• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Қазақстан мен Корея еңбек мигранттарына қатысты мәселені талқылап жатыр – Елші

Фото:ҚазАқпарат

Алматы. 16 қыркүйек. Ақпараттар орталығы - Қазақстан мен Оңтүстік Корея заңсыз еңбек миграциясы мәселесін талқылап жатыр. Бұл туралы Кореяның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ку Хонг-сок елордада БАҚ өкілдерімен кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір екі ел арасында заңсыз жұмыс мигранттар мәселесін шешу қызу талқыланып жатыр. Сонымен қатар Қазақстан азаматтарының Оңтүстік Кореяға барып, заңды жұмыс істеу мәселесі де қаралуда. Бұл мәселе өте маңызды және біз өз тарапымыздан бұған бар күшімізді салатын боламыз», - деді Ку Хонг-сок.

Елші өз сөзінде Корея үшін заңсыз жұмыс мигранттары аса күрделі әлеуметтік мәселе екендігін жеткізді. «Заңсыз мигранттар мәселесі Қазақстанға ғана қатысты емес. Себебі Кореяда заңсыз жұмыс істейтін басқа елдің азаматтары да өте көп», - деп толықтырды Елші өз сөзін. Еске салсақ, бұған дейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Оңтүстік Кореяға Қазақстаннан барған заңсыз еңбек мигранттарына қатысты депутаттық сауалға жауап берді. Онда ол Корея Республикасының шетелдік еңбек күштерін маусымдық жұмысқа тарту бағдарламасына (The Seasonal Worker) сәйкес, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕХӘҚМ) әзірлеген корей тарапының Қазақстан азаматтарын Оңтүстік Кореяның ауыл және балық шаруашылығы саласына маусымдық жұмыстарға тарту жөніндегі ұсынысы осы елдің тиісті мекемелері мен жергілікті провинцияларының әкімшіліктеріне қарастыруға жолданғанын айтқан еді. СІМ мәліметінше, 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Оңтүстік Корея аумағында заңсыз еңбек мигранттары ретінде жүрген қазақстандықтардың саны - 8902 адам (2019 жылы – 10 707 адам, 2018 жылы – 11 413 адам).



Источник: ҚазАқпарат

ru Актау на все лето останется без горячей воды

ru Рассылка об угрозе нападения на школы Астаны – фейк

ru Проблему с шугоходом на реке Есентай решат в Алматы

ru Роста цен на продукты питания во время ЧС не будет

ru Биометрию пассажиров планируют ввести во всех аэропортах Казахстана

ru Касым-Жомарт Токаев и Садыр Жапаров торжественно открыли памятник Айкол Манасу

ru Касым-Жомарт Токаев и Садыр Жапаров провели переговоры в узком составе

ru Семь уголовных дел возбудило МВД Казахстана по факту пропажи людей

ru В городе Алматы сошла оплывина

ru Организаторов незаконной лотереи в Instagram оштрафовали на 70 МРП

ru Вопросы мониторинга распределения бюджетных средств по ликвидации паводков обсудили в

ru Токаев назначил послов в ряде стран

ru Возвращенные незаконно приобретенные активы направили на устранение последствий паводков

ru Главный санитарный врач страны посетила Атыраускую область

ru Отсрочку по налогам предоставят пострадавшим от паводка казахстанцам

ru Жара до +30 ожидается на юге Казахстана, на севере возможен

ru 30 млн тенге на лечение детей: подозреваемую в мошенничестве задержала

ru Уровень воды в Урале снова поднялся

ru В Шымкенте за мошенничество осужден нотариус

ru 60 тыс. водительских удостоверений было незаконно выдано за 3 года

ru Глава государства принял Уполномоченного по правам человека Артура Ластаева

ru Двух граждан на надувной лодке остановили полицейские в Петропавловске

ru В Медеуском районе Алматы сошла лавина

ru ДЧС и "Казселезащита»: Обстановка на реках Алматы стабильная

ru Президент встретился с эвакуированными жителями СКО

ru Правительство РК продолжает наращивать силы для борьбы с паводками

ru В Алматы частично перекроют движение из-за полумарафона

ru Установлена стоимость регистрации прав на недвижимость в Казахстане

ru Два ребенка выпали из окон в Карагандинской области

ru Около 2 тысяч жителей Кульсары подали заявки на получение разовой