• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Сейтқазы Матаевқа қатысты қылмыстық іс басқа бапқа өзгертілді

Алматы. 25 мамырАқпараттар орталығы. Аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырған-мыс деп айыпталып жатқан Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевтың ісі басқа бапқа өзгертілді, деп хабарлады халықаралық «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қорынан.

«Аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырған-мыс деп айыпталып жатқан Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевтың ісі қызметтік жағдайын пайдалана отырып, сенімді асыра пайдаланған деген басқа бапқа өзгертілді», - делінген қор хабарында.

Матаевты қолдау қорының комитетінен хабарлағандай,  23 мамырда Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің шұғыл тергеу тобы қылмыстық істі өзгерту туралы жаңа қаулы қабылдады.
 
Әділ сөз еске салғандай, «тура үш ай бұрын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро департаментінің басшысы Шаттық Өтеев 2011-2015 жылдар аралығында мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындау барысында Т300 млн-нан астам қаржыны жымқыру фактісі анықталды» деп мәлімдеген еді. Сондай-ақ, ол бұл қаржының көп бөлігін иемденіп алған деді, және бұл қылмыс өте ауыр болып табылатынын айтқан. Брифингтен кейін С.Матаев үй қамағына алынды..
 
Өз кезегінде Журналистер одағының басшысы сотқа дейінгі тергеу барысында кінәсін мойындамады, барлық тағылған айыптарға қарсылығын танытты. .

«Ол сондай-ақ қылмыстық іс тоқтатылуына айырбас ретінде тергеуге көмектесуден бас тартты. Бұл ретте ол өзінің бюджет қаражатына ешқандай қатысы жоғын бірнеше мәрте айтты, себебі мемлекеттік ақпараттық саясатты тарату бойынша ешқандай шартқа отырмаған және Ұлттық баспасөз клубының есеп шотына қаржы министрлігінің қазынашылық комитеті арқылы ешқандай қаржы түспеген», - деп атап өтті қорда.

сонымен қатар, С.Матаевтың «қылмыстық іс қозғалуын оның азаматтық ұстанымының беделін түсіру және кәсіби қызметін шектеу мақсатында жоғары тұрған шенеуніктердің тапсырысы деп санайтыны атап көрсетілген. Оның қорғаушылары қылмыс құрамының болмауына байланысты істі тоқтату туралы қадағалау органына жүгінген».
 
Бұдан басқа, С.Матаев жұртшылық пен халықаралық баспасөздің қатысуымен өтетін ашық сотта барлық тағылып отырған айыптарды жоққа шығаруға дайын.

Бірқатар шетелдік БАҚ-тар, оның ішінде ВВС, Азаттық радиосы, Неміс толқыны, Рейтер, Франс-пресс, Ассошиатейд пресс, Гардиан, НТВ, Россия-24, Эхо Москвы, РБК, Московский комсомолец, Новая газета және т.б. сонымен қатар халықаралық құқық қорғаушы ұйымдар, Халықаралық журналистер федерацияы, Халықаралық баспасөз институты, ТМД және Балтық жағалауы Журналистер одағының конфедерациясы, Орталық Азия мемлекеттерінің журналистер одақтары С. Матаевтың сотына қатыспақ ниетінің барлығын мәлім етті.

Одан басқа, АҚШ конгресінде С. Матаевтың ісі мен Қазақстандағы сөз бостандығына қатысты жағдай бойынша тыңдаулар болады деп күтілуде.

Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.

ru Семь уголовных дел возбудило МВД Казахстана по факту пропажи людей

ru В городе Алматы сошла оплывина

ru Организаторов незаконной лотереи в Instagram оштрафовали на 70 МРП

ru Вопросы мониторинга распределения бюджетных средств по ликвидации паводков обсудили в

ru Токаев назначил послов в ряде стран

ru Возвращенные незаконно приобретенные активы направили на устранение последствий паводков

ru Главный санитарный врач страны посетила Атыраускую область

ru Отсрочку по налогам предоставят пострадавшим от паводка казахстанцам

ru Жара до +30 ожидается на юге Казахстана, на севере возможен

ru 30 млн тенге на лечение детей: подозреваемую в мошенничестве задержала

ru Уровень воды в Урале снова поднялся

ru В Шымкенте за мошенничество осужден нотариус

ru 60 тыс. водительских удостоверений было незаконно выдано за 3 года

ru Глава государства принял Уполномоченного по правам человека Артура Ластаева

ru Двух граждан на надувной лодке остановили полицейские в Петропавловске

ru В Медеуском районе Алматы сошла лавина

ru ДЧС и "Казселезащита»: Обстановка на реках Алматы стабильная

ru Президент встретился с эвакуированными жителями СКО

ru Правительство РК продолжает наращивать силы для борьбы с паводками

ru В Алматы частично перекроют движение из-за полумарафона

ru Установлена стоимость регистрации прав на недвижимость в Казахстане

ru Два ребенка выпали из окон в Карагандинской области

ru Около 2 тысяч жителей Кульсары подали заявки на получение разовой

ru Дожди ожидаются в Алматы с 15 по 17 апреля

ru В Алматы социально уязвимым слоям населения в полном объеме компенсируют

ru Руководство школы в Шымкенте подозревается в хищении 6,8 млн тенге

ru Нацбанк планирует изменить признаки ветхих банкнот

ru Токаев призвал к скорейшему урегулированию отношений между Арменией и Азербайджаном

ru Нацбанк: Единый QR-код для всех банков появится в Казахстане в

ru В Восточно-Казахстанской области ожидают вторую волну паводков