• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Вице-министр дизель отыны тапшылығының себептерін айтты

Фото:Хабар 24

Алматы. 23 маусым - Ақпараттар орталығы - Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде дизель отыны мен бензин тапшылығы жақын арада жойылады. Бұл туралы брифингте энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлім етті, деп хабарлайды Хабар 24.

Мағауов елдің оңтүстігіндегі мұнай өнімдерін жеткізудегі қиындықтардың негізгі себептері бірнеше факторға байланысты екенін айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Мысалы, Шымкент мұнай өңдеу зауыты (МӨЗ) жөндеу жұмыстарына байланысты жұмысын тоқтатты. Сондай-ақ, ол іске қосылғанға дейін 5-6 күн бұрын Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында орналасқан жанармай құю бекеттерінің иесі Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Павлодар мұнай-химия зауытына өтінім беруді қысқартты. Себебі теміржол тарифтері қымбаттап кетті. Кәсіпкерлер Шымкент МӨЗ іске қосылады деп күткен», – деді вице-министр.

Ол 13 маусымнан бастап бензин өндірісі қайта басталғанын айтты. Соңғы бес күнде орташа тәуліктік өндіріс 6,5 мың тонна болған. Бұл ретте оңтүстік өңірлерде АИ-92 бензинін тәуліктік тұтыну мөлшері - 5,3 мың тонна. 16 маусымнан бастап дизель отынын өндіру қайта жанданған. Соңғы төрт күнде орташа тәуліктік өндіріс алты мың тоннаны, ал күнделікті тұтыну 5,6 мың тонна болған.

«Мұнай өнімдерін өндіру ағымдағы қажеттілікті толығымен өтейді. Шымкент МӨЗ-інде жөндеу жұмыстары кезінде кәсіпкерлер Атырау және Павлодар МӨЗ-дерінен отын сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Өңірде мұнай өнімдерінің қоры қалыптасты. Бұл стандартты тәжірибе, зауыттар жыл сайын жоспарлы жөндеуден өтеді. Бірақ жанар-жағармайды теміржол көлігімен уақтылы жөнелту бойынша мәселелер болды. Қазір ҚТЖ-мен бірлесіп, оңтүстік өңірлерге басымдықпен бензин жөнелтуді жеделдетіп жатырмыз. Министрлік мұнай өнімдерін өндіру саласындағы үйлестіруді қамтамасыз етеді, ал одан кейінгі процестер - кәсіпкерлер арасындағы қарым-қатынасқа байланысты. Осыған қарамастан, жеткізілім іркілістерін азайту үшін біз оңтүстік өңірлерге отынды қолмен жеткізуді қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізіп жатырмыз», – деп сендірді Әсет Мағауов.

Источник: Хабар 24

ru Интенсивное озеленение Костанайской области идет в рамках акции " Таза

ru Фонд «Әділ сөз» сделал заявление в честь Всемирного дня свободы

ru Глава государства принял участие в церемонии открытия авиабазы Национальной гвардии

ru Аслан Абдраимов назначен вице-министром водных ресурсов и ирригации

ru Скоростной режим изменился на автомобильной дороге «Астана-Темиртау»

ru Инфляция в апреле 2024г. в годовом исчислении составила 8,7%

ru Почти 1,5 тысячи голов домашнего скота отогнали в безопасные места

ru В Казахстане могут появиться дороги японского качества

ru Токаев принял управляющего Международным финансовым центром «Астана»

ru Фрагмент пальца помог раскрыть преступление

ru Суд по делу о нападении на водителя скорой помощи будут

ru Антикор направил в суд дело в отношении Гульмиры Сатыбалды

ru Казахстанские школьники вошли в тройку сильнейших юных математиков Балканского полуострова

ru Казахстан увеличит тариф на транзит российской нефти в Китай

ru Меры по сдерживанию цен на овощи в межсезонье приняли в

ru Фейк о фейке разоблачили в eGov

ru Полиция продолжает проверки объектов массового скопления людей

ru Грозу и сильный ветер ожидают в Алматы 1 мая

ru Почти полкило гашиша пытались прислать из Швеции в Казахстан

ru 862 млн тенге были похищены при модернизации ураноперерабатывающего предприятия на

ru Рекордный рост экономики отмечен в Алматы за последние 10 лет

ru Задержан экс-министр внутренних дел Ерлан Тургумбаев

ru Полицейские Алматы посадили яблони

ru Фонтаны в Алматы заработают 1 мая

ru Охранника морга в Алматы задержали за некрофилию

ru Увеличивается количество рейсов в г. Пекин

ru Более 13 тыс. казахстанских семей получили господдержку после паводков

ru 40 млрд тенге обращены в доход государства

ru 101-летняя жительница города Тараз внесла свой вклад в акцию «Таза

ru Лжеполицейских задержали в Шымкенте – МВД