2015 ж шетел азаматтарына ҚР жұмыс істеуге 32 мыңнан астам рұқсат берілген
08 Февраля 2016
1359
Жұмыс,
Рұқсат,
ШетелАзаматтары,
Қазақстан
Алматы. 8 ақпан. Ақпараттар орталығы. 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тартуға 32 363 рұқсатнама берілді, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
Хабарда айтылғандай, олардың ішінде 1987-сі бірінші санат, яғни жетекшілер мен олардың орынбасарлары, 5958 – екінші санат, яғни құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері бойынша берілген.
Мамандар санаты бойынша – 13 968 адам, төртінші санат — білікті жұмысшылар бойынша 10 450 адам тартылған.
Хабарда айтылғандай, қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1592 жұмыс беруші бар. Оларда 468 мыңға жуық Қазақстан азаматы еңбек етеді, яғни жалпы жұмыскерлері санының 93,3% құрайды.
«Еңбек мигранттары шығатын негізгі елдер: Қытай – 13 373 адам, Түркия — 4844, Украина – 1620, Өзбекстан — 1303, Үндістан – 1235 болып есептеледі», — делінген министрлік хабарында.
Сонымен бірге, 2015 жылы ШЖК тартатын жұмыс берушілер қазақстандықтар үшін 25 447 жұмыс орнын ашып, 5428 азамат кәсіби даярлықтан және қайта даярлаудан өтті, 12 639 жергілікті жұмысшы біліктілігін арттырды. 55 шетел мамандары қазақстандық кадрлармен алмастырылды.
Ведомствода еске салғандай, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Үкіметі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілеп отырады.
2016 жылы республиканың экономикалық белсенді тұрғындарына шаққанда (63,1 мың адамға жуық) ШЖК тарту квотасы 0,7% мөлшерінде белгіленді.
Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.
ru В Казахстане запускается система маркирования древесины
ru Утверждена региональная квота приема кандасов и переселенцев на 2026 год
ru На площади Абая пройдет двухдневный праздничный концерт «Кел, жаңа жыл!»
ru Гололед на дорогах: МВД обратилось к казахстанцам
ru В Алматинской области закуплено 490 единиц сельхозтехники
ru В Караганде ищут идеи для роботов-спасателей
ru Чем в Казахстане заменяют соль на дорогах
ru На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в
ru В Алматы стартует проект беспилотной доставки
ru В Астане стартует проект беспилотного такси
ru Более 700 астанчан приняли участие в новогоднем забеге
ru Президент утвердил концепцию развития АНК до 2030 года
ru На что тратят бюджетные деньги в Карагандинской области
ru Карагандинский стартап 4SELL.ai намерен покорить рынки ОАЭ и США
ru Более 1 370 проверок провели социнспекторы с начала года
ru Сенат одобрил поправки об усилении правовой защиты медицинских работников
ru АФМ выявлена схема хищения имущества АО «Qarmet» на 1,8 млрд
ru В Алматы установлены тактильные модели ключевых туристических объектов
ru В Астане с начала зимнего периода вывезено более 1 млн
ru Полиция выявила кражу ели в Акмолинской области
ru Глава государства ознакомился с деятельностью фармацевтических предприятий Жамбылской области
ru Пресечена схема незаконного завладения квартирами общей стоимостью в 2,3 млрд
ru Более 14,8 тыс. этнических казахов получили статус кандаса с начала
ru В этом году в Казахстане появились три новые СЭЗ
ru В Министерстве культуры и информации обсудили итоги работы с обращениями
ru Валовый выпуск продукции сельского хозяйства увеличился на 6,1%
ru Экспортный потенциал и новые рынки: Казахстан увеличил поставки зерна за
ru Корректировка Генплана Алматы учитывает развитие агломерации
ru Токаев поддержал идею двухуровневой дороге по пр.Кабанбай батыра в Астане
ru Состоялся телефонный разговор Главы государства с Президентом Азербайджана

+77772555856
Написать нам




