• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Түркістан облысында ет өнімдеріне сұраныс төмендеді

Алматы. 9 қыркүйек. Ақпараттар орталығы -Карантин кезінде Түркістан облысында ет өнімдеріне деген сұраныс төмендеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен жылғымен салыстырғанда сатып алу мен өндіру бір жарым есеге азайған. Ал бұдан фермерлер мен ет өнімін терең өңдеушілер зардап шегуде. Сұраныс неге төмендеп кетті? Бұл Сайрам ауданында орналасқан шағын ғана шұжық шығаратын цех. Мұнда күніне 800 келіге дейін шұжық өнімдері шығарылады. Дайын өнімнің көпшілігі Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы сауда сөрелеріне жөнелтіледі. Карантин басталғалы сұраныс күрт төмендеп кеткен. Цех басшысы Ақылбек Шалқаров былтыр цехтың жанынан үлкен ғимарат салған. Несие алып, кәсібін кеңейтуді жоспарлапты. Алайда табысының азайып кетуіне байланысты ол ойын әзірге іске асыруға жүрексініп отыр. 

Ақылбек Шалқаров, кәсіпкер:

 – Күніне 5 тонна өндіруге болады. Ол үшін құрылғы алуымыз керек. Жылда несие алып, аппарат алмасақ ол қымбат. Жылда шетінен жаңартып отырмыз. Жылдан жылға қосылып келе жатыр. Енді мына үлкен жаңа цехты қоссақ, көптеу шығарамыз деп жатырмыз. Тәулік бойы істей алмаймыз, қазір сұраныс коронавирусқа байланысты төмендеп кетті бұрынғыдан.

Жандос Жұмабек, тілші:

– Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары да қазір етке деген сұраныстың азайғанын айтып отыр. Өйткені етті ең көп сатып алатын тұтынушылар мейрамханалар. Ал карантинге байланысты әзірге ешбір мейрамхана жұмыс істеймейді. Сондықтан ішкі нарықта да ет пен ет өнімдерін өткізу бас қатыратын мәселеге айналып отыр.

Рысбек Қыдырәлі, мейрамхана иесі:

– Бізде той деген күнде болатын. Әсіресе күз кезінде жиын-терімнен кейін. Күнде 300 кг ет аламыз. Оны 30-ға көбейтіңіз. 9-10 тонна ет алатынбыз. Барлығы кәсіпкер, мысалы ет сататын адам да, сусын сататын адам да, жеміс-жидек сататын адам да кәсіпкер. Олардың да заттары өтпей қалды. Бір ғана Түркістан қаласының өзінде елуге жуық тойхана барын ескерсек, тек солардың өзі айына 500 тонна ет сатып алып отырған. Сондықтан қазір ішкі нарықта ет өнімін өткізу өзекті мәселеге айналып отыр.

Ербұлан Жәнібеков, облыстық ауыр шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

 – Ішкі нарықта былтырғымен салыстырғанда өте төмен болып тұр. Өйткені пандемияға байланысты етке де сұраныс төмендеді. Оның үстіне экспортты да жапты. Екі жақтан да шаруаларға ауыр тиюде. Сол үшін біз ет экспортын ашуды сұрап ұсыныс білдірдік. Ет өткізуде қиындықтар туындауда деп. Екінші мәселе – Қытайға шығаруды қарастырып жатыр қазір мемлекет тарапы. Біз екі мал сою орнын ұсынып отырмыз. Қазір өндірген етіміз тек көрші облыстарға, Алматы облысы мен Өзбекстанға экспорталып жатыр. Бүгінге дейін Түркістан облысында 121 мың тонна ет өндірілген. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен шамалас. Өзбекстанға төрт жарым мың тонна сиыр, 244 тонна қой еті экспортталған.
Источник: Хабар 24

ru Полицейские Алматы посадили яблони

ru Фонтаны в Алматы заработают 1 мая

ru Охранника морга в Алматы задержали за некрофилию

ru Увеличивается количество рейсов в г. Пекин

ru Более 13 тыс. казахстанских семей получили господдержку после паводков

ru 40 млрд тенге обращены в доход государства

ru 101-летняя жительница города Тараз внесла свой вклад в акцию «Таза

ru Лжеполицейских задержали в Шымкенте – МВД

ru Проблемные вопросы строительства в предгорной зоне г.Алматы рассмотрены на заседании

ru Виновный в смертельном ДТП с участием автобуса приговорен к 8

ru В экологической акции «Жасыл Аймақ» приняла участие и активная молодежь

ru В Алматы примут новый план реализации градостроительных регламентов

ru Предпринимателям компенсируют потери от паводков: утверждены правила

ru В Казахстане впервые вынесли приговор по факту хищения газа тепличным

ru В районе Эвереста запущена базовая станция 5G-A

ru Паводки в Казахстане: есть ли риски вспышки холеры и брюшного

ru Режим жесткой экономии введут в Казахстане - Токаев

ru Полицейские установили автора фейка о волонтерах в СКО

ru Учебный год в школах Казахстана завершится 25 мая

ru Порядка 15,5 тыс. пострадавших от паводков охвачено мерами поддержки по

ru Спецоперация проведена в баре Алматы

ru Почти треть участников финрынка используют ИИ в Казахстане — Нацбанк

ru «Крутые» госномера можно будет переоформлять на родственников

ru Сменились заместители председателя АНК

ru 3 крупные виртуальные точки продажи наркотиков выявило АФМ

ru Преподавателям вузов увеличат доплату за ученые степени

ru В Мангистау лиц с инвалидностью заставляли просить милостыню

ru 100 саженцев высадили в городе Жезказган в рамках недели "Жасыл

ru Подростка, “заминировавшего” собственную школу, осудили в Темиртау

ru В Правительстве дали разъяснения касательно дополнительной помощи пострадавшим от