26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

2015 жылы қызметкерлердің есепшоттарына 31 млрд. теңгеден астам кәсіптік зейнетақы жарналары түсті

31 қаңтар 2016 Қаралым: 1 526

Алматы. 1 ақпан. Ақпараттар орталығы. 2015 жылы 5 мыңнан астам жұмыс беруші 372 889 қызметшіге 31,1 млрд.теңге міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік бағдарламалар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Хабарда айтылғандай, 2013 жылғы 31 желтоқсандағы Үкіметтің Қаулысымен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебінен зиянды (ерекше зиянды) жұмыс жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер кәсіптерінің тізбесі бекітілді.
«2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушілердің есебінен зиянды (ерекше зиянды) жұмыс жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары енгізілді», — делінген хабарда.