• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Бурабайда 31 арнамен бірге әзіл мерекесі

Алматы. 29 маусым. Ақпараттар орталығы. Шілде айының басында 31 арна алғашқы бүкілқазақстандық  «Бурабай Әзіл-Фест» әзіл-сықақ фествалінің жазғы ойындарын өткізеді. Шараға республиканың түкпір-түкпірінен 14 команда және жекелей өнер көрсететін 10 стэндапшы қатысады. Фестивальдің қызыл кілемімен еліміздің ең үздік әзілкештері мен шоу-бизнес өкілдері жүріп өтеді. Әзілге толы думанды мерекенің авторы әрі ұйымдастырушысы – 31 арна.  

Бүкілқазақстандық «Бурабай Әзіл-Фест» әзіл-сықақ фестивалінің алғашқы кезеңі былтыр «Rixos Borovoe» отелінің сахнасында өткен болатын. Биыл да қатысушы командалар жылдағы дәстүр бойынша «Үздік стендапер», «Үздік қойылымдар театры», «Үздік импровизация», «Үздік пародия», «Үздік музыкалық номер» сынды бес номинация бойынша таласқа түседі. Әр ұжымға байқау бағдарламасын ұсынуға 10 минут уақыт беріледі. 

Байқауға қатысушыларға баға беретін әділ қазылар алқасының құрамында Жайдарман» Қазақстан КВН Лигасының президенті Есен Елеукен, белгілі сықақшы Асылбек Боранбай, ақын-айтыскер Айнұр Тұрсынбаева, сондай-ақ, әрине, 31 арнаның көрермендері бар. Күлкі мен думанға толы мереке күзде 31 арна эфирінен трансляцияланады. 
Мерекенің жүргізушілері – Алмат Сақатов және Диана Тілеубергенова, Жеңіс Ысқақова және Абай Аязбаев.  

Былтыр қыркүйек айында 31 арнадан ұсынылған алғашқы «Бурабай Әзіл-Фест» фестивалі эфирде жоғары көрсеткішке ие болған: барлық шығарылымдар қорытындысы бойынша үлесі 13%-ды құраса, ең алғашқы шығарылымдарының үлесі одан да жоғары, яғни 22-25%-ға жетті. 

Көрермендердің жаңа тележобаға деген ықыласынан шабыт алған 31 арна фестивальді ары қарай қысқы ойындармен жалғастырды. Ол биыл ақпан айында көрерменге жол тартқан болатын. 

«Кастинг жарияланды, ең үздік командалар іріктеліп, оларға Бурабайдағы жазғы ойындарға жолдама берілді, - дейді 31 арнаның атқарушы продюсері Әсел Тоянова. – Оған әзілдің майын ішіп, жілігін шаққандар да,  аты танылып үлгерген командалар да, жас әзілкештер де қатысады. Көркемдік жетекшілеріміз әрбір театрмен, байқауға қатысушымен жеке жұмыс істеп, сапалы дүние ұсыну үшін талмай еңбек етті». 

Есен Елеукеннің айтуынша, «Бурабай Әзіл Фест» байқауы – еліміздегі әзілкештердің басын біріктіріп, тәжірибе алмасуға көптен бері жетіспей жүрген ортақ алаң.  «Қазақ сатирасының ыстығына төзіп, суығына тоңып, әбден шыңдалған белгілі сықақшылар жастарға өз тәжірибесін мысал етсе, жастар жаңа заманға лайық өз идеяларын ортаға салды. Бұл - дәл қазіргі сәтте ең керек нәрсе еді», - дейді мэтр.

«Фестиваль жас театрлар үшін таланттарын паш етуге таптырмас мүмкіндік берді, - дейді танымал әзілкеш Нұрдәулет Шертім. - Алаңда тәжірибе алмасу оларды алға жетелейді, дамытады. Әлі қалыптасып үлгермеген жас әзілкештер сабақ үйренсе, мықты театрлар одан сайын нығайып, рейтинг жинады. Сөйте-сөйте жұлдыз болады».
  
Жобаның бас серіктесі – Rixos Borovoe отелі.

Отыз бірінші арна – таңғалдыратын, шабыт пен мейірім сыйлайтын, қызықты, қауіпсіз, бүкіл отбасына арналған ұлттық ойын-сауық арнасы. Арнаның ұраны – «Отбасымен бірге көрейік!». 

Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.

ru Лжеполицейских задержали в Шымкенте – МВД

ru Проблемные вопросы строительства в предгорной зоне г.Алматы рассмотрены на заседании

ru Виновный в смертельном ДТП с участием автобуса приговорен к 8

ru В экологической акции «Жасыл Аймақ» приняла участие и активная молодежь

ru В Алматы примут новый план реализации градостроительных регламентов

ru Предпринимателям компенсируют потери от паводков: утверждены правила

ru В Казахстане впервые вынесли приговор по факту хищения газа тепличным

ru В районе Эвереста запущена базовая станция 5G-A

ru Паводки в Казахстане: есть ли риски вспышки холеры и брюшного

ru Режим жесткой экономии введут в Казахстане - Токаев

ru Полицейские установили автора фейка о волонтерах в СКО

ru Учебный год в школах Казахстана завершится 25 мая

ru Порядка 15,5 тыс. пострадавших от паводков охвачено мерами поддержки по

ru Спецоперация проведена в баре Алматы

ru Почти треть участников финрынка используют ИИ в Казахстане — Нацбанк

ru «Крутые» госномера можно будет переоформлять на родственников

ru Сменились заместители председателя АНК

ru 3 крупные виртуальные точки продажи наркотиков выявило АФМ

ru Преподавателям вузов увеличат доплату за ученые степени

ru В Мангистау лиц с инвалидностью заставляли просить милостыню

ru 100 саженцев высадили в городе Жезказган в рамках недели "Жасыл

ru Подростка, “заминировавшего” собственную школу, осудили в Темиртау

ru В Правительстве дали разъяснения касательно дополнительной помощи пострадавшим от

ru Глава государства провел телефонный разговор с Президентом Узбекистана Шавкатом Мирзиёевым

ru Глава государства принял президента KIA Corporation Хо-сунг Сонга

ru МСХ предупредило о фейках о продаже мяса павшего скота

ru Сообщить о повреждениях на дорогах Алматы можно в чат-бот Telegram-канала

ru Два участка трассы Екатеринбург-Алматы закрыты из-за переливов воды

ru На защиту леса – самую массовую акцию высадки саженцев провели

ru Фонд «Әділ сөз»: СМИ имеют законное право освещать ситуацию в