• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Түркістандағы жаңа музыкалық драма театрында түркі әлеміне ортақ қойылымдар сахналанады

Фото: ҚазАқпарат

Алматы. 11 мамыр. Ақпараттар орталығы - Түркістанда жаңадан ашылған Музыкалық драма театрда түркі әлеміне ортақ қойылымдар сахналанады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркістан облысына сапары барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат


Тұңғыш Президент жаңадан салынған музыкалық драма театрдың ашылу салтанатына қатысып, ұжыммен кездесті. Композициялық көрінісі мен сәулеттік келбеті өзгеше театрда тек қазақ актерлері ғана емес, шетелдік танымал өнер қайраткерлері де өнер көрсетеді. Төрт қабатты мәдениет ордасының көрермендер залы 510 адамға арналған. Мұнда вестибюльдің, кулуарлардың, фойенің, жинақтау холдары мен VIP залдар ұлттық нақышпен безендірілген. Театрда көрерменге және қызметтік персоналға шұғыл медициналық көмек көрсететін дәрігер де қарастырылған.

Театардың бас директоры Айнұр Көпбасарованың айтуынша, 190 адам штаттық режимде жұмыс істей алады. Қазір актерлерді жұмысқа қабылдау жұріп жатыр. Олардың қатарында Дубайда, Мәскеуде тәжірибе жинаған режиссерлер мен композиторлар, менеджерлер бар.


«Сан ғасырлық тарихы бар осындай киелі өлкедегі өнер ордасы Елбасының бастамасы, қолдауымен салынды. Бұл өнер орталығының ерекшелігі және концепциясы - преформативті театр атануында. Яғни, қазақстандық қана емес, түркі әлеміне ортақ мемлекеттердің актерлері де келісімшарт негізінде осында жұмыс істейді. Театрға жас баллет труппасы, хор, опера әртістері, драма актерлерін кастинг арқылы алып жатырмыз. 25 жасқа дейінгі жас актерлерді осында үш жылға оқытып, түрлі курстар, қойылмдар арқылы шеберлігін шыңдаймыз. Алыс-жақын шетелден, республиканың әр өңірінен талантты жас режиссерлер, сценографтар, хореографтар, актерлерді жинап жатырмыз. Талантты жастардың ішінде «Belcanto» Вена академиясының түлегі Айя Шәріп, танымал композитор Хамит Шанғалиев, «Watanabe Buber» балет академиясын, Ваганова атындағы орыс балет академиясын бітірген Мао Сакай сынды прима-балериналарымыз бар. Театрдың алға қойған жоспары көп», -дейді Айнұр Көпбасарова.


Жаңа ғимараттың жалпы ауданы 11 мың шаршы метрден асады. Театр басшылығының мәліметінше, алғашқы қойылым 5 қыркүйекте көрермен назарына ұсынылады. Оған дейін сахнаны безендіру, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілмек.




Источник: ҚазАқпарат

ru Лжеполицейских задержали в Шымкенте – МВД

ru Проблемные вопросы строительства в предгорной зоне г.Алматы рассмотрены на заседании

ru Виновный в смертельном ДТП с участием автобуса приговорен к 8

ru В экологической акции «Жасыл Аймақ» приняла участие и активная молодежь

ru В Алматы примут новый план реализации градостроительных регламентов

ru Предпринимателям компенсируют потери от паводков: утверждены правила

ru В Казахстане впервые вынесли приговор по факту хищения газа тепличным

ru В районе Эвереста запущена базовая станция 5G-A

ru Паводки в Казахстане: есть ли риски вспышки холеры и брюшного

ru Режим жесткой экономии введут в Казахстане - Токаев

ru Полицейские установили автора фейка о волонтерах в СКО

ru Учебный год в школах Казахстана завершится 25 мая

ru Порядка 15,5 тыс. пострадавших от паводков охвачено мерами поддержки по

ru Спецоперация проведена в баре Алматы

ru Почти треть участников финрынка используют ИИ в Казахстане — Нацбанк

ru «Крутые» госномера можно будет переоформлять на родственников

ru Сменились заместители председателя АНК

ru 3 крупные виртуальные точки продажи наркотиков выявило АФМ

ru Преподавателям вузов увеличат доплату за ученые степени

ru В Мангистау лиц с инвалидностью заставляли просить милостыню

ru 100 саженцев высадили в городе Жезказган в рамках недели "Жасыл

ru Подростка, “заминировавшего” собственную школу, осудили в Темиртау

ru В Правительстве дали разъяснения касательно дополнительной помощи пострадавшим от

ru Глава государства провел телефонный разговор с Президентом Узбекистана Шавкатом Мирзиёевым

ru Глава государства принял президента KIA Corporation Хо-сунг Сонга

ru МСХ предупредило о фейках о продаже мяса павшего скота

ru Сообщить о повреждениях на дорогах Алматы можно в чат-бот Telegram-канала

ru Два участка трассы Екатеринбург-Алматы закрыты из-за переливов воды

ru На защиту леса – самую массовую акцию высадки саженцев провели

ru Фонд «Әділ сөз»: СМИ имеют законное право освещать ситуацию в