• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Қазақстан экономикасы пандемияға дейінгі деңгейге жетті – А.Мамин

Фото:primeminister.kz

Алматы. 14 қыркүйек. Ақпараттар орталығы - Үкімет басшысы Қазақстан экономикасының көрсеткіштері пандемияға дейінгі деңгейге жеткенін және сенімді қалпына келу серпінін көрсетіп отырғанын атап өтті, деп хабарлайды Хабар 24.

Биылғы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 3% құрады. Бұл туралы ҚР премьер-министрі Асқар Мамин еліміздің 2021 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары қаралған Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі. «Өңдеу өнеркәсібінде 5,8%-ке, сауда саласында 9,1%-ке, байланыс саласында 12,8%-ке, сондай-ақ құрылыста 11,4%-ке өсу қарқынының күшеюі жалғасуда. Осы жылдың 8 айында елімізде 8,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,5%-ке артық. Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім фармацевтикалық өнім өндіру көлемінің 40,8%-ке, машина жасаудың 23,9%-ке, мұнай өңдеудің 9,2%-ке, былғары бұйымдарын шығарудың 8,4%-ке, азық-түлік өнімдерін өндірудің 4,8%-ке және химия өнімдерінің 2,2%-ке ұлғаюымен байланысты», – делінген мәліметте. ОПЕК+ аясында мұнай өндіруге қойылған шектеулерді ескере отырып, тау-кен өндірісі секторындағы өсу қарқыны шектеулі (-1,4%) болып қалып отыр. Көрсетілетін қызметтер секторындағы өсу қарқыны қалпына келіп жатыр және қазіргі уақытта саудадағы (+9,1%) және байланыстағы (+12,8%) жоғары динамика есебінен 2,3%-ке жетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуі тау-кен өндірісін есепке алмағанда 18%-ті құрады. Бұл құрылыста (+150,1%), өңдеу өнеркәсібінде (+81,7%), ауыл шаруашылығында (+43,2%), саудада (+39,9%), ақпарат пен байланыста (+37,0%), жылжымайтын мүлік операцияларында (+16,2%) және көлік қызметтерінде (+9,0%) негізгі капиталға салынған инвестициялардың жоғары көрсеткіштері есебінен орындалды. Биылғы қаңтар-тамыз айларының қорытындылары бойынша Алматы, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау облыстары және Шымкент қаласы барлық 7 негізгі макрокөрсеткіш бойынша, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы 6 көрсеткіш бойынша, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары және Алматы қаласы 5 көрсеткіш бойынша әлеуметтік-экономикалық даму өсімін қамтамасыз етті. Батыс Қазақстан облысы ең төменгі көрсеткіштерге ие. Үкімет басшысы әкімдіктерге көрсеткіштердің төмендеуі мен баяулауы байқалатын экономика секторларында өсу қарқынын арттыруды, экономиканы одан әрі әртараптандыру, инвестициялар тарту және жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. Мемлекеттік органдардың басшылары мен әкімдерге бағаны ұстап тұруды күшейту, Сауда және интеграция министрлігіне Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары кешенін іске асыруды нақты үйлестіру тапсырылды. «Барлық өңірлер әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізуді және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алға қойған міндеттерді тиімді іске асыруды қамтамасыз етуі қажет», – деді А.Мамин.

Источник: Хабар 24

ru Семь уголовных дел возбудило МВД Казахстана по факту пропажи людей

ru В городе Алматы сошла оплывина

ru Организаторов незаконной лотереи в Instagram оштрафовали на 70 МРП

ru Вопросы мониторинга распределения бюджетных средств по ликвидации паводков обсудили в

ru Токаев назначил послов в ряде стран

ru Возвращенные незаконно приобретенные активы направили на устранение последствий паводков

ru Главный санитарный врач страны посетила Атыраускую область

ru Отсрочку по налогам предоставят пострадавшим от паводка казахстанцам

ru Жара до +30 ожидается на юге Казахстана, на севере возможен

ru 30 млн тенге на лечение детей: подозреваемую в мошенничестве задержала

ru Уровень воды в Урале снова поднялся

ru В Шымкенте за мошенничество осужден нотариус

ru 60 тыс. водительских удостоверений было незаконно выдано за 3 года

ru Глава государства принял Уполномоченного по правам человека Артура Ластаева

ru Двух граждан на надувной лодке остановили полицейские в Петропавловске

ru В Медеуском районе Алматы сошла лавина

ru ДЧС и "Казселезащита»: Обстановка на реках Алматы стабильная

ru Президент встретился с эвакуированными жителями СКО

ru Правительство РК продолжает наращивать силы для борьбы с паводками

ru В Алматы частично перекроют движение из-за полумарафона

ru Установлена стоимость регистрации прав на недвижимость в Казахстане

ru Два ребенка выпали из окон в Карагандинской области

ru Около 2 тысяч жителей Кульсары подали заявки на получение разовой

ru Дожди ожидаются в Алматы с 15 по 17 апреля

ru В Алматы социально уязвимым слоям населения в полном объеме компенсируют

ru Руководство школы в Шымкенте подозревается в хищении 6,8 млн тенге

ru Нацбанк планирует изменить признаки ветхих банкнот

ru Токаев призвал к скорейшему урегулированию отношений между Арменией и Азербайджаном

ru Нацбанк: Единый QR-код для всех банков появится в Казахстане в

ru В Восточно-Казахстанской области ожидают вторую волну паводков