26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

2003-2006 ж. туылған ер балалар арасындағы дзюдодан турнир өтеді

31 марта 2016 Просмотры: 2 140
2003-2006 жылдары туылған ер балалар арасындағы дзюдодан турнир өтеді

Өтетін күні:       03.04.2016 (жексенбі)  
Өтетін орны:     Алматы қаласы, «Абылайхан» спорт клубы  (Сейфуллин көшесі, Шолохов көшесінің қиылысы)
Өтетін уақыты: 10.00 – 13.00 (2003-2004 жылдары туылған ер балалар); 14.00 – 17.00 (2005-2006 туылған ер балалар).

Турнирге Қырғызстаннан 2 команда, Қазақстан жағынан 8 команда қатысады. Қазақстан жағынан қатысатындардың басым бөлігі – «Достық» спорт клубының жас спортшылары. Бұл клубта 80 жеткіншек дзюдоның қыр-сырын үйренуде. Клубта жаттыққандардың ішінде Азия, Әлем біріншіліктерінің жүлдегерлері бар. Солардың арасынан жастар арасындағы әлем біріншілігінің қола жүлдегері Виктор Демьяненконы (100 кг салмаққа дейінгі) атауға болады.

Бұның бәрі мықты жаттықтырушылардың арқасы. Мысалы, шәкірттері түрлі біріншіліктерде жүлделі орыннан көрінген жаттықтырушылардың бірі - Биабулин Талгат Зуфарұлы «Достық» спорт клубында балаларды 1998 жылдан бері жаттықтырып келеді.

Турнирдің мақсаты: жас дзюдошылар арасынан мықтыларды анықтау, балалардың спортпен айналысуын насихаттау, ел спортының келешегін бүгіннен қалыптастыру.

Источник: Ықылас Мұхит Мұхамедханұлы