26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

2015 жылы студенттерді әлеуметтік жағынан қолдау күшейтіледі

12 февраля 2015 Просмотры: 864

ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтың хабарлауынша, жоғары білім беру саласының негізгі мақсаты студенттерді әлеуметтік жағынан қолдауға, еңбек нарығымен байланыста болуға және жоғарғы оқу орындарын (ЖОО) басқару жүйесін дамытуға бағытталады.

Оның айтуынша, қазір мемлекеттік гранттар бөлудің жаңа моделін әзірлеу жоспарланған. Ол студенттердің білім деңгейін ғана емес, олардың әлеуметтік мәртебесін де ескереді.

2015 жылы Индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының басымдықтарына сәйкес техникалық мамандықтарға мемлекеттік тапсырыс артқан. Бакалавриатта 12 600, магистратурада -2 237, докторантурада -200 грантты құраған.

Министрліктің мәліметінше, республикада 127 ЖОО бар, олардың ішінде 9 ұлттық, 31 мемлекеттік, бір халықаралық, 16 акционерлік, 56 жеке меншік, 13 азаматтық емес және Назарбаев Университет жұмыс жасайды.