26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

2014 жылы «ҚазАгро» субсидиялауға жататын 9 мыңға жуық келісім шарт мақұлданды

6 января 2015 Просмотры: 1 015

«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі техника лизингі мен несие шарттарының сыйақы мөлшерін субсидиялау бағдарламасының қорытындыларын жариялады.

Жалпы 2014 жылы бағдарламаның операторы – «Қазагромаркетинг» АҚ-на аграрлық нарықтың 4000 мыңға жуық қатысушыларынан субсидиялауға 9 402 кредиттік/лизингттік келісім шарттар бойынша өтініштер келіп түскен екен. Осы келісім шарттар бойынша қарыздың қалған көлемі 160 млрд. теңгені құрайды. Өтініштер 23 қаржы институты тарапынан ұсынылған.

Осылайша өткен жылы субсидиялауға жататын жалпы сомасы 6,3 млрд. теңгені құрайтын 9 092 келісім шарт мақұлданды. Мақұлданған келісім шарттардың әрекет ету мерзімінің аяқталуына дейін субсидиялаудың көлемі 25,8 млрд. теңгені құрайды.

Түскен өтініштердің негізгі бөлігін, яғни 78%-ын лизингтік келісім шарттар құраса, 22%-ын кредиттік келісім шарттар құрады.