26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

2015 жылдың қаңтары мен ақпанында Қазақстан мен ЕАЭО елдері арасындағы тауар айналымы 2,2 млрд. долларды құрады

13 сәуір 2015 Қаралым: 918

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметі бойынша үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлайды.

«2015 жылғы қаңтар-ақпандағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы – 2 262,4 млн. долларды құрады», — делінген хабарламада.

Қазақстаннан 539 млн. доллар сомаға тауар экспортталып, 1,7 млрд. астам долларға тауар импортталған.

Министрліктің мәліметінше, Қазақстаннан әсіресе минералды өнімдер, металдар және олардан жасалған бұйымдар, химиялық өнеркәсіп өнімдері, мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары экспортталған.

ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде машиналар және жабдықтар, минералды өнімдері, металдар және олардан жасалған бұйымдар, химиялық өнеркәсіп өнімдері, мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары әкелінген.