26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

2015-2019 жылдары Казақстанда 1,4 млн шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй салынады

7 сәуір 2015 Қаралым: 1 168

Бұл туралы Астанада болған брифингінте ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Марат Құсайынов айтты, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

«Ұлттық қор қаражаты есебінен 2015-2016 жылдары тұрғын үй нысандарын салуға және сатып алуға қаржыландырудың жалпы көлемі 150 млрд. теңгені құрайды», — деді М. Құсайынов.

Оның сөзінше, жалпы «ҚИК» ИҰ» АҚ желісі бойынша кейіннен жалға беру үшін тұрғын үй нысандарын салуды және сатып алуды барлық көздерден қаржыландыру 250 млрд. теңгені құрайды. Нәтижесінде 2015-2019 жылдары 1,4 млн шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй салынады.