• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Тараздың ежелгі мәдениетіне арналған этно-тарихи кешен құрылысының бірінші кезеңі аяқталды

Фото:ҚазАқпарат

Алматы. 8 қыркүйек. Ақпараттар орталығы  -Тараз қаласындағы бірқатар нысандарды аралаған Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев алдымен «Тектұрмас» этно-тарихи кешеніне арнайы барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Тектұрмасты» жаңғырту жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталды. Бақылау алаңдары бой көтеріп, Әулие-Атаның 13 метрлік мүсіні, 10 метрлік Лауха (скипетр), қағандардың есімдері жазылған хан шатырлары түріндегі 14 ескерткіш орнатылған. Алайда, кешенде жаңа нысандар мен архитектуралық формаларды салу бойынша күрделі жұмыс әлі бітпеген. Облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов «Тектұрмас» кешенін қайта құрудың екінші кезеңін жүзеге асыру барысы туралы баяндады. Жоспар бойынша ескі бекініс жөнделіп, аллея бойында аймақтың тарихи құрылымдарының макеттері орын теппек. Мұнда жағажай, жасанды сарқырама және кәсіпкерлік нысандары да салынады деп көзделіп отыр. Олар кешеннің маңындағы Талас өзенінің жағасынан бой көтереді. Бердібек Сапарбаев Тектұрмас кешені аумағында өрбіген ауқымды құрылыс жұмыстары нысанның отандық және шетелдік туристер үшін тартымдылығын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

«Этно-тарихи кешенде бірегей сәулеттік идеяны жүзеге асыруға мүмкіндік туды. Мұндағы әрбір нысан Ежелгі Тараздың мәдениетін айшықтайды. Сәулетшілер барынша қаланың тарихи келбетін, сол уақыттағы бейнесін келістіруге күш жұмсауы керек, сонда келушілер өткенге саяхат жасай алады. Сонымен қатар, кешенде келушілерге барлық қолайлы жағдайды жасалып, заманауи техникалық талаптарға сай болуы тиіс», - деп атап өтті облыс әкімі. Туристердің көпшілігін мұндағы Атлах және Аңырақай шайқастарына арналған панорамалық соғыс панелі қызықтыруы тиіс. Оның жобасы әзірленіп жатыр. «Осы шайқастардың тарихын егжей-тегжейлі сипаттаңыздар. Жастарға шайқастардың қалай өткенін, бүгінгі бейбіт күнге қандай қиыншылықпен жеткенімізді түсіндіруіміз керек», - деді облыс әкімі. Бердібек Сапарбаев облыс орталығын аралау барысында су шаруашылығы нысандарының мәселелерімен де танысты. Ол Түйте, Үшбұлақ, Қапал каналдары мен Айша бибі көшесінде орналасқан дренажды каналдың жай-күйін жан-жақты барлады. Өңір басшысы ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру бойынша тиісті тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Сонымен қатар, «Зербұлақ» демалыс аймағында Бердібек Сапарбаев жағалауды нығайтуды, көшеттер отырғызуды тапсырды. «Тараз ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Олжас Қаржауов осы бағытта инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатқанын хабарлады. Олар өз қаражаттарын сала отырып, бұл аймақты қаладағы танымал демалыс орындарының біріне айналдыруға дайын екендігін жеткізді.

Источник: ҚазАқпарат

ru Фейк о фейке разоблачили в eGov

ru Полиция продолжает проверки объектов массового скопления людей

ru Грозу и сильный ветер ожидают в Алматы 1 мая

ru Почти полкило гашиша пытались прислать из Швеции в Казахстан

ru 862 млн тенге были похищены при модернизации ураноперерабатывающего предприятия на

ru Рекордный рост экономики отмечен в Алматы за последние 10 лет

ru Задержан экс-министр внутренних дел Ерлан Тургумбаев

ru Полицейские Алматы посадили яблони

ru Фонтаны в Алматы заработают 1 мая

ru Охранника морга в Алматы задержали за некрофилию

ru Увеличивается количество рейсов в г. Пекин

ru Более 13 тыс. казахстанских семей получили господдержку после паводков

ru 40 млрд тенге обращены в доход государства

ru 101-летняя жительница города Тараз внесла свой вклад в акцию «Таза

ru Лжеполицейских задержали в Шымкенте – МВД

ru Проблемные вопросы строительства в предгорной зоне г.Алматы рассмотрены на заседании

ru Виновный в смертельном ДТП с участием автобуса приговорен к 8

ru В экологической акции «Жасыл Аймақ» приняла участие и активная молодежь

ru В Алматы примут новый план реализации градостроительных регламентов

ru Предпринимателям компенсируют потери от паводков: утверждены правила

ru В Казахстане впервые вынесли приговор по факту хищения газа тепличным

ru В районе Эвереста запущена базовая станция 5G-A

ru Паводки в Казахстане: есть ли риски вспышки холеры и брюшного

ru Режим жесткой экономии введут в Казахстане - Токаев

ru Полицейские установили автора фейка о волонтерах в СКО

ru Учебный год в школах Казахстана завершится 25 мая

ru Порядка 15,5 тыс. пострадавших от паводков охвачено мерами поддержки по

ru Спецоперация проведена в баре Алматы

ru Почти треть участников финрынка используют ИИ в Казахстане — Нацбанк

ru «Крутые» госномера можно будет переоформлять на родственников