

ru Казахстанский миротворец встретился с африканскими школьниками

ru В Алматы определят «Лучший арт-объект из мусора»

ru Правила приема в школу изменили в Казахстане

ru Почему игнорируются статьи Закона РК «О газе и газоснабжении»?

ru Интенсивное озеленение Костанайской области идет в рамках акции " Таза

ru Фонд «Әділ сөз» сделал заявление в честь Всемирного дня свободы

ru Глава государства принял участие в церемонии открытия авиабазы Национальной гвардии

ru Аслан Абдраимов назначен вице-министром водных ресурсов и ирригации

ru Скоростной режим изменился на автомобильной дороге «Астана-Темиртау»

ru Инфляция в апреле 2024г. в годовом исчислении составила 8,7%