26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

2016 жылдың 9 айында Қазақстанның ЖІӨ өсімі 0,4% құрады – Ұлттық банк

21 қазан 2016 Қаралым: 3 374 Экономика
2016 жылдың 9 айында Қазақстанның ЖІӨ өсімі 0,4% құрады – Ұлттық банк

Алматы. 21 қазан. Ақпараттар орталығы.  Жаһандық экономиканың барынша бәсеңдеуіне және мұнайдың әлемдік бағасының тұсуіне қарамастан, Қазақстан ЖІӨ өсімін қолайлы аймақта ұстады, деп санайды ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

 

«2015 жылы өсім 1,2% құрады. Алдын-ала болжам бойынша 2016 жылдың 9 айында  – 0,4%», – деді Д. Ақышев Өскемендегі «Алтай Invest-2016» Халықаралық инвестициялық форумында.   

 

Оның айтуынша, өсім экономикалық саясат шаралары мен құрылымдық реформа есебінен қамтамасыз етіліп келеді. Бұл - индустрияландыру бағдарламасы, Ұлт жоспары – 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам және «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты.  

 

«ТМД елдері арасында Қазақстан либералды валюталық режимі бар, капиталдың жылжу еркіндігіне ешқандай шектеу қойылмаған және коммерциялық қызмет жүргізуге ешқандай кедергі келтірмейтін, инвесторлар үшін ең тартымды ел болып табылады», – деп атап өтті ҚР ҰБ басшысы.  

Тағы оқыңыз