26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

2006 жылғы үлгідегі банкноттарды айырбастау мерзімі 3 қазанда аяқталады – ҚР Ұлттық банкі

26 августа 2020 Просмотры: 1 857 Финансы
Фото: Kazpravda.kz
Фото: Фото: Kazpravda.kz

Алматы. Тамыз 26. Ақпараттар орталығы - 2006 жылғы үлгідегі банкноттарды айырбастау мерзімі 3 қазанда аяқталады, деп хабарлайды ҚазТАГ.

 «3 қазанда 2006 жылғы үлгідегі 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңі аяқталады», -  деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.

Атап өтілгендей, қолма-қол ақша айналымынан алынған банкноттарды Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастау тек қана Ұлттық банктің филиалдарында жүргізіледі.
«2006 жылғы банкноттарды кезең-кезеңімен ауыстыру және алу 2016 жылдың қарашасында басталды. Ағымдағы жылдың 3 қазанында аталған банкноттардың айналыс мерзімі аяқталғаннан кейін Ұлттық банктің филиалдары оларды қабылдауды және қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастауды тоқтатады. Осы күнге дейін банкноттарды еліміздің 17 қаласында орналасқан ҚР ҰБ барлық аумақтық филиалдарында айырбастауға болады», - деп атап өтті Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналымы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов.

Источник: ҚазТАГ

Читайте также