• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Цифрлық газдандыру

Фото:«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ

Алматы. 13 наурыз. Ақпараттар орталығы - Осыған дейін тұрғын үй мен объектілерді газдандыру азаматтардың біраз уақытын алып, машақаты көп күрделі процедуралардан өтуді талап ететін. Техникалық шарттарға өтінім беру мен мердігерлерді іздеудің ыңғайлы жолы болмады. Сонымен қатар, газдандыру туралы ақпараттың шектеулі болуы газға ауысу туралы шешім қабылдауды да қиындататын, деп хабарлайды «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ.

          Мәселенің шешімі – цифрландыруға көшу болды. Бүгінгі таңда цифрландыру газ саласындағы оң үрдіс қана емес, сонымен қатар халыққа табиғи газды қосу рәсімдерін оңайлату тәсілі.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін цифрлық технологияларды енгізуді жалғастыруда.

Осыған байланысты 2023 жылдың қазан айынан бастап             «QazaqGaz» ҰК» АҚ еншілес компаниясы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-да газдандыру үшін техникалық шарттарды беру процестері жетілдірілді және автоматтандырылды. Техникалық шарттарды алу – тұрғын үйді газдандырудың алғашқы қадамы болып табылады.

Бұдан былай тұрғындар өз үйлерінен шықпай-ақ электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қолданып, eGov.kz порталы арқылы  газдандыру үшін техникалық шарттарды алуға өтінім бере алады.

Ол үшін азаматтар бар болғаны бірнеше қарапайым әрекеттерді жасау керек:

1.                 eGov.kz порталында жеке тіркеуден өту;

2.                 Байланыс телефонын және электронды почтаны көрсету;

3.                 Тұрғылықты мекенжайды таңдау;

4.                 Газдандыру объектісінің мекенжайын таңдау;

5.                 Техпаспорттың скан көшірмесін қоса тіркеу;

6.                 Газдандыру объектісі бойынша деректерді көрсету;

7.                 ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қою;

8.                 Техникалық шарттардың берілетіні немесе берілмейтіні туралы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жауабын күту.

Техникалық шарттарды қарау және беру процесіне техникалық күрделі емес объектілер үшін 5 жұмыс күні және техникалық күрделі объектілер үшін 10 жұмыс күні кетеді.

«Цифрландыру инновацияларын енгізу арқылы газдандыру процестерін қарапайым әрі қолжетімді етуге тырысамыз. eGov.kz порталында жаңа қызметті енгізу - бұл бағыттағы тағы бір қадам. Мұндай жаңашылдық біздің тұтынушыларымыз үшін тиімді болатыны айқын», – деп атап өтті «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Сәлім Нағым.

2023 жылдың қазан айынан бастап eGov.kz порталы арқылы техникалық шарттарды алуға 1000-нан астам өтінім берілгенін атап өткен жөн.

Сонымен қатар, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тұтынушыларды ақпараттандыру және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өтініштерді жедел өңдеу мақсатында 5169 нөмірі, сондай-ақ WhatsApp – 8-777-121-26-26 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығы (ББО) және жедел желі жұмыс істейді.

«5169 нөмірлі Бірыңғай байланыс орталығы мен сенім телефоны – абоненттің біздің компаниямен тиімді қарым-қатынас жасауының маңызды құралы. Бұл тұтынушылардың өтінімдерін тезірек өңдеуге, сұрақтарға жедел жауап беруге мүмкіндік береді. Ай сайын бірыңғай байланыс орталығына тұтынушылардан 3,5 мыңнан астам өтінім-сұрақ түседі. Олардың көп бөлігі тұрғын үйлерді газдандыруға қатысты», – деді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Техникалық директоры Уәлихан Қымбатов.

Абонент үшін жасалған тағы бір ыңғайлылық – тұтынған табиғи газ үшін төлемді өзіне қолайлы түрде жүргізу. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ және екінші деңгейдегі банктердің уағдаластықтарының арқасында абонент табиғи газды тұтыну қызметі үшін барлық қолжетімді тәсілдермен: пластикалық және виртуалды картамен, өндірістік филиалдардың кассаларында, банктердің терминалдары мен мобильдік қосымшаларының көмегімен төлеуге мүмкіндік алды. Банктердің қосымшалары арқылы төлем жасау туралы толық нұсқаулық компания филиалдарының Facebook және Instagram аккаунттарында жарияланған.

Сондай-ақ, 2023 жылдың қаңтарынан бері «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ газ маркетплейсін іске қосты, бұл тұрғын үйді газдандыру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыратын лицензияланған компанияларды іздеуді жеңілдетті. Сондай-ақ, пайдаланушылардың портал арқылы бірден бірнеше компаниядан баға ұсыныстарын сұратуға және үй ішіндегі газ жабдықтарын (ҮІГЖ) сату туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

Енді компания қызметтерін одан әрі цифрландыру үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ мобильді қосымшасын жасау жоспарланған.

Источник: «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ

ru Лжеполицейских задержали в Шымкенте – МВД

ru Проблемные вопросы строительства в предгорной зоне г.Алматы рассмотрены на заседании

ru Виновный в смертельном ДТП с участием автобуса приговорен к 8

ru В экологической акции «Жасыл Аймақ» приняла участие и активная молодежь

ru В Алматы примут новый план реализации градостроительных регламентов

ru Предпринимателям компенсируют потери от паводков: утверждены правила

ru В Казахстане впервые вынесли приговор по факту хищения газа тепличным

ru В районе Эвереста запущена базовая станция 5G-A

ru Паводки в Казахстане: есть ли риски вспышки холеры и брюшного

ru Режим жесткой экономии введут в Казахстане - Токаев

ru Полицейские установили автора фейка о волонтерах в СКО

ru Учебный год в школах Казахстана завершится 25 мая

ru Порядка 15,5 тыс. пострадавших от паводков охвачено мерами поддержки по

ru Спецоперация проведена в баре Алматы

ru Почти треть участников финрынка используют ИИ в Казахстане — Нацбанк

ru «Крутые» госномера можно будет переоформлять на родственников

ru Сменились заместители председателя АНК

ru 3 крупные виртуальные точки продажи наркотиков выявило АФМ

ru Преподавателям вузов увеличат доплату за ученые степени

ru В Мангистау лиц с инвалидностью заставляли просить милостыню

ru 100 саженцев высадили в городе Жезказган в рамках недели "Жасыл

ru Подростка, “заминировавшего” собственную школу, осудили в Темиртау

ru В Правительстве дали разъяснения касательно дополнительной помощи пострадавшим от

ru Глава государства провел телефонный разговор с Президентом Узбекистана Шавкатом Мирзиёевым

ru Глава государства принял президента KIA Corporation Хо-сунг Сонга

ru МСХ предупредило о фейках о продаже мяса павшего скота

ru Сообщить о повреждениях на дорогах Алматы можно в чат-бот Telegram-канала

ru Два участка трассы Екатеринбург-Алматы закрыты из-за переливов воды

ru На защиту леса – самую массовую акцию высадки саженцев провели

ru Фонд «Әділ сөз»: СМИ имеют законное право освещать ситуацию в